Ббк 84 Қаз 7-44 б 78 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет26/31
Дата10.10.2019
өлшемі1,85 Mb.
#49622
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Oralkhan B 1257 key 2 tom
Қазақ Т2 Үлестірме материал, Қазақ Т2 Үлестірме материал, Oralkhan B 1257 key 2 tom, Oralkhan B 1257 key 2 tom
жарып, Күркіреме мен Жаманашының беткейі жайқалып тұр. 
Қарасаң  көз  қуантады,  көңіл  сергітеді.  Сергелдеңге  түскен 
ел үшін бұл да болса үлкен мерей, жүдеген жанға медет еді. 
Жарықтық табиғат екеш табиғат та бейкүнә де бейбіт халыққа 
көмектескендей  мейірімін  аяған  жоқ.  Біз  де  қу  жанымызды 
аяладық па, таңды таңға ұрып қимылдадық.
Тамақтың ортасында жүр деген аты болмаса, ұн илеп, пісіру 
де  азабы  көп  жұмыс  екен.  Таңғы  тауық  шақыра  сүйретіліп 
орнымнан  тұрамын.  Жалғыз  сиырды  қақтап  сауамын  да, 
бұзауына  қалдырмай  сығып  алған  сүтті  пісіремін.  Содан  соң 
құстай ұшып наубайханаға асығамын. Кеше түнде жасап кеткен 
ашытқы  көтеріліп,  ағаш  күбіден  аузы-мұрнынан  шыға  тасып 
тұрады.  Білекті  түріп  жіберіп  қамыр  басамын,  илеуі  әбден 
қанған соң, қалыпқа салып, жалындаған пештің шаласын алып, 
шоғын азайтып қамырды салып, көмейіне жүгіртемін. ақ тер, 
қара терім шыға сүмек болып терлеген қалпым жалынға шыдай 
алмай сыртқа атып шығар едім де, бетімді суық суға жуар едім. 
Шырмауық ашытып, ертең пісірер нанның қорын әзірлеймін. 
міне,  осылайша  жанталасып  жүріп  күніне  бір  центнер  нан 
пісіремін. Пештен шығаратын нанның салмағы – 50 килограмм 
болу керек, міндет сондай. 
айы-күнім жетіп, аяғым ауырлағандықтан ба, жоқ болмаса 
әбден болдырып шаршағандықтан ба, білмеймін, үнемі шала 
ұйқы болып, қалжыраған мен пешке нан салып қойып, алуды 
ұмытып  ұйықтап  қалыппын.  Не  қара  басқанын  бір  тәңірім 
білер,  әйтеуір  пеш  толған  нанды  жеуге  жарамсыздай  ғып 

275
күйдіріп алдым. Колхоз бастыққа керегі осы еді, қамшы үйіріп, 
«қарабет» деп қатты ұрысты. Елу килограмдай нанды мойныма 
қойды. Әйтеуір, жұмыстан шығарып тастаған жоқ. 
Әлі  есімде  сонда  тоғытып  пісіріп,  топырлатып  жөнелтіп 
жатқан  нанның  шетінен  бір  үзіп  жеуге  жасқанушы  едім. 
Қарным ашып, көзім қарайып құлайын деп тұрсам да, дәмін 
де татпастан үйге келіп, енем қарып қойған күйік-күйік қара 
қарманы қарбыта асаймын. менің бұл ақ жүрек адалдығыма ол 
кезде, әрине, ешкім сенбеді, тіпті қазір де илана қоюы екіталай. 
Не десе де имандай шыным осы. Егер істеген ісімнен иненің 
жасуындай болса да мін тапса, зәредей болса да ұрлығымның 
үстінен  түссе  –  өзіде  шығайын  деп  тұрған  көзді  шұқып 
алғанмен бірдей еді. Бүгін бе, ертең бе босанайын деп отырған 
сәтте, үйдің іргесінен тапқан жұмысымнан айырылып қалуым 
оп-оңай.  Ендеше,  тек  жүрсең  –  тоқ  жүресің,  ақ  көңілдің  аты 
арып, тоны тозбайды деп, бекер айтпаған ғой, нанның арасында 
аштан өлсем де, сұғанақтық жасамайын деп ойладым. 
Дәу пештің жайнаған шоғын сөндіріп алған соң, шелекке 
салып қоямын да, үйге ала қайтамын. Қарағайдың кесек-кесек 
көмірі самаурынды тез қайнататын. Нанды пештен шығарып, 
бетін  жауып,  наубайхананың  құлыбын  салып,  аяңдап  үйге 
келе  жатыр  едім,  әлдекімнің:  –  Әй,  албасты,  тоқта!  –  деген 
даусы саңқ ете қалды. Қараңғыда оқыс үннен балам түсердей 
шошынып қолымдағы шелекті тастай бере «көтек» деп отыра 
кеттім.  Дүрсілдеген  жүрегімді  әрең  басып,  көзімді  ашсам  – 
алдымда Нартай тұр. аттан түсті де шелекті төңкеріп, ішіндегі 
көмірін төкті. мен аң-таңмын. 
– Не іздейсіз, аға? – дедім даусым қарлыға. 
– албасты, ұрлығыңның үстінен шықтым-ақ деп едім, бүгін 
ұрламапсың, – деді әлі сенбегендей жайрай шашылып жатқан 
көмірді қамшысымен түрткілеп.
– Неңізді ұрлап едім?
– мүләйімсуін. Сенің семьяң үлкен. Он шақты боқташақты 
не  беріп  асырап  жүрсің.  Әрине,  ұн  жымқырасың.  Көмірдің 
астына нан, тұз ұрлап салып, күнде үйіне тасиды деген арыз 
бар. Қане, қаншасын алдың, шыныңды айт. Ұрыспаймын, тек 
еңбеккүніңнен ұстап қаламын. 
– Ой, ағай-ай, кім айтып жүр ондай өсекті? алла сақтасын. 
Бала-шағамның атынан ант ішейін, бір жапырақ нан ұрласам 
құдай төбемнен ұрсын, – деп безек қаға қарғандым. 

276
 – Әй, бәрібір сенбеймін. Сен албастыдан шығады, – деп ақ 
боз атына мінді. – Ертең келесі айдың военсалығын төлеңдер. 
– Ойбай, ағатай-ау, екі-үш айға бір-ақ төлеп едік қой. 
 – Ендеше, келесі жылдан құтылыңдар, – деп, астындағы 
атын  солқылдата  кеңк-кеңк  күлді.  Содан  соң  тебініп  қалды 
да, қара жерді дүрсілдете шаба жөнелді. Тасқа шақыр-шұқыр 
тиген  тағадан  от  шығара  түннің  қап-қара  қойнына  сіңіп  жоқ 
болды.
–  Жоқ  болғыр.  Қараң  өшкір.  Ерді  бермедің  деп  ерегісіп 
жүрсің-ау.  мә-мә  мынаны  аласың!  –  деп,  соңынан  топырақ 
шашып,  қолымды  шығарып  долдандым.  Қатынның  қолынан 
одан басқа не келуші еді. «ақаным аман-есен оралсын. аяғымды 
жалатармын  айдаһар.  ақаным  аман-есен  келсін...»Үйге 
жеткенше  ботадай  боздап  жыладым.  мен  осылайша,  ешкім 
жоқ  оңашада  көз  жасымды  ата-енем,  бала-шағама  көрсетпей 
төгіп-төгіп алушы едім. Жарықтық жаңбыр жауса жер көгереді 
ғой, ал көз жасынан соң көңілің сергіп, бойың жеңілдеп қалады 
екен. Егер соғыс кезінде аққан көздің жасын бір жерге жинар 
болса,  сөз  жоқ,  айдын  шалқар  көл  болар  еді.  Иә,  біздерді 
соғыс  қартайтқан.  Біз,  әйелдер,  жұмыстан  әсте  де  шаршаған 
да  қажыған  емеспіз.  Біздерді  уайым-қайғы  шаршатқан.  Енді 
ойлаймын, әлемдегі ең қажырлы, шыдамы берік, жаны сірне тек 
қана әйелдер! Біз әрқайсымыз майданда жүрген он азаматтың 
ауыртпалығын тартып, он азаматтың жұмысын атқардық. рас, 
еркек бол деді – еркек болдық. Жесірлік пен жетімдіктің зарын 
біздей  тартқан  ешкім  жоқ.  Өзегіміз  өртеніп,  беліміз  талып 
келіп  сұп-суық  төсекке  қисая  саламыз.  Түсімізден  шошып 
оянып, «а, құдай ер-азаматты сақта, а, құдай Отанды сақта», 
деп тәңірге жалбарындық. Жауды жеңген қару ғана ма... жауды 
жеңген  мыңдаған  әйелдің  тілеуі,  мыңдаған  әйелдің  қарғысы. 
Жауды  жеңген  жауынгерлердің  қаны  ғана  ма,  жауды  жеңген 
аңыраған  ананың,  қырмызыдай  қыздардың  сорғалаған  көз 
жасы.  Соғыста  жесір  қалған  әйелдердің  көбінің  көзі  көрмей, 
жанары суалып қалғаны содан, айналайын. 
Бірді  айтып,  бірге  кете  бердім-ау.  арада  он  күн  өткенде 
ақанымнан  хат  келді.  Пешке  нан  салып  қойып,  жалынның 
жарығымен ежіктеп оқып шықтық. 
ақанның  хаты:  «...алтайдың  асуындай,  Бұқтырманың 
тасуындай,  асқар  да  мөлдір  сәлем  жолдаушы  ақаның. 
Жалғанда сенен ардақты, сенен асыл кім бар маған. Сондықтан 

277
да  алғашқы  сұрарым  өзіңнің  денсаулығың.  Қара  нардай 
қасқайып, алысқанмен алысып, айтысқанмен айтысып жүрген 
шығарсың,  жарықтығым.  атам-анам,  балалардың  дені-қарны 
сау ма, ауыл-аймақ аман ба? Не жаңалық бар? Әскердегі Бағдат 
пен ақтайлақтан хабар-ошар бар ма? Тірі ме екен өздері? Үйге 
хат  жазса  маған  адресін  салшы.  Біз  аман-саумыз.  Баяғы  жер 
қопару, топырақ тиеу, басқа өзгеріс жоқ. Жағдайымыз жаман 
емес,  тамақ  тоқ,  уайым  жоқ  деген  секілді...  мұндағы  бізді 
қойшы,  елдегі  сендер,  соғыстағы  азаматтар  аман  болсын. 
Басқа тілек бар ма. Екі ағайыным жаумен алысып жүргенде, 
көртышқанша  жер  қазып,  бас  сауғалап  жатқаныма  өкінемін 
де.  Қайтейін,тағдырдың  жазуы  солай  болған  соң.  Таңертең 
күн шыққан сайын сендерді есіме аламын, өйткені біздің ауыл 
сол – Күннің астында ғой. Кешке күн батқан сайын Бағдат пен 
ақтайлақты есіме аламын, өйткені олар күнбатыста қан кешіп 
жүр  ғой.  мені  уайымдамаңдар.  алмажан-ай,  бұл  зұлпаттың 
да ақыры болмас деймісің. Жау жеңілер, ысқырып, ән сап біз 
де  елге  қайтармыз.  ақмет  ағамнан  қалған  ерді  атқа  ерттеп, 
баяғыша байсалды ғұмыр кешер күн де келер. Жұрағаттарға, 
сұраған  жанға  үш  қайтара  сәлем  айт.  айтпақшы,  ұмытып 
барады екенмін-ау. Кеше көзім ілініп кеткен екен, түс көрдім. 
Қынымда сармойын, мүйіз сап пышақ, астымда аспанға атылған 
арғымақ уралап батысқа шауып барады екем деймін... Сенің де 
күнің жақындап қалды-ау... Шүйіншілі хабарға жорыдым. ал 
хош сау бол! Көп қиналма, көп жылама.
Сәлеммен, ақан».
–  Күмісжан-ау,  мұндай  хаттан  соң  Қап  тауын  ас  десе  де 
аспаймын ба, – деді алма кемпір жүзіне нұр жүгіріп. 
– ал мен ешкімнен хат алып көргем жоқ, – деді Күміс күліп. 
Орынбай екеуміз ауызша сөйлестік. Ол тіпті әскерге де барған 
жоқ. 
– Әскерге бару арман ба екен, – деді алма кемпір күрсініп. 
–  маған  салса жер  бетіндегі мұқым әскер атаулыны  таратып 
жіберер едім. 
Сонымен  ақанның  хаты  бойға  қуат,  жанға  жігер  берді. 
адам  қуанышты  хабар  естісе  шаршағанын  ұмытып,  лақтай 
секіріп, ойнап шыға келмей ме. Күндегідей емес, бүгін нанның 
бетін  күйік  шалмай,  сарғайып  қана  әдемі  піскен  секілді. 
Күндегідей  емес,  бүгін  үш-төрт  салымға  жететіндей  етіп, 
ұн  елеп  тастадым.  Көңілім  тасып,  мұрнымнан  ыңылдап  ән 

278
айтамын.  Тіпті,  құрсағымда  нәресте  жатқанын  да  ұмытып, 
қапшағай қимылдаймын. Жұмысты адамның қолы емес, көңілі 
істейтінін сонда білдім. 
маған  көмекші  болып  мағзия  деген  әйел  істеуші  еді. 
Қақ-соғы,  үзіп-жұлып  кетер  сұғанақтығы  жоқ,  біртоға  жуас. 
маңдайымнан  тер  сорғалап,  шырмауық  қайнатып  тұрған 
маған қарап: – алмажан-ай, қатты қимылдамасаңшы, ішіңдегі 
балаңды  түсіріп  аласың  ғой,  –  деп  жаны  ашитын.  Сол  кезде 
біз мықты болдық па, жоқ болмаса құрсақтағы сәбиіміз мықты 
ма,  білмеймін,  тыным  таппай  арпалысқанда  «алла,  белім» 
демеуші едік. Қазір ғой, босанғанша екі ай, босанған соң бір 
жыл шырпы басын сындырмай үйінде жатып алады. 
Күз туып, егін орағы басталған. Биылғы күздің өзі де аса 
бір жылы шыраймен келіп еді. мәңгі таусылмайтын шаруаның 
қамымен жүрген колхозшылар шөп науқанын аяқтап үлгермей-
ақ  астық  бастыруға  кірісіп  кеткен.  Соғыстағы  азаматтардың 
бірсыпырасынан қара қағаз келіп, қара жамылған әйелдердің 
саны күн өткен сайын көбейе берді. Жылай-жылай көзі қызара 
домбыққан  әйелдер  бәрібір  қаздай  тізіліп  қырманға  кетіп 
бара  жатар  еді.  Осындай  бір  қыркүйектің  мамыражай  әдемі 
шағында,  қайғы  мен  мұңнан  жер  қайысқан  күннің  бірінде 
наубайханаға Сақыш келді. Бұрынғыдай емес, жүдеген, үнемі 
қызыл  шырайланып  тұратын  беті  тотыққан.  Ұшқынданып, 
күн түскен айнадай жарқырайтын жанары шүңірейген, ұясына 
кіріп кеткен. Әлденеден көңілсіз, әлденеден шайлыққан. 
–  амансың  ба,  алма,  –  деп  босаға  тұстағы  бос  шелекті 
төңкеріп отыра кетті. – Түу, жарықтық, нанның иісін-ай!
– Өзің қалайсың. Жағдайың жақсы ма?
–  Жағдайдың  несін  сұрайсың,  өлмеген  соң  сүйретіліп 
жүрген ғой. 
Түйеше он екі ай көтеретін болғансың ба, неге босанбайсың, 
– деп езуін жымитып қалжыңдады. – Енді кешіксең, баланың 
әкесі ақан емесіне жұрт күмәндана бастайды. 
–  Сен  де  қызықсың,  Сақыш.  Уақыты  келмесе,  жұлып 
тастайын ба. Тезірек босанайын деп, қаттырақ қимылдаймын, 
болмай жүр. 
–  Дегенмен  мықты  екенсің,  –  деді  бетіме  тесіле  қарап. 
Содан  соң  көкейінде  іркіліп  тұрған  айтсам  ба,  айтпасам  ба 
дегендей сәл толқып отырды. – Бағана қырман басында қаңқу 
сөз естідім. 

279
– Е, ол қандай сөз, – деп мен әйелдік әуестікпен ентелей 
түстім. 
–  Сен  көңіліңе  алып  қалма.  Құмырайдың  үйіндегі  қара 
қатын  тамам  қыз-келіншектерді  жинап  алып,  аузын  ашып, 
көзін  жұмып  өсекті  соғып  отыр.  Оралдағы  күйеуінен  келген 
хатты  самбырлап  оқып  берді.  Жағдайлары  нашар  екен.  Ит 
қорлығын көрсететін көрінеді. Бура трудабойдан қашамын деп, 
сотталып  кете  жаздапты.  Әйтеуір,  Құмырай  араласып  жүріп 
әрең  алып  қалған  екен.  ал  ақан...  өз-өзіңе  берік  бол,  алма, 
– деп мойнымнан құшақтады. 
ақанымыз... Украинадан келген бір қызға үйленіп алыпты 
дейді... 
мен ішек-сілем қатып күлдім. Күлкім келмесе де қасақана 
сайқымазаққа  сала  сықылықтадым.  Әрине,  қанша  иланбасам 
да  жүрегім  аунап  түскендей  еді.  Жо-жоқ,  әйелдік  қызғаныш 
оты  тұтанбаған,  тіпті,  солай  болғанның  өзінде,  ризамын  ғой 
ақаныма, түймедей нәрсені түйедей етіп ел-жұртқа дабырлаған 
Құмырай мен қатынына ызам келді. 
–  Немене,  жынданып  кеттің  бе?  –  деді  көзі  бақырайған 
Сақыш. 
–  мүмкін  емес,  –  дедім  сенімді  түрде.  –  мүмкін  болған 
күннің өзінде де ақанды кінәлай алмаймын. 
– Сені қайдам, алғаш естігенде менің ішімді қара мысық 
тырнап алғандай қиналдым. 
– ағайындарға таң қаламын, Сақыш. Қан кешіп өлім мен 
өмірдің екі ортасында жүрсе де өсек айтқанын, өсекке сенгенін 
қоймайды-ау. Хат ақаннан да келген. мә, оқы, – деп омырауыма 
жасырған хатты Сақышқа ұсындым. Ол ерні жыбырлап, тез-тез 
оқып шықты да, шүберектенген жүзі жайнап қоя берді. 
– Бәсе, ақанжан осындай жігіт еді ғой. Не деген бақытты 
әйел  едің,  алма.  мұндай  жүрегіңді  елжіретер  хат  жазған 
азамат он қатын алса да айналмайсың ба. Уһ, көңілім енді ғана 
көншіді  ғой,  –  деп  орнынан  тұрды.  арманымның  жалғасын 
сен жалғашы, құрбым. – Көзіне мөлтілдеп келіп қалған жасты 
көрсетпейін дегендей, жалт бұрылып шыға жөнелді. Иә, өмірде 
осындай да әйелдер болған. Сондықтан да біз жеңдік қой. 
Иә, жауды жеңдік... Бірақ өз ішіміздегі өгей мінезді, өсек-
аяңды  жеңе  алмадық.  Бар  болса  көре  алмайтын,  жоқ  болса 
бере  алмайтын  ағайынның  азабы  мені  де  тек  қалдырған 
емес.  Қайсыбірін  айтып  тауысайын.  «ақан  орысқа  үйленіп 

280
алыпты» деген алыпқашты сөз қаншама сағымды сындырып, 
жігерімді құм қылғанымен, мен домалақ басты пендемін ғой, 
қашан  анық-қанығына  жеткенше  жүрегімнің  бір  бұрышында 
беріштене  қатып,  ауық-ауық  сыздақтатып,  жанымды  жегідей 
жейтін. «Егер рас болса ше» деген суық ой санамда итше үріп, 
саңқылдап  тұрып  алғаны.  Бұрынғыдай  емес,  ел  көзіне  көп 
көрінбей,  өз-өзімнен  тұйық  тартып,  елең-алаңнан  тұрамын, 
түн  ортасында  қайтамын.  менің  өміріме  кірген  осынау 
өзгеше өзгерісті ата-енем де сезеді білем, тағдырдың тезінен 
өткен көне көздер ғой, аяйды, аяған сайын құрақ ұшып аялай 
түседі. «Қойнына бай тоқтамайтын қаралы қатын» деген қаңқу 
сөзден енді құтылдым-ау, ұмыттым-ау деген кезде! «Е, сайдың 
тасындай  жап-жас  ақан,  кәрі  сіңірді  не  қылсын,  жас  қызға 
үйленіп дұрыс істеген», – деп айызы қанғандар табылды. Бір 
күні  жұмыстан  шаршап,  салым  суға  кете  үйге  қайтқанымда, 
алдымнан  қараң  қағып  атам  шықты.  Жарықтық,  жақсы  адам 
еді ғой, мені ойлап елегізеді білем. 
–  ата-ау,  неғып  жүрсіз  қараңғыда?  –  дедім  іштей  риза 
болып. 
– Әлгі кемпір, келін, кешікті ғой, алдынан шықшы, – деп 
түрткілеп қоймағаны.
– Күнде осы уақытта қайтып жүрмін ғой, ата. Несіне әуре 
болдыңыз. 
– Білем, келінжан... білемін. Саған қиын тиіп жүр. Жұмысың 
ауыр.  Қазақтың  ең  тыныш  отырғаны  бір  кебісті  бір  кебіске 
тығып отырады, ел не демейді, сенбе... ақан ақылсыз жігіт емес. 
рас болған күннің өзінде де бұл шаңырақтың табалдырығын 
аттатпаймыз.Бізге сен керексің, жарығым. Қартайған шағымда 
қасіретіңді көрмесем деп едім. 
–  рақмет,  ата.  Өсектен  өртенер  болсам,  ендігі  күлім  де 
қалмас еді. маған керегі азаматтың амандығы. 
атамның сөзі дем берді, отыра қалып ақанға хат жаздым. 
Бірақ, «Сен туралы осындай өсек бар, рас па?» – деп сұраған 
жоқпын. 
Ертеңінде  ақтайлақтан  қаралы  қағаз  келді.  ауылдық 
сәбеттің  хатшысы  көшеде  ойнап  жүрген  бір  балаға  апарып 
бер деген екен, ол қағазда не жазылғанын оқымастан апамның 
қолына  ұстата  салған...  ал  енем  болса  үлкен  қызымыз 
Шолпанды шақырып: 
– Оқышы, мынада не жазылған екен, – дейді. Қаралы қағаз 

281
екенін білген Шолпан ботадай боздап, еңіреп қоя береді. Содан 
не  керек,  у  да  шу.  айман  деген  екінші  қызым  наубайханада 
жүрген  маған  келді:  –  ақтайлақ  ағам  өліп  қалыпты,  –  деді 
ентіге дем алып. – апамдар жылап жатыр.
ақтайлақ ақаннан екі жас үлкендігі болса да, үйленбеген, 
соғыс басталысымен-ақ алғашқылардың бірі болып майданға 
аттанған, орта бойлы, ат жақты жігіт еді. мен бұл шаңырақтың 
табалдырығын аттаған күннен бастап, ылғи да жылқы бағып, 
жаз  жайлауда,  қыс  тебінде  жүрді  де,  анда-санда  кір-қоңын 
жудыруға  ауылға  түскенде  ғана  көретінмін.  Тіпті,  екеуміз 
бір-біріміздің бетімізге анықтап қарап тілдескен жан емеспіз. 
алғаш ахмет өлгенде мені оған емес, ақанға қаратқанына ел-
жұрт таң қалатын. ал кезек ақтайлақтыкі еді ғой... Енді міне, 
түтінін  де  түтете  алмай  шейіт  болды;  бір  кіндік  кесілді,бір 
ұрпақ үзілді. атам ауыл ақсақалдарына шай беріп, сыртынан 
жаназасын шығарды да, кісі бойындай ағашты арулап көмді.
Үйімізге келген алғашқы қайғыны ақанға жазған жоқпын, 
жүрегін  жаралағым  келмеді.  мені  қайран  қалдырған,  ауыл 
сәбеттің  хатшысы  маржанның  қылығы  еді.  алыстағы 
азаматтың  қазасын  естірту  рәсімін  сақтамай,  қаралы  қағазды 
ойын баласынан бере салғаны жаныма батты. Бұл қысастықты 
тағы  да  Нартайдан  көрдім,  өйткені  кеңес  болып  жүрген 
маржан  колхоз  бастықтың  келіні  еді.  «мұның  не,  маржан, 
аруақтан  ұялсаң  етті»,  –  дегенімде:  «Көдедей  көп  еркектің 
бірі  өлді  деп,  жоқтау  айтайық  па.  Әлі  үш  қайның  бар.  ақан 
өлсе де байсыз қалмайсың», – дегені. Шашынан ала түспекке 
оқталдым да, ақылға жеңдірдім. Қол көтерсем болды, сыныққа 
сылтау іздеп жүрген Нартайдың тұқымы айдатып жіберуі сөзсіз 
еді.  Шыдадым,  амал  жоқ,  шыдадым...  Енді  ойлаймын,  егер 
сабырдың түбі сары алтын деген сөз рас болса, онда мен бүгінде 
алтыннан  сарай  орнатар  едім.  Олай  емес  екен...  Ұрғызып-
ұрғызып  саймен  жүргенше,  ұрып-ұрып  қырмен  жүргенге  не 
жетсін. Осы оқиғадан кейін не болса да «жауыммен» алысып 
өлуге бел байладым. 
Ел-жұртқа шай беріп, қазаның қамымен бір күн жұмысқа 
шықпай  қалып  едім,  ертеңінде  кеңсеге  шақырды.  Басқарма 
мүшелерінің төрт көзі түгелдей жиналған. Барлығы өрт сөндіріп 
келгендей  түнеріңкі  «тағы  не  естіртеді»  дегендей  зәрем  ұша 
босағада тұрып қалдым. Нартайдың алдында қақ бөлінген нан 
жатыр. 

282
– мыналарың не? – деді нанның арасынан шоқпыт суырып. 
–  Ұнның  ішіне  шүберек  салып  илеп,  пісіргендегі  мақсатың 
не?  Нанның  салмағы  ауырласын  дегенің  бе,  жоқ  болмаса 
колхозшылар  қақалып  өлсін  дегенің  бе?  Бұл  –  қастандық. 
Жауапқа тартыласың! 
–  мен  қайдан  білейін.  Кеше  жұмысқа  шыға  алмап  едім. 
мағзияның көзі нашар көреді, байқамай... 
–  Қастандық!  –деп  столды  салып  қалды.  айналада 
қоғамдаса отырған басқарма мүшелерінің бір-екеуі бастықтың 
сөзін қостап «қастандық» десіп қоқаңдады. Тек Жақияр ақсақал 
ғана «байқамаған шығар» – деп еді, шәйі орамалын шекелей 
тартып, сылдырап отырған Бәтіш: – Бұл талақты тайраңдатып 
қоя  берсе,  ертең  біреуімізді  өлтіреді.  Былтыр  Жаманашының 
бауырында Сақышты буындырып жатқанында әрең арашалап 
қалғанмын, – деді шімірікпей. 
–  Қандай  жаза  қолданамыз?  –  деді  Нартай  жан-жағына 
қарап.
–  Наубайханадан  шығарып,  табанын  тіліп  қырманға 
салу  керек,  –  деді  есепші  Қажы.  Ол  Нартайдың  немере  інісі 
еді.  Құлағының  мүкісі  бар  деп  әскерге  жарамай  қалған.  ал 
қазір  шыбынның  ызыңына  дейін  естіп  отырғанына  ешкім  де 
таңданған  жоқ.  Соғыс  кезінде  ондай-ондайлар  бола  береді 
ғой,  өйткені  барлығына  да  жау  «кінәлі».  Иә,  соғысқа  сілтей 
салатынбыз...
– мен қарсымын, – деді басқарма мүшесі Жақия ақсақал. – 
айы-күні жетіп отырған адамды ауыр жұмысқа салып қуалауға 
болмайды.  Босанғанша  наубайханада  қалғаны  жөн.  Нанның 
арасынан  шоқпыт  шықты  деп  несіне  шошынамыз.  асығып 
жүріп,  қараңғыда  байқамаған  шығар.  Баяғыда  атамыз  қымыз 
салқындасын  деп,  сабаға  бақа  салып  ішкенде  де  өлген  жоқ 
қой. 
– ақсақал, баяғыны қоя тұрыңыз. Ол – ескіліктің қалдығы. 
алдымен  шоқпыт  мәселесін  шешіп  алайық,  –  деп  қасын 
керді Нартай. 
– Барлығын бітіріп шоқпыт қана қалса... шешсек шешелік. 
Екіұдай  болып  дауласа-дауласа,  әйтеуір  мені  бойым 
жеңілдегенше наубайханада қалдыра тұруға тиянақтады. 
Дегенмен  тұзым  жеңілдеу  әйел  едім.  Ойламаған  жерден 
бір  пәлеге  ұшыраймын  да  жүремін.  азап  пен  Қайғы  менің 
басымнан сәуірдің бұлтындай төңіректеп, тарқамай-ақ қойды. 

283
Осы жасыма дейін ақанмен өткен оншақты жылым болмаса, 
жазғытұрымдай жаудыраған шаттыққа толы шақтар тым аз, тіпті 
жоқ  екен-ау.  Қағанағымнан  қарқ  болып  тумасам  да,  тәңірдің 
маған арнаған тарысы бар емес пе еді. «Құдайдың бөліп берері 
жоқ, біреуден біреуге алып береді», – деп отырар атамның сөзі 
рас деп ойладым. Егер сол құдайың бар болса, бөліп те бермесін, 
алып та бермесін, дорбаға әкеліп салып та бермесін білсем де, 
еті  тірілігімнің  арқасында  тірнектеп  жинаған  кішкентай  ғана 
ырзығымнан айыра көрмесе екен деп тәңірге жалбарынамын. 
Бұл  жалғанда  ешкімді  ешкім  жарылқап  тастамас,  қоң  етіп 
кесіп беретін асыл қасиеттің де тым аздығын білем, сондықтан 
да ешкімге телміріп, тілемсек ғұмыр кешкенім жоқ, ешкімнен 
де басы артық дәулет дәметкен емеспін. Ендеше, бір-бірімізге 
жамандық  ойламай,  бір-бірімізді  сыртымыздан  өсек  айтып, 
аяқтан шалмай, кедергі жасап, кеңірдекке жармаспай жарқын 
да жарасымды өмір сүргеннен артық бақыт бар ма.
Қыркүйек  аяқталып,  күздің  қарбалас  сәттері  бәсеңси 
бастаған.  ауыл  адамдары  бақшадағы  жемістерін  жинап, 
қораларына  шөбін  тасып,  алтайдың  алты  ай  бойына  сұлап 
жатып  алар  ұятсыз  қысына  әзірленіп  жатыр.  Колхозшылар 
биылғы  күздің  берекелі,  жомарттығына  риза,  жақсылықтың 
нышанын  сезгендей  сеніммен  қимылдайды.  майдандағы 
жағдай  оңала  бастапты,  ентелеп  келген  жаудың  беті  қайтып, 
тұмсығы  тасқа  тиіпті,  біздің  айбынды  әскеріміз  немістің 
әпігін  басып,  әкесін  танытыпты  деген  сықылды  жылы  хабар 
дүркін-дүркін естіледі. амал не, күн өткен сайын, қара қағаз 
да  көбейіп,  ауылдан  аттанған  азаматтардың  жартысынан 
айырылдық.  адам  баласы  жамандыққа  да  көндігіп,  үйренеді 
екен,  қаралы  үйге  көңіл  айтып  шыққанымыз  болмаса, 
бұрынғыдай  ағыл-тегіл  жылау,  шашымызды  жайып 
жоқтау  бәсеңсіп,  байсалды  төзімділік  жеңген.  Қазан  айы 
тынышты,  жауын-шашынсыз  өтерін  сездіргендей  жарық- 
тық ай да орақтанып қырынан әдемі туды. 
  Осындай  қоңыр  күздің  маужыраған,  аспанда  шүйкедей 
бұлт  жоқ,  шайдай  ашық  жылы  күнінде  мені  толғақ  қысты. 
Нан  пештің  лаулап  жанған  жалынымен  алысып,  әдеттегідей, 
қарбалас жұмыс үстінде едім. Күнімнің тым жақын қалғанын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет