Ббк 85. 118. 7 C-85 Рецензенттер



бет4/8
Дата17.02.2017
өлшемі2,11 Mb.
#9548
1   2   3   4   5   6   7   8
Сурет 2 - Төменгі күту кесулері: 1 – күтуге дейін кесулер, 2 – күтуден кейінгі кесулер

Сурет 3 - Жоғарғы күту кесулері әдісі: 1 –дейін, 2 – күту кесулерінен кейін, Л – жақсы ағаштар, П – пайдалы ағаштар,Р – кесуге жататын ағаштар


Басқа классификация бойынша, күту кесудің 3 тәсілін бөліп көрсетеді: Согласно другой классификации, различают три способа рубок ухода:

1) Селекциялық тәсіл. Орманды күту кесулерінде төменгі, жоғарғы және кешенді кесу принциптері орманның вертикаль профилін және іріктемелі немесе селециялық кесу тәсілдерін айқындай түседі. Ағаштарды кесуге іріктеу жұмыстары кезінде әр бір ағаш данасына аса көп назар аударылуы қажет, өйткені осыны қадағалау арқылы қол еңбегінің, дайындық жұмыстары және әсіресе орман кесу жұмыстарының ақшалай шығындарын төмендетеді. Сондықтан, еңбек шығындарын, әсіресе, машина және механизмдердің шығындарын азайту үшін практикаға сызықтық және жолақтық кесулер енгізіледі.

2) Сызықтық кесулер. Оны көбінесе жас өскіндермен жас екпелерден пайда болған жасанды жас ағаш бітімдерінде жүргізіледі. Бұл тәсілде анықталған бір қатар толығымен кесіледі, ал қалған қатарларда көбінесе кесу жүргізілмейді. Мұндай территориялық кесу принципі тауарлық сүрек алуға мүмкіндік береді. Практикада ағаштарды құлатып, тасымалдау кезінде кез келген машиналар мен механизмдерді қолдануға болады, бұған қарағанда кесу жұмыстарын және технологиясын құрған жөн, себебі ол өсіп тұрған ағаштарды аз зақымдайды. Сызықтық кесу жұмыстары біраз тұрғыдан ақталады, әсіресе, орман шаруашылық тұрғыдан, өйткені ол көршілес қатарлары кесілген және арнайы өсіруге қалдырылған ағаштарының қоректену аумағы кеңейеді және өсуге қолайлы жағдайлар жасайды. Осыдан кейін бірнеше жылдан соң жасалатын кезекті кесу жұмысында қалған қатарлар жойылады, ол өз кезегінде басты қолданыс кесулеріне дейін өсірілетін ағаштарға қажетті жағдайлар жасайды.

Сызықтық кесулердің орман шаруашылық кемшіліктері де бар. Айтар болсақ, бұл кесулер кезінде ең жақсы ағаштарда күту жұмыстары шектеледі, яғни соның кесірінен ең басты ағаш өскіндерінің азаюы, қар көшкіні мен қар сұлатпа қауіпінің күшеюі байқалады, жіңішке өлшемді ағаштар жойылмай қалады.

3)Кешенді немесе комплексті кесулер. Бұл әдістерде жоғарғы және төменгі кесу принциптері біріктіріліп жасалады. Мұндай кесулерді екі немесе одан да көп қатарлы күрделі ағаш бітімдерінде, әсіресе, шаруашылықта құнды ағаш тұқымдастарында жүргізіліп отыруы талап етіледі. Бұл жағдайда әр бір қатарларға күту жұмысы жасалады. Мұндай ағаш бітімдеріне мысал ретінде ІІ қатарлы емен ағашынан құралған қарағайлы ормандарды алуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет