Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілерін, әскери бөлімдері мен мекемелерін заттай мүлікпен жабдықтау нормалары



бет7/31
Дата15.09.2017
өлшемі5,83 Mb.
#33621
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31

Ескертпелер:

Әскерге шақыру бойынша сарбаздар мен сержанттарға 6 жұп мақта-мата ұйық орнына 1 жылға 3 жұп жазғы шұлғау, 2 жұп жүн ұйық орнына – 1 жылға 2 жұп қысқы (жүн немесе бәйкі) шұлғау беруге рұқсат етіледі.

Әскерлерді жазғы және қысқы жабдықтау жоспарлары бойынша уақтылы қамтамасыз ету үшін орталық базалар мен қоймаларда, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың орталық базалары мен қоймалары жоқ әскери бөлімдерінің қоймаларында жылдық қажеттіліктен 50 пайыз мөлшерінде заттай мүліктің ауыспалы қорын ұстау қажет.

Әскери бөлімдер мен мекемелерде шақтап және үйлестіріп пішу үшін осы заттарға жылдық (біржолғы) қажеттіліктен 10 пайыз мөлшерінде киім-кешек пен аяқ киім дайын заттарының азаймайтын қорын ұстау қажет.

1. Аэроұтқыр әскерлерінде, теңіз жаяу әскері бөлімдерінде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда бүркеніш түсті фуражка орнына белгіленген түсті берет беріледі. Республикалық ұланда белгіленген түсті берет қызмет мерзіміне саны 2 данадан беріледі.

2. Аэроұтқыр әскерлерінде, арнайы мақсаттағы бөлімдерде бүркеніш түсті жазғы және астары жылы күртеше мен шалбар орнына – бүркеніш түсті десанттық жазғы және десанттық астары жылы күртеше мен шалбар беріледі. Теңіз жаяу әскерлері бөлімдерінде бүркеніш түсті жазғы және астары жылы күртешелер мен шалбарлар орнына – қара түсті жазғы және астары жылы күртеше мен шалбар беріледі.

3. Аэроұтқыр әскерлерінде, теңіз жаяу әскерлері бөлімдерінде бүркеніш түсті далалық жазғы және далалық астары жылы күртеше мен шалбар орнына – бүркеніш түсті десанттық жазғы және десанттық астары жылы күртеше мен шалбар беріледі.

Бүркеніш түсті далалық фуражка барлық әскери қызметшілерге беріледі. Климаты ыстық аудандарда бүркеніш түсті далалық фуражка орнына бүркеніш түсті панама беруге рұқсат етіледі.

4. Қорғаныш түсті (жұмысқа арналған) далалық фуражка, қорғаныш түсті (жұмысқа арналған) күртеше мен шалбар, қорғаныш түсті (жұмысқа арналған) астары жылы күртеше мен шалбар арнайы киіммен жабдықтау нормалары бойынша жұмысқа арналған костюм алмайтын сарбаздар мен сержанттарға мүкәммалдық мүлік ретінде уақытша пайдалануға беріледі.

5. Плащ-шатыр, сержанттық далалық сөмке, жез тоғасы бар ақ түсті белдік белбеу және далалық жабдық (иық бау) мүкәммалдық мүлік ретінде уақытша пайдалануға беріледі. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде, Республикалық ұланда плащ-шатыр орнына қызмет мерзіміне резеңкеленген плащ беруге рұқсат етіледі.

6. Қара түсті ұзын қонышты былғары бәтеңке 2 жұп беріледі, олардың ішінде бір жұп салтанатты киім нысаны үшін беріледі.

7. Аэроұтқыр әскерлерінде, теңіз жаяу әскерлері бөлімдерінде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда іш киім орнына – белгіленген түсті тельняшка мен іштен киетін кальсон, жылы киім орнына – жылы тельняшка мен жылы кальсон, футболка орнына – жеңсіз тельняшка беруге рұқсат етіледі.

8. Әскерлер парадына қатысатын әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілерге күміс түстес аксельбант және ақ түсті қолғап, ақ түсті іші жылы қолғап мүкәммалдық мүлік ретінде уақытша пайдалануға беріледі. Республикалық ұланда алтын түстес аксельбант беріледі.

9. Мақта-мата (монша) сүлгі орнына түкті сүлгі беруге рұқсат етіледі.

10. Далалық белбеу орнына қоңыр түсті жез тоғасы бар белдік белбеу беруге рұқсат етіледі.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына әскери жиындарға шақырылған запастағы офицерлерді, сержанттар мен сарбаздарды, жоғары оқу орындарының студенттерін заттай мүлікпен (мүкәммалдық мүлік) жабдықтаудың

№ 7 нормасы*




Р/с




Заттар атауы

Бір адамға заттар саны

Осы затты берген кезде қолданылатын ескертпе №




1. Киім-кешек







1

Бүркеніш түсті фуражка

1 дана

3

2

Қара жусан түстес теріден тігілген құлақшын

1 дана

1, 3

3

Жүн малақайы бар бүркеніш түсті далалық астары жылы күртеше мен тік пішілген шалбар

1 жиынт.

1, 3

4

Бүркеніш түсті далалық күртеше мен тік пішілген шалбар

1 жиынт.

3

5

Плащ-шатыр

1 дана

-




2. Аяқ киім







6

Қара түсті ұзын қонышты былғары бітеңке

1 жұп

3




3. Киім және жылы заттар







7

Іш киім

2 жиынт.

2, 3

8

Мақта-мата сүлгі

2 дана

-

9

Мақта-мата ұйық

2 жұп

3

10

Жылы киім

1 жиынт.

1, 3

11

Жүн ұйық

2 жұп

1, 3

12

Қара түсті іші жылы қолғап

1 жұп

1, 3




4. Амуниция







13

Далалық белбеу

1 дана

-

14

Шалбар белбеуі

1 дана

-

15

Далалық сөмке

1 дана

-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет