Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілерін, әскери бөлімдері мен мекемелерін заттай мүлікпен жабдықтау нормалары



бет5/31
Дата15.09.2017
өлшемі5,83 Mb.
#33621
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің офицерлері мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілеріне астарсыз былғары қолғап, іші теріден тігілген былғары қолғап бір жұптан 2 жылға беріледі. Астары теріден тігілген былғары қолғап барлық климаттық аудандарда шекаралық бақылау бөлімдерінің бөлімдері мен бөлімшелерінің әскери қызметшілеріне, жеке бақылау-өткізу пункттерінің, бақылау-өткізу пункттерінің әскери қызметшілеріне, сондай-ақ климаты суық аудандарда қызмет өткеретін офицерлерге, келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге беріледі. Астары іші теріден тігілген былғары қолғап алатын әскери қызметшілерге іші жылы қолғап берілмейді. Астарсыз былғары қолғап шекаралық бақылау жасақтарының, жеке бақылау-өткізу пункттерінің, бақылау-өткізу пункттерінің аға бақылаушыларына, бақылаушыларына, кіші бақылаушыларына беріледі.

Шекаралық бақылау бөлімдерінің бөлімдері мен бөлімшелерінің әскери қызметшілеріне, жеке бақылау-өткізу пункттерінің, бақылау-өткізу пункттерінің әскери қызметшілеріне белгіленген түсті жейде және қысқа жеңді жейде орнына ақ түсті ұзын және қысқа жеңді жейде беруге рұқсат етіледі, белгіленген түсті күнделікті китель 1 жылға, күнделікті шалбар (юбка) 3 дана 2 жылға беріледі, белгіленген түсті жейде 3 дана 1 жылға, қысқа қонышты құрым бәтеңке 3 жұп 2 жылға беріледі.

Әскери қызметші әйелдер бала күтімі бойынша демалысқа кеткен кезде заттай мүліктің заттарын беру уақытша тоқтатылады, демалыстан шыққан кезде қайта қалпына келтіріледі.

Әскери қызметші әйелдерге берілген жеке пайдаланудағы заттай мүлік оны кию мерзімі аяқталғаннан кейін олардың меншігіне өтеді.

Әскерлерді жазғы және қысқы жабдықтау жоспарлары бойынша уақтылы қамтамасыз ету үшін орталық базалар мен қоймаларда, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың орталық базалары мен қоймалары жоқ әскери бөлімдерінің қоймаларында жылдық қажеттіліктен 50 пайыз мөлшерінде заттай мүліктің ауыспалы қорын ұстау қажет.

Әскери бөлімдер мен мекемелерде шақтап және үйлестіріп пішу үшін осы заттарға жылдық (біржолғы) қажеттіліктен 10 пайыз мөлшерінде киім-кешек пен аяқ киім дайын заттарының азаймайтын қорын ұстау қажет.

1. Заттай мүліктің осы заттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әскери парадтарды, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің нұсқауы бойынша салтанатты іс-шараларды, халықаралық келіссөздерді өткізу және шетел делегацияларын қарсы алу кезінде ерекше салтанатты киім нысаны үшін сатып алынады және беріледі.

2. Полковник әскери атағы берілген кезде бұрын берілген погондары бар белгіленген түсті астары жылы пальто мен белгіленген түсті қысқы күртешені кию мерзімі аяқталғанға дейін белгіленген түсті қаракөлден тігілген алмалы-салмалы жаға беріледі.

3. Қарулы Күштердің тактикалық әскери басқару органдарының құрамаларында, бөлімдері мен мекемелерінде әскери қызмет өткеретін әскери қызметші әйелдерге, ал Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде шекара заставалары мен комендатураларының әскери қызметшілеріне погондары бар белгіленген түсті китель мен жиектер салынған балағы түсіңкі шалбар, жиектер салынған белгіленген түсті балағы түсіңкі шалбар 3 жыл мерзімге, ал погондары бар белгіленген түсті маусымдық плащ пен погондары бар белгіленген түсті алмалы-салмалы теріден (қаракөлден) тігілген жағасы бар белгіленген түсті қысқы күртеше 4 жыл мерзімге беріледі.

4. Қарулы Күштердің Аэроұтқыр әскерлерінде, арнайы мақсаттағы бөлімдерінде бүркеніш түсті далалық жазғы және далалық астары жылы күртеше мен шалбар орнына – бүркеніш түсті десанттық жазғы және десанттық астары жылы күртеше мен шалбар беріледі.

Қарулы Күштердің Аэроұтқыр әскерлерінде, арнайы мақсаттағы бөлімдерінде, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда футболка орнына – жеңді тельняшка, ал ақ түсті майка орнына – белгіленген түсті жеңсіз тельняшка беріледі.

Ұшу-техникалық киім-кешек алатын немесе арнайы киіммен жабдықтау нормалары бойынша жазғы костюм (астары теріден тігілген костюм) алатын әскери қызметшілерге бүркеніш түсті далалық фуражка және бүркеніш түсті далалық күртеше мен тік пішілген шалбар 2 жылға, жүн малақайы бар бүркеніш түсті далалық астары жылы күртеше мен тік пішілген шалбар мен қара түсті ұзын қонышты былғары бәтеңке 4 жылға беріледі.

Жауынгерлік кезекшілік атқаратын, № 35 норма бойынша арнайы киім алатын ӘШҚҚ әскерлерінің әскери қызметшілеріне бүркеніш түсті далалық фуражка және бүркеніш түсті далалық күртеше мен тік пішілген шалбар 2 жылға, жүн малақайы бар бүркеніш түсті далалық астары жылы күртеше мен тік пішілген шалбар 4 жылға беріледі.

5. Стратегиялық, жедел-стратегиялық және жергілікті әскери басқару органдарында, Қарулы Күштердің әскери және азаматтық жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында және факультеттерінде әскери қызмет өткеретін әскери қызметші әйелдерге, ал Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде орталық аппараттың және өңірлік басқармалардың әскери қызметшілеріне бүркеніш түсті далалық фуражка, бүркеніш түсті далалық күртеше мен тік пішілген шалбар 2 жылға, жүн малақайы бар бүркеніш түсті далалық астары жылы күртеше мен тік пішілген шалбар 3 жылға, ал қара түсті іші жылы ұзын қонышты былғары бәтеңке 4 жылға беріледі.

6. Қара түсті ұзын қонышты былғары бәтеңке орнына құм түстес ұзын қонышты былғары бәтеңке беріледі.



7. Республикалық ұланда ақ түсті қолғап 2 жыл мерзімге беріледі.

8. Ұшу-техникалық мүлікпен жабдықтау нормалары бойынша төрт қатпарлы карта ұстағыштар алатын әскери қызметшілерге далалық сөмке берілмейді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде әскери қызметшілер карта ұстағыштармен инженерлік-авиациялық қызмет арқылы қамтамасыз етіледі.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери оқу орындарының курсанттарын, оқу орындары әскери факультеттерінің курсанттарын (Әскери-теңіз күштері, теңіз жаяу әскерлері бөлімдері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің орта және жоғары әскери оқу орындарының курсанттарынан басқа) заттай мүлікпен жабдықтаудың

№ 5 нормасы*




Р/с




Заттар атауы

3 жыл оқу мерзімі


4 жыл оқу мерзімі


5 және 6 жыл оқу мерзімдері


Осы затты берген кезде қолданылатын ескертпе №

1 адамға заттар саны

Кию мерзімі

1 адамға заттар саны

Кию мерзімі

1 адамға заттар саны

Кию мерзімі




1. Киім-кешек






















1

Белгіленген түсті берет

1 дана

3 жыл

1 дана

2 жыл

2 дана

оқу мерзіміне

-

2

Күнқағары бар қара жусан түстес теріден тігілген құлақшын

1 дана

3 жыл

1 дана

2 жыл

2 дана

мерзіміне

-

3

Қара жусан түстес теріден тігілген жағасы және погондары бар қара жусан түстес астары жылы

1 дана

3 жыл

1 дана

2 жыл

2 дана

оқу мерзіміне

-

4

Погондары бар қара жусан түстес китель мен балағы түсіңкі шалбар

1 жиынт.

3 жыл

1 жиынт.

2 жыл

2 жиынт.

оқу мерзіміне

-

5

Бүркеніш түсті далалық фуражка

1 дана

1 жыл

1 дана

1 жыл

1 дана

1 жыл

-

6

Бүркеніш түсті далалық күртеше мен тік пішілген шалбар

1 жиынт.

6 ай

1 жиынт.

6 ай

1 жиынт.

6 ай

1

7

Жүн малақайы бар бүркеніш түсті далалық астары жылы күртеше мен тік пішілген шалбар

1 жиынт.

3 жыл

1 жиынт.

2 жыл

2 жиынт.

оқу мерзіміне

1, 2

8

Қорғаныш түсті (жұмысқа арналған) далалық фуражка

1 дана

3 жыл

1 дана

2 жыл

1 дана

оқу мерзіміне

-

9

Қорғаныш түсті (жұмысқа арналған) күртешесі мен шалбар

1 жиынт.

3 жыл

1 жиынт.

2 жыл

2 жиынт.

оқу мерзіміне

-

10

Қорғаныш түсті астары жылы (жұмысқа арналған) күртешесі мен шалбар

1 жиынт.

3 жыл

1 жиынт.

2 жыл

2 жиынт.

оқу мерзіміне

-

11

Плащ-жамылғы

1 дана

оқу мерзіміне

1 дана

оқу мерзіміне

2 дана

оқу мерзіміне

3




2. Аяқ киім





















12

Қара түсті былғары бәтеңке

1 жұп

3 жыл

1 жұп

2 жыл

2 жұп

оқу мерзіміне

-

13

Қара түсті ұзын қонышты былғары бетеңке


1 жұп

8 ай

1 жұп

8 ай

1 жұп

8 ай

4

14

Қара түсті іші жылы ұзын қонышты былғары бетеңке

1 жұп

3 жыл

1 жұп

2 жыл

2 жұп

оқу мерзіміне

-

15

Спорттық туфли

2 жұп

3 жыл

1 жұп

2 жыл

2 жұп

оқу мерзіміне

-

16

Казармалық тапочка

1 жұп

1 жыл

1 жұп

1 жыл

1 жұп

1 жыл

-




3. Киім






















17

Погондары бар ақ түсті жейде

1 дана

оқу мерзіміне

1 дана

оқу мерзіміне

1 дана

оқу мерзіміне

5

18

Погондары бар ашық жусан түстес жейде

3 дана

3 жыл

2 дана

2 жыл

5 дана

оқу мерзіміне

-

19

Қара жусан түстес галстук

3 дана

3 жыл

2 дана

2 жыл

5 дана

оқу мерзіміне

-

20

Қара жусан түстес кашне

1 дана

оқу мерзіміне

1 дана

оқу мерзіміне

1 дана

оқу мерзіміне

-

21

Ақ түсті кашне

1 дана

оқу мерзіміне

1 дана

оқу мерзіміне

1 дана

оқу мерзіміне

5

22

Іш киім

2 жиынт.

1 жыл

2 жиынт.

1 жыл

2 жиынт.

1 жыл

1

23

Бір түсті футболка

2 дана

1 жыл

2 дана

1 жыл

2 дана

1 жыл

1

24

Мақта-мата трусы

2 дана

1 жыл

2 дана

1 жыл

2 дана

1 жыл

-

25

Мақта-мата сүлгі

3 дана

1 жыл

3 дана

1 жыл

3 дана

1 жыл

6

26

Мақта-мата монша сүлгісі

1 дана

1 жыл

1 дана

1 жыл

1 дана

1 жыл

6

27

Қол орамал

4 дана

1 жыл

4 дана

1 жыл

4 дана

1 жыл

-

28

Мақта-мата жаға астары

24 дана

1 жыл

24 дана

1 жыл

24 дана

1 жыл

-

29

Мақта-мата ұйық

24 жұп

1 жыл

24 жұп

1 жыл

24 жұп

1 жыл

7

30

Спорттық костюм

1 жиынт.

3 жыл

1 жиынт.

2 жыл

2 жиынт.

оқу мерзіміне

-

31

Ақ түсті қолғап

1 жұп

оқу мерзіміне

1 жұп

оқу мерзіміне

1 жұп

оқу мерзіміне

5




4. Жылы заттар






















32

Жылы киім

2 жиынт.

1 жыл

2 жиынт.

1 жыл

2 жиынт.

1 жыл

1

33

Жүн ұйық

6 жұп

1 жыл

6 жұп

1 жыл

6 жұп

1 жыл

7

34

Қара түсті іші жылы қолғап

1 жұп

3 жыл

1 жұп

2 жыл

2 жұп

оқу мерзіміне

-

35

Ақ түсті іші жылы қолғап

1 жұп

оқу мерзіміне

1 жұп

оқу мерзіміне

1 жұп

оқу мерзіміне

5




5. Амуниция






















36

Жез тоғасы бар ақ түсті белдік белбеу

1 дана

6 жыл

1 дана

6 жыл

1 дана

оқу мерзіміне

3

37

Далалық белбеу

1 дана

3 жыл

1 дана

4 жыл

2 дана

оқу мерзіміне

8

38

Далалық жабдық (иық бау)

1 жиынт.

6 жыл

1 жиынт.

6 жыл

1 жиынт.

оқу мерзіміне

3

39

Шалбар белбеуі

1 дана

3 жыл

1 дана

2 жыл

2 дана

оқу мерзіміне

-

40

Галстукке арналған қыстырма

1 дана

3 жыл

1 дана

2 жыл

2 дана

оқу мерзіміне

-

41

Далалық сөмке

1 дана

оқу мерзіміне

1 дана

оқу мерзіміне

2 дана

оқу мерзіміне

3

42

Күміс түстес аксельбант

1 дана

8 жыл

1 дана

8 жыл

1 дана

8 жыл

5


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет