Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер Наркозға арналған дәрілер Наркоз



Дата07.02.2022
өлшемі41,49 Kb.
#82497
Байланысты:
наркозға арндарилер1


Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер
Наркозға арналған дәрілер
Наркоз (грек. narcosis- мелшею, есеңгіреу)- ағзаның өмірлік маңызды қызметтері ( тыныс алу мен қан айналым жүйесі) сақтала отырып, естің жойылып, қанқа бұлшық еттерінің тонусының төмендеуімен, рефлекторлы реакциялар мен барлық сезімталдық төмендеуімен, ООЖ-де нейронаралық қозудың берілуі әлсіреуімен жүретін жағдай. Афферентті импульстердің берілуінің бұзылуы, қыртысты- қыртыс асты аралықтардың, аралық мидың, жұлынның қызметтерінің өзгеруі және т.б. Наркоз хирургиялық операцияларда қолданылады. Науқастарды наркоз жағдайына енгізу, хирургиялық операциялардан кейін наркоздан шығуы ағзаны қалпына келтіру ауруханалар мен клиникаларда арнайы анестезиология және реабилитация бөлімдерінде жүргізіледі.
Наркозға арналған дәрілердің химиялық құрылысы әртүрлі және наркоздың пайда болу механизмін түсіндіретін бірыңғай теориясы жоқ. Сондай-ақ, барлық наркозға арналған дәрілер ОЖЖ-гі қозудың нейрондарға және нейрон аралық берілуін тежейді.
Наркоздың келесі сатылары бар:
I.Анальгезия сатысы: біртіндеп ауырсыну сезімінің және естің жойылуымен сипатталады. Соның салдарынан амнезия (естің жойылуы) дамиды.

  1. Қозу сатысы: науқаста қозғалыс пен сөйлеудің қозуы, тыныс алу, мен тамыр соғуының жиілеуі, АҚ-ң жоғарылауы, көз қарашығының кеңеюі, рефлекторлы қызметтің барлық түрі күшейеді.

III. Хирургиялық наркоз сатысы:
1-і дәрежесі- беткейлі наркоз: физиологиялық процестер қалыпқа келеді, ұйқы бірқалыпты, тыныш, қасаң қабық пен жұтқыншақ- көмекей рефлекстері сақталған, көз қарашығының жарықты сезінуі мен бұлшық ет тонусы сақталған.
2-і дәрежесі- айқыннаркоз: тыныс алу, тамырдың соғуы, АҚ- бір қлыпты, көз қарашығының жарықты сезінуі әлсіз, рефлекторлы белсенділік пен бұлшық ет тонусы төмен.
3-і дәрежесі – терең наркоз: тыныс алуы- жеңіл, жиі, диафрагмальдия; көз қарашығы біртіндеп кеңейіп, жарыққа реакциясы жойылады; тахикардия дамып, АҚ төмендейді, толық бұлшық ет атониясы дамиды.
4-і дәрежесі – өте терең наркоз : барлық физиологиялық процестер шегіне жетіп, қабырға аралық бұлшық еттердің салдануына алып келіп, диафрагманың жиырылуы байқалады, АҚ төмендейді.
IV). Агональды (салдану ) сатысы: тыныс алудың толық бұзылуы, тамыр соғуының жойылуы, қан айналымның тоқтауы. Тыныс алу және тамыр

қозғалтқыш орталығының салдануынан өлімге алып келеді.


Наркозға арналған дәрілер енгізілуі доғарылғаннан кейін, ағзада ояну кезеңі басталады: наркоздың барлық сатылары кері ретпен жүріп, артынша наркоздан кейінгі ұйқы басталады.
Наркоз түрлері:
Ингаляциялық наркоз: наркоз аппаратының маскасы немесе эндотрахеальды түтікше арқылы газ тәрізді немесе ұшқыш сұйық анестетиктермен демалу жолы. Ингаляциялық наркоз жеңіл басқарылады, бірақ оған сай құрал жабдықтарды талап етеді.
Мононаркоз— бір препаратпен жүргізілетін наркоз.
Аралас наркоз: наpкозға арналған дәрілердің екі немесе одан да көпқоспалары қолданылады, мысалы, фторотан мен азот тотығының қоспасы.
Қиыстырылған наркоз: ингаляциялық емес наркоз бен (базис-наркоз немесе алғашқы наркоз – қозу кезеңін болдырмау үшін) ингаляциялық наркоздың (жеңіл басқарылады) бірігуі. Аралас және қиыстырылған наркоз өте концетрациясында препараттардың бірігуінің әсерінен жалпы тиімді анестезияны қамтамасыз етеді.
Үдемелі(потенцирленген) наркоз— бір – бірінің әсерін күшейтіп және ұзартатын наркотикалық, анальгетикалық және тыныштандыратын препараттармен қолданылатын қиыстырылған наркоз.
Нейролептоанальгезия – нейролептиктермен (дроперидол және т.б.) наркотикалық анальгетиктерді (френтанил және т.б.) біріктіріп берілетін, есі сақтала отырып, жасанды жансыздандыратын жалпы анестезияның ерекше әдісі. Бұл әдіс өз еркімен, қиыстырылған анестезия және премедикация үшін қолданылады.
Науқасты наркозға дайындар алдында, психологиялық- эмоциональды кернеуін төмендету үшін, наркозға енуін жеңілдету үшін премедикация жүргізіледі: наркотикалық анальгетиктердің, антигистаминді дәрілердің, М- холиноблокаторлардың, сондай-ақ нейролептиктердің және транквилизаторлардың ішінен біреуін белгілеу қажет.
Премедикацияға қолданылатын дәрілер: бупивикаин, фентанил, атропин, сибазон.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет