Бейбітшілік көшесі, 19 үй



бет3/9
Дата07.02.2022
өлшемі1,47 Mb.
#95710
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Әбікен-Қоңыр, 6В02104 Халык аспаптары, 2038
Тәттімбет тврчествосы қазақтың музыка
тарихында ерекше орын алады, қанша уақыт
өтсе де, қанша ғасыр арта қалса да оның
әсем күйлері талай буынның рухани азығы
болады.
А.Жұбанов
Шертпе күйлердің негізін қалаған – Тәттімбет


Қазанғапұлы Тәттімбет 1815 жылы Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданына қарасты Дастар тауының етегінде туған. Тәттімбеттің домбыраға құштарлығы отбасынан басталды. Күйшінің әкесі Қазанғап орта дәулетті, ел-жұртына сыйлы, өнерге шын ықыласпен берілген адам болған. Домбырашылық өнерден әкесі Қазанғап та құралақан емес еді. Бұл үйден ән мен күй үзілмейтін. Осы өңірге белгілі Битен, Шитен деген сөзге шешен, шебер күйші, домбырашылар Қазанғап үйінің үнемі сыйлы қонақтары болатын. Зерек бала үйіне келген осы сал-серілерден домбыра шертісін, перне басысын көкейіне түйіп алуға тырысатын.
Баласының өнерге деген талпынысына анасы Ақбөпе де әсер етеді. Әрі-бері өткен өнерлі адамдарды үйіне түсіріп, сыйлы қонақ етеді. Сондағы ойы, осы өнерлі адамдардан
б аласы үлгі алса екен дегені. Сөйтіп әке-шешесі балаларының сауықшыл, көпшіл болып өсуіне, халық өнерін сіңіріп өсуіне ықпал етеді. Баласының бетінен қақпай, ағайын-туғандарды емін-еркін аралауына, той-думаннан қалмай, қалаған аулына барып тұруына ерік береді.
О сылайша Тәттімбеттің өнері ұштала бастайды.  Өсе келе халық күйлерінің әуенін бойына сіңіреді. «Ұстаздан шәкірт озар» дегендей өзі күй үйренген домбырашылардан озып, аты шыға бастайды. Осындай толғаныстар легімен бір күйден соң бір күй туындап жатады. Және біртіндеп халықтың сүйіп тыңдайтын күйлеріне айналады. Күйші шығармаларының тақырыбы сан алуан. Олардың өзегінде өмір шындығы, қоғамдық тартыс, сұлулыққа құмарлық, үміт пен арман, сағыныш жатады.
Қ арағандыда Тәттімбет атындағы музыкалық өнер колледжі бар. 1952 жылы ашылған бұл училище қазіргі уақытта Республикамызға белгілі оқу орындарының бірі. 1973 жылы училищеге күйші-композитор Тәттімбет Қазанғапұлының есімі берілді. 1988 жылы Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестікте Тәттімбет атындағы халық аспаптар оркестрі ұйымдастырылды.
табиғаты» атты кітабында Тәттімбеттің күй мұралары жайлы қызықты деректер келтіре отырып, орындаушылық ерекшеліктері туралы тұжырымды пікірлер айтады.Автор бұл кітабында Құрманғазы, Дәулеткерей,
Байжігіт, Тоқа, Сүгір сынды басқа да халық композиторларының өмір жолынан, олардың шығарған күйлеріне де талдау жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет