б астағанын көрген ол жүрегі ауырып, ел келешегіне алаңдайды. Күндердің күнінде ел еркесінің жағдайын біліп, көңілін сұрауға бір топ азамат келеді. Сол кезде ол өз халін күй арқылы толғатып айтқан екен. Күйден шыққан әуен отырған қауымның жүрегін сыздатып, сай-сүйегін сырқыратқан екен. Осылай өмірге «Көкейтесті» күйі дүниеге келген. Бұл оның соңғы күйлерінің бірі. Күйшінің «Сарыөзен», «Шайып қалды», «Қосбасар, «Сылқылдақ», «Жетім қыз», «Былқылдақ», «Сарыжайлау», «Азамат», «Бозайғыр», «Азына» т.б. күйлері қазақ мәдениетінің бір үлкен бөлшегі. Бұл күйлер өмірді терең түсінетін ойшыл, қиялшыл жанның сырлары мен сезім толғауларын аңғартады.Сондықтан да ол халық жүрегіне берік орнап, сұлулықтың, ізгі дүниенің бір мұрасы болып қалады.Тәттімбет тәтті туындыларын мұра етіп қалдыра отырып, қазақ музыкасында шертпе күй дәстүрінің негізін қалады.
Тәттімбет Қазанғапұлының өмірі мен шығармашылығына байланысты әдебиеттер:
Жұбанов А. «Ғасырлар пернесі» [Мәтін]: Қазақтың халық сазгерлерінің өмірі мен шығармашылығы туралы очерктер.-Алматы:Дайк-Пресс,2002.-203 б.
Академик Ахмет Жұбановтың «Ғасырлар пернесі» атты бұл кітабы қазақ халық сазгерлерінің өмірі мен шығармашылығына арналған очерктерден турады.
Бұл очерктерде негізінен Құрманғазының, Дәулеткерейдің, Абылдың, Тәттімбттің, Қазанғаптың шығармашылығынан соңғы деректер берілгені.
Ләмбеков, С. Тәттімбет. Хикаят.-Алматы: Өнер, 1993.-270 с Жазушы Сапаргали Ләмбековтің бұл кітабында қазақтың
дүлдүл күйші Тәттімбет Қазанғапұлының (1815-1862) өмірі мен күйшілік өнері арқау етіп алынған. Шертпе күйдің атасы Тәттімбет қазақ күйінің асыл