7 Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттiлiгі
Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды (АКТ) қолдану құзыреттілігі оқушылардың жұмыс барысында, бос уақыттарында және қарым-қатынаста технологияларды сенімді және шығармашыл түрде қолдана білуін қамтамасыз етеді.
Оқушылар ақпаратты табу, құру және онымен жұмыс істеу, мәліметтермен, ой түйіндерімен бөлісе және алмаса отырып, құрал-жабдықтар мен қосымшалардың кең ауқымын пайдалану, өз жұмысын жүзеге асыру арқылы білім беру бағдарламаларының барлық пәндері бойынша өздерінің АКТ-ны қолдану дағдыларын дамытады.
«Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқу бағдарламасында:
көркем жұмыстарын жасауда компьтерлік-сандық технологияларды қолдану;
Ғаламтордан және дерекқордан ақпараттар іздеу (сандық және ғаламтордан алынған дәйектерді маңызына қарай табу, таңдау, өңдеу );
белгілі мақсаттар және нақты аудитория үшін түрлі дереккөздерінен алынған материалдар кіретін слайд презентацияларын жасау дағдыларын дамыту;
басқа оқушылармен шығармашылық жұмыс жасау үшін ақпарат алмасу, хабарлама жіберу, ынтымақтастық құру;
белсенді оқытуға техникалық қолдау жасау үшін интерактивті тақтаны пайдалану қарастырылған.
8 Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту
Оқу бағдарламасы мақсаттарының бірі – тұлғаны әлеуметтендіру, яғни түрлі аудиториямен тиімді тіл табыса алатын азаматтарды тәрбиелеу. Осы мақсатқа жету үшін оқушылардың іскерліктерін қолдауға және бағалауға өзінің пікірін сенімді жеткізетін, ынталандыратын және қолдайтын ортаны құра отырып, қарым-қатынас дағдыларын дамыту қажет.
Өз ойын сауатты жеткізу арқылы оқыту үдерісінде оқушыларға сыныптастарымен, мұғалімдермен, көпшілік аудиториямен ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынасқа түсе білу дағдыларын, қажетті жағдайда ақпараттық құралдарды пайдалана отырып дамыту қажет.
«Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқылым тапсырма үлгілері:
бейнелеу өнері бойынша жұмыс жасау үшін шабыттандыратын дереккөз ретінде көркем әдебиет шығармалары;
ақпаратты әртүрлі баспа және онлайн дереккөздер жинағы, мысалы, суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер және т.б. өмірі мен туындылары жайлы;
Жазылым бойынша тапсырма үлгілері:
өнер туындыларын тамашалау кезінде туындайтын бірқатар ассоциативтік жазба;
суреттер мен макеттерді сипаттау;
орындалған жұмыс нәтижесін жазбаша жеткізу.
«Бейнелеу өнері» пәні бойынша айтылым және тыңдалым бойынша тапсырма үлгілері:
өнер туындыларын, музыкалық шығармаларды тамашалау барысында жеке сезімі мен туындаған ойларын талқылау;
идеяларды ұсыну, өзінің және өзгелердің жұмысын талқылау, түсініктеме беру;
шығармашылық үдеріс кезіндегі көптеген мүмкіндіктерді талқылау, өзара пікіралмасу;
халық шығармашылығынан қолөнер бұйымдарын жасау ұлттық қолөнер кәсібімен және дәстүрлермен, сонымен қатар ұлттық музыкалық шығармаларымен танысу барысында сөздік қорын байыту;
мәселенің шешімін табу және тапсырманы орындауда тыңдалым және айтылым дағдыларын бекіту.
9 Оқушылардың оқу жетістігін бағалау туралы
«Бейнелеу өнері» пәнін оқып үйренудің нәтижелерін бағалау критериалды бағалау жүйесін қолданумен жүзеге асырылады.
Критериалды бағалау – нақты анықталған, ұжымдасып жасалған критерийлермен оқушылардың оқудағы жетістіктерін салыстыруға негізделген және (оқушылар, мектеп әкімшілігі, педагогикалық қызметкерлер, ата-аналар және басқа заңды өкілдер) және оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін қалыптастыруға көмектесетін бастауыш білім беру мазмұны мен мақсаттарына сәйкес келетін бағалау үдерісі.
Критериалды бағалау білім беру, оқыту және бағалаумен тығыз байланысқа негізделген. Оның нәтижелері білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыру үшін пайдаланылады.
Бастауыш мектептегі критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалау (ҚБ) және ішкі жиынтық бағалауды (ІЖБ) қамтиды.
Қалыптастырушы бағалау - бұл оқушылардың жаңа материалды меңгеру кезеңінде тапсырманы орындау мен оқу мақсаттарына қаншалықты дұрыс жеткенін түсінуге мүмкіндік беретін және күнделікті сабақта және/немесе үйде жұмыс жасау дағдылары мен білімдерінің ағымдағы меңгеру деңгейін анықтайтын және оқу барысында мұғалім мен оқушы арасындағы жедел өзара байланысты жүзеге асыратын бағалау.
Ішкі жиынтық бағалау – оқушылардың оқу тоқсанын аяқтау бойынша оқу бағдарламасының бөлімдерін меңгерудегі дағдыларының қалыптасуы және меңгерген білімдерінің деңгейін анықтайтын бағалау. Ішкі жиынтық бағалау мектеп мұғалімдері тарапынан жүзеге асырылады.
Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес 1-сыныпта тек қалыптастырушы бағалау түрі қолданылады. Тоқсандық баға 3-4 тоқсанда қойылады. 1-сыныптың жылдық бағасы қалыптастастырушы бағалаудың қорытындысы негізінде қойылады.
2-сыныпта ішкі жиынтық бағалау енгізіледі. Тоқсандық баға 1-4 тоқсан кезінде қалыптастырушы бағалау нәтижесі бойынша қойылады. Ішкі жиынтық бағалау жыл соңында бір рет өткізіледі және жылдық баға қалыптастырушы мен ішкі жиынтық бағалаудың белгілі пайыздық үлесіне байланысты қойылады.
3-4 сыныптарда оқу үлгерімінің нәтижесі келесі түрде беріледі:
тоқсандық баға – қалыптастырушы және тоқсандық ішкі жиынтық бағалаудың нәтижелері белгілі бір пайыздық көрсеткіште енгізілген әр тоқсанның соңындағы баға.
жылдық баға – төрт тоқсандағы қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалау нәтижелері белгілі бір пайыздық көрсеткіште енгізілген оқу жылының соңындағы баға.
«Бейнелеу өнері» пәнінің мазмұны және оқу мақсаттарының жүйесі
1 «Бейнелеу өнері» пәнінің мазмұны
Пәннің мазмұны оқытудың бөлімдері бойынша ұйымдастырылады. Оқу бөлімдері күтілетін нәтижелер түрінде сыныптардағы оқыту мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Оқыту мақсаттарында әр бөлімшелердің ішінде өз жұмысын жоспарлауына және оқушылардың жетістіктерін бағалауға, сонымен қатар оқытудың келесі кезеңдерінде оларды ақпараттандыруға мұғалімдерге мүмкіндік береді.
№
|
Бөлім
|
Бөлімше
|
1
|
1.Идеяларды зерттеу және дамыту
|
1.1 Қоршаған ортаны білу және түсіну
|
1.2 Тарих, мәдениет және дәстүрлерді білу және түсіну
|
1.3 Идеяларды талқылау және бақылау
|
1.4 Идеялар мен сезімдерді көрсету
|
1.5 Материалдар және олардың қасиеттері
|
1.6 Шығармашылық идеяларды дамыту
|
1.7 Жоспарлау
|
2
|
2. Жасау және дайындау
|
2.1 Қоршаған ортаның бейнелері және өнердегі экспрессия
|
2.2 Материалдар және өнердегі жұмыс техникалары
|
2.3 Дайындау технологиялары
|
2.4 Қауіпсіздік техникасын сақтау
|
3
|
3. Презентация, анализ және бағалау
|
3.1 Презентация
|
3.2 Өнердегі тәсілдерді талдау
|
3.3 Жұмысты қорғау және талқылау
|
Бағдарламада «Оқу мақсаттары» қолдануға, мониторинг жасауға тиімді болу үшін төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 1.2.1.4. кодында «1» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «1» - оқу мақсатының реттік саны.
Достарыңызбен бөлісу: |