Бейнелеу өнері пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық Қабілетін қалыптастыру жалпы білім беретін мектеп реформасында негізгі бағыт «Аса маңызды міндет — оқушыларға көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбиені айтарлықтай жақсарту»
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ПӘНІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жалпы білім беретін мектеп реформасында негізгі бағыт « Аса маңызды міндет — оқушыларға көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбиені айтарлықтай жақсарту».Осынaу жауапты да күрделі міндетті шешуде, жас ұрпаққа көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беруде бейнелеу өнері сызу пәні мұғалімдеріне зор жауапкершілік жүктеледі. Бейнелеу өнері – оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие береді. Сызу пәні – оқушылардың қарапайым нәрселердің кескін сала білуге , сызбаны орындау, оқу оларды пайдалану арқылы есеп шешу ережелерін баяндайтын пән.
Білім жүйесінің жаңа құрылысы мен оқу әдістемелік жұмыстарының мазмұнының өзгеруі мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жаңартуды , шыңдауды талап етеді.
Дүние жүзінде оқытудың тиімді жолдары мен әдіс – тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Жаңа технология жүйесінде проблемалық және іскерлік ойын арқылы оқытудың да маңызы зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды да оның шешу жолдарын іздестіреді. Бұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Сызу пәні мұғалімінің негізгі мақсаты мен міндеті оқушыларға көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбие, әсемдік сезім мен дамыту, жоғарғы эстетикалық талғам, өнер шығармаларын, тарих пен архитектура ескерткіштерін , туған табиғаттың сұлулығы мен байлығын түсініп, бағалай білу қасиетін қалыптастыру.
Балаларға білім беру педагогикалық ғылым мен практиканың келелі мәселелерінің бірі. Оқыту барысында қарапайымнан күрделіге қарай меңгерту. Оқытудың бірізділігі, іскерлік пен дағдыларын қалыптастыру, даралап оқыту, әрекетті таңдауға мүмкіндік туғызу. Баланың отбасымен өзара қатынаста бола отырып, білім беру үрдісіне қатыстыру болып табылады.
Оқушының ізденімпаздық ойлау қабілетін дамытатын жолдарға сыныптық кезеңдер, сурет салу мен сызба жұмыстарын орындаудың бірізділік кезеңдері, оқыту саласының қажеттілігі педаго гикалық сурет, тақырып бойынша сурет салу болып табылады. Сыныптық кезеңдерде оқушының мүмкіндігі мен жас ерекшелігі үлкен рөл атқарады. Сол себепті оқыту процесінде 1-2 сыныптарда бейнелеу өнері сабағында — сурет салуға арналған құралдармен танысу, жұмыс жасау, қағаз бетіне орналастыра білу, пішімдер мен түстерді ажырата білу жұмыстарымен танысу болса, ал 3-4 сыныпта қағаз бетіне бейнелерді орналастыра білу, бояу түрлерімен жұмыс, бейнелеу өнері түрлерімен танысу, реңдік, натюрморттық бейнелер, жарық — көлеңкені анықтау жұмыстары жүргізіледі. Орта буында, яғни 5-6 сыныптарда өнер түрлері ерекшеліктерімен, перспектива кескіндеме, сызықтық перспектива сияқты күрделі сурет түрлерімен жұмыс жүргізіледі.. Сонымен бірге оқушылардың шығармаларымен таныстыру формалары, яғни оқыту процесіндегі күнделікті сабақтан тыс үйірмелер, көрмелер ұйымдастыру және мектептен тыс мұражайларға , өнер мекемелеріне саяхат түрлері оқушылардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын қалыптастыруда және бейнелеу өнерін өз деңгейінде қабылдауда маңызы зор. Осындай іс-шаралар барысында оқушының сабаққа деген ынтасы мен талабы және оқушы мен оқытушының қарым — қатынасы арта түседі.
Ал сабақ үстіндегі оқытушымен оқушы арасындағы қарым- қатынас оқушының іс — әрекетіндегі эмоциялық көңіл – күйі арқылы пайда болады. Сондықтан оқытушы оқушылардың оқу іс – әрекеттерін ұйымдастыра білу қажет.
1. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының түрлерінің әр алуандығы, оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына, танымды тапсырмаларды шешу барлық ақыл – ой, ерік күштерін жұмылдыруға ықпалын тигізеді.
2. Оқушыларға дайын білімді бергеннен бұрын, проблемалық оқыту оқушылардың қызығушылығын туғызады. Мұндай оқыту ақиқатты табуға , ұжым болып шешуге мүмкіндік береді.
3. Танымдық қызығушылықты дамытуда танымдық тапсырмалардың орны ерекше. Оқу материалын орындау арқылы оқушы бірте – бірте жоғары сатыға көтеріле береді. Оқытудың мұндай үрдісі оқушыдан логикалық ойлаудың күрделі іскерлігін қарама – қайшылықты шеше білуін, дәлелдей білуін талап етеді.
4. Оқушылардың эмоционалдық, еріктік және интеллектуалдық психологиялық үдерісіне белсендіретін оқушының шығармашылық жұмыстары да танымдық қызығушылықтарының маңызды стимулы болып табылады. Сол себепті бейнелеу пәні мен сызу пәндерінде шығармашылық жұмыстардың оқушының қызығушылығы мен білімінің жетілуіне тигізетін әсері зор.
Бейнелеу өнерін оқытуда туындайтын қажеттілік;.
1. Оқушылардың ой – өрісіне, түсіну қабілетінің дәрежесіне қарай жоғары идеялы шығармаларды таңдап алу.
2. Картиналарды таныстыру барысында әңгімеге оқушыларды да қатыстыру.
3. Оқушылардың суреттердегі көркемдік ерекшеліктерді қабылдау, көру қабілеттерін дамытуда оларға эмоциялық әсер ететіндей барлық ойды сол обьектіге аударатындай көркем тілмен баяндау.
4. Өнер шығармаларын жеке – жеке талдау, ой – өрістерін арттыру. Көркемдік деңгейін толықтырып отыру.
5. Оқушының қызығушылығы мен шығармашылығын сабақ үстінде арттыру үшін оқушымен бірге жұмыс жасау болып табылады.
Мұғалімнің оқушымен бірге жұмыс жасауының тәрбиелік маңызы:
1. Оқушының бейнелеуге деген қызығушылығын арттырады.
2. Сабаққа белсене қатысуына ықпал етеді.
3. Оқушының жіберген қатесін жөндеуге ықпал етеді.
4. Бейнелеу жолдары демонстарциялық түрде көрсетеді.
Сол себепті мұғалім оқушымен жұмыс жасау кезінде тақтаға сурет салу кезінде тақтадағы сурет мүмкіндігінще көлемді болу қажет. Сурет салу кезінде әрбір орындау техникасының әр түріне қысқаша түсініктеме беріп отыру қажет. Оқушылардың өздігінен жқмыс жасау кезінде мұғалім кейбір оқушыға жеке жәрдем көрсетіп отыруы қажет. Мұғалім оқушының сурет дәптерінің шетіне бейнелеу жолдарын , жіберілген катені түзету жолдарын көрсетіп тұсінік береді
Сабақ барысында таныстырумен бірге кластан тыс әңгіме, лекцмя , көрме, экскурция және кездесу өткізудің балаларға көркемдік тәрбие беріп көркемдік білім негіздерін меңгерудің аса ұғымды жолдары болып табылады.
Музей мен көрме ұйымдастырудың бір ерекшелігі ауыл оқушыларына өнерге деген қызығушылығын,жан-жақты білімінің жетілуіне өнерге деген көсқарасының артуына ықпал етеді.көркемдік талғамы мен ұнергедеген ұғымдарының қалыптасуына жәрдемдеседі.
Оқушыларға бейнелеу өнері туындыларының көркемдік ерекшеліктерңн таныстырудың саяси – идеялық , эстетикалық тәрбие берумен қатар, бейнелеу өнерінің ұғымдарын қалыптастыруға ықпал етеді.
Сондықтан өнер шығармаларының көркемдік ерекшеліктерін таныстыру сабақ беру методикасын дамыту. Оқыту саласындағы қажеттіліктің бірі,
Осыған байланысты әңгіме сабақтарында;
- оқушылардың ой — өрісіне, түсіну қабілетінің дәрежесіне қарай жоғарғы идеялы шығармаларды таңдап алу,
- шығармаларды таныстыру барысында оқушыларды қатыстыру,
- көру, қабылдау қабілеттерін дамытып отыру. Оқушы ынтасын арттырады,
Мұғалім бейнелеу қнері туындысының мазмұнын, мағынасын оқушыларға таолдап түсіндірумен қатар балалардың қз бетінше сол шығармалардың көркемдік ерекшеліктерін таба білуге үйретуді мақсат етуі тиіс.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында өскелең ұрпақты мәдениет пен өнерге баулу мәселесіне үлкен назар аударылуда. Болашақ жастар өз халқының бейнелеу өнері, қол өнері,
тарих, әдебиет, музыка салаларының жетістіктері мен жақсы дәстүрлері негізінде тәрбиеленуде.
Қазақстан Республикасының азаматы мемлекетіміздің бір бөлшегі. Сондықтан да ол барлық істе сауатты өздігінен әрекет етуге қабілетті жауапкершілігі мол азамат болуға тиісті.
Мектепте ұстаздар оқушылардың, тәрбиелі, білімді заман талабына сай азамат болып өсуі үшін қызмет етуі тиіс. Оқушы мен оқытушының өнер жолындағы талпынысы. Ізденісіне дөп көрсетіп, үйреншікті нәрседен әдемілікті таба білуге, көргенді есте сақтауға, шығармашылық жұмыс жасауға жетелейді. Оқушылардың шығармашылығы ғылыми түрде ұйымдастыру. Ғылыми – техникалық тараптарға сай білім беру мен танысу белсенділігін арттырады. Қазіргі сабақ проблеманы дамыту сабағы ол үшін озық тәжірибе қажет. Қазіргі оқушыны эстетикалық пәндерден алған білімін өмірде қолдана алатын, жан-жақты логикалық ойы терең, сұлулықпен сусындаған ізденімпаз, терең білімпаз ету әрбір бейнелеу пәні мұғалімінің міндеті.