Сәндік қолданбалы өнер - халық тұрмысында кеңінен қолданатын түрлі қолөнер. Әрбір халықтың өзіндік тарихымен байланысты өнер.
Сәндік қолданбалы өнер деп тек қана тәжірибелік жағынан емес, эстетикалық мәні жағынан да маңызды көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туындыны айтады. Қазіргі кездегідей бұрынғы өткен заманда да адамдар өз тұрмысын өздері әсемдеуге ұмтылған. Адам өмірінде сәндік қолданбалы өнер шығармалары үлкен орын алады. Қазақ жерінде ХV ғасырда қолөнер ұлттық дәстүр тұрғысынан дамыған. Сәндік – қолданбалы өнерге: алаша, киіз, тоқыма бұйымдар, ағаштан жасалған бұйымдар, темірден түйілген бұйымдар, барлық адам қолынан шыққан қолөнер бұйымдарын жатқызамыз.
«Біз кешегі бабаларымызбен ғана емес, бүгінгі бағамызбен, ертеңгі шамамызбен мақтана алатын қолөнер туындыларымызды да ойлауымыз керек» Н.Ә. Назарбаев
Қию оңай демеңдер, Оған да өнер ой керек. Бос мақтанып жүрмеңдер, Қиюға пысық жан керек.