Бейнероликті көріп жұмбақтардың жауабын шеш:
Қар мұз еріп, су көбейіп,
Сай салаға толады.
Бүршік жарып, жарық ашып,
Гүл бәйшешек басады.
(Көктем)
Бұлттар төніп, жерге төгіліп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала нұры қашады.
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
(Күз)
Суда мұз бар,
Жерде қар бар.
Боран борап соғады,
Бұл қай мезгіл болады?
(Қыс)
Қойының толы жеміске,
көк майсалы еңісте.
Көбелек куып ойнайтын,
қай мезгіл деп ойлайсың.
(Жаз)
Достарыңызбен бөлісу: |