Мұндай қабілетті металдар бос күйде де, химиялық әрекеттесу кезінде де көрсетеді. Бос күйдегі металдың белгілі физикалық қасиеттері: электр және жылу өткізгіштігі, қаттылығы, иілімділігі, созылғыштығы, өзіне тән жылтыры, т.б. бұлардың барлығы да металдық байланысқа тәуелді.
_
Металдық кристалл торының түйіндерінде атомдар немесе олардың иондары орналасатыны белгілі. Металдық тордағы бостау күйдегі делокальданған электрондар көптеген ядролардың арасында өзара тарту күштерін тудырып, металдық байланыс түзеді.
Металдық байланыс
Химиялық байланыстың негізгі сипаттамалары:
байланыс энергиясы
байланыс ұзындығы
валенттік бұрыш
Байланыс энергиясы – өзара байланысқан атомдарды не иондарды бір – бірінен ажырату үшін жұмсалатын энергия.
Байланыс ұзындығы – химиялық байланыстағы
атомдар ядроларының арасындағы қашықтық, валенттік бұрыш – байланысқан атомдар ядролары арқылы жүргізілетін жорамал сызықтар арасындағы бұрыш.
Бұл көрсеткіштер зат молекуласының құрылысын, пішінін және беріктігін сипаттайды.
Тотығу дәрежесі, тотығу саны – химиялық
қосылысты тек иондардан тұрады деп
қарастырғанда әр атомда болатын шартты
зарядтың сан шамасы. Бұл ұғым молекуладағы
атомдардың күйін сипаттау үшін қолданылады.
Кез келген қосылысты ионды қосылыс деп
қарастыруға болмайтындықтан, тотығу дәрежесі
шартты түрде алынады.
Тотығу дәрежесі
Барлық күрделі қосылыстағы металдар тек қана оң тотығу дәрежесін көрсетеді.
Бейметалдар оң және теріс тотығу дәрежесін көрсете алады. Бейметалдар сутекпен және металдармен қосылыстарында үнемі теріс мәнге ие.