Бейорганикалық химия пәні №1 сабақ Кіріспе. Химияның негізгі түсініктері және заңдылықтары. Периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі. Химиялық байланыс түрлері. Орбитальдардың гибридтенуі. ХИМИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ЗАҢДАРЫ МЕН ТҮСІНІКТЕРІ ХИМИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ЗАҢДАРЫ МЕН ТҮСІНІКТЕРІ Химия пәні Химия пәні материя қозғалысының химиялық формасын зерттейді. Химиялық реакциялар барысында молекулалар құрамындағы бөлшектердің қосылуы, айрылуы, алмасуы, орын басуы нәтижесінде бастапқы заттардың сапасы өзгеріп жаңа сапалы заттар түзіледі және олардың қасиеттері де басқаша болады. Химия дегеніміз – заттардың құрамын, құрылысын, олардың бір түрден екінші түрге айналуын және осы айналу кезінде байқалатын құбылыстарды зерттейтін ғылым. Атом-молекулалық ілім. Атом-молекулалық ілім. Барлық заттар атом деп аталатын аса кішкене бөлшектерден түзілген. Молекула – ол сол заттың химиялық қасиеті бар, ең кіші бөлшегі. Молекуланың химиялық қасиеті оның құрамымен және химиялық құрылысымен анықталады. Молекулалар бір, екі және көпатомды бола алады. Атом – элементтің химиялық қасиеттерін сақтап тұратын ең кіші бөлшегі. Элементтің химиялық қасиеттері оның құрылысына байланысты.Осы тұрғыдан қарағанда қазір атомға мынадай анықтама беріледі. Атом – оң зарядталған атом ядросынан және теріс зарядталған электрондардан тұратын электробейтарап бөлшек. Химияның негізгі түсініктері Химияның негізгі түсініктері Ядро зарядтары бірдей болып келетін атомдардың белгілі бір түрін химиялық элемент деп атайды. Әрбір элементтің аты мен өзінің таңбасы болады. Қазіргі кезде 110-нан астам химиялық элемент белгілі. Элементтің салыстырмалы атомдық массасы – ол берілген элемент атомының абсолюттік массасы көміртек атомының абсолюттік массасының 1/12 бөлігінен қанша есе көп екендігін көрсететін сан, яғни массаның атомдық бірлігі. Салыстырмалы молекулалық масса – ол молекуланың орташа массасының молекуланың атомдық бірлігіне қатынасы. Бұл шама өлшемсіз және Mr таңбасымен белгіленеді. Химияда қарастырылған шамалардан басқа ерекше физикалық шама – зат мөлшері пайдаланылады. Ол осы заттың құрылымдық бөлшектері (атомдар, молекулалар немесе басқа бөлшектер) санымен анықталады. Зат мөлшері (яғни моль саны) латын әрпі n немесе грек әрпі v (ню) арқылы белгіленеді. Ал зат мөлшерін моль бірлігімен өлшейді. Химияда қарастырылған шамалардан басқа ерекше физикалық шама – зат мөлшері пайдаланылады. Ол осы заттың құрылымдық бөлшектері (атомдар, молекулалар немесе басқа бөлшектер) санымен анықталады. Зат мөлшері (яғни моль саны) латын әрпі n немесе грек әрпі v (ню) арқылы белгіленеді. Ал зат мөлшерін моль бірлігімен өлшейді. Бір моль заттың массасын оның молярлық массасы деп атайды, оны М әрпімен белгілеп, г/моль деп өрнектейді. Заттың молярлық массасы (М) оның массасының зат мөлшеріне қатынасы болып келеді:
Зат мөлшері n молекуланың (атомның) берілген санының N Авогадро саны NA қатынасына тең:
Заттардың жіктелуі. Заттардың жіктелуі. Химиялық элемент деп белгілі бір қасиеттер жиынтығымен сипатталатын атомдардың түрін айтады. Химиялық элементтер бір-бірімен әрекеттесіп әр түрлі қосылыстар түзеді. Бұл қосылыстарды құрамына қарай жай және күрделі заттар деп бөледі. Жай заттар бір элементтің атомынан түзіледі. Күрделі заттар әр түрлі элементтердің атомдарынан тұрады.
Валенттілік. Химиялық формулалар. Валенттілік. Химиялық формулалар. Химиялық реакциялардың теңдеулері Элементтің валенттілігі – ол элемент атомының химиялық байланыс түзе келіп, басқа атомдардың белгілі санын қосып алу қабілеттілігі. Валенттілік атомдардың түзетін химиялық байланыстарының санымен анықталады. Кез келген молекуланың құрамын химиялық формуламен өрнектеп көрсетуге болады. Химиялық формуладағы, молекула құрамына енген элемент атомының қанша екендігін қөрсететін сандарды индекстер дейді. Химиялық формула молекуланың сапалық және сандық құрамын (молекула қандай элементтердің атомдарынан тұратындығын және молекулада осы атомдар саны қанша екендігін) көрсетеді. Молекуладағы атомдардың қосылу реті мен әрбір элементтің валенттілігін көрсететін формулаларды құрылымдық формулалар дейміз. Бұл формулалардағы валенттілік қысқаша сызықшалармен белгіленеді, ондағы сызықша саны элементтің валенттілігіне тең болуы керек. Енді берілген қосылыстардың құрылымдық формуласын жазайық: AsH3, Mg3N2, K2S, SiО2, PCI3 .
H – As – H; K – S – K; Mg = N – Mg – N = Мg; О = Si = О; CI – P – CI
H CI
Химиялық теңдеу – ол химиялық реакцияларды химиялық таңбалар мен формулалар көмегімен өрнектеу.
Мысалы, 2 A1+6HC1=2A1C13 +3H2
Теңдеудегі формулалар алдына қойылған цифрларды коэффициенттер дейді. Олар реакцияға әрбір заттың қанша молі түсіп, қанша моль өнім түзілгендігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |