4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
Оксидтердің жіктелуін және қасиеттерін білу, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
Қышқылдардың жіктелуін, қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
Негіздердің жіктелуі мен қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
8.3.4.12 Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланысты зерттеу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Оксидтердің, қышқылдардың және негіздердің жіктелуін, қасиеттерін анықтайды, реакция теңдеулерін жазады
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланысты анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындалу уақыты
20 минут
Тапсырма 2-нұсқа
Оксидтерді жіктеп, химиялық қасиетін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазыңыз. Тұз түзетін оксидтерді сәйкестендіріңіз.
Оксид Оксидтердің түрлері
K2O І. Негіздік
SO3
N2O5 ІІ. Қышқылдық
CrO3
B2O3 ІІІ. Амфотерлі
MgO
І.ІІ.ІІІ.
Берілген оксидтердің K2O, N2O5, B2O3 химиялық қасиетін сипаттайтын реакция теңдеулерін сумен, сұйытылған тұз қышқылымен, натрий гидроксиді ерітіндісімен жазыңыз.