Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет186/189
Дата20.09.2022
өлшемі5,28 Mb.
#150074
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   189
Байланысты:
бейорганикалық теория негіздері химия дәрістер

Глоссарий
Абсорбция – абсорбенттің газ фазасындағы компоненттерді сіңіріп алу процесі.
Адсорбция – фазалардың бөліну бетінде бүкіл көлемнен шығып заттардың концентрлену құбылысы.
Аккумуляторлар – химиялық энергияны өз бойына жинап қажет кезінде электр энергиясына айналдыратын құралдар.
Активаторлар – коррозияны өршітетін заттар.
Активтендіру энергиясы – молекулаларды активті күйіне айналдыру үшін жұмсалатын қосымша энергия.
Акцептор – байланыс түзуге бос орбиталін жұмсайтын атом.
Аллотроптық – химиялық элементтің құрылымдары мен қасиеттері әр түрлі екі немесе одан да көп жай зат түрінде болуы.
Аморфты заттар – тәртіпсіз орналасқан молекулалар агрегаты (күйі).
Амфотерлік – бірдей жағдайда әрі сутек иондарын, әрі гидроксид иондарын бөліп шығара алатын қосылыстар.
Анод – тотығу процесі жүретін электрод.
Атом – жай және күрделі заттардың молекулаларының құрамына кіретін химиялық элементтің ең кіші бөлшегі.
Ауыр су – құрамында дейтерий бар су молекулалары.
Бейэлектролиттер – ерітіндісі ток өткізбейтін заттар.
Бертолиттер – түзілу жағдайына қарай құрамы айнымалы химиялық қосылысар.
Броматтар бромдау қышқылының тұздары
Бромидтер – бромсутек қышқылының тұздары
Буферлік ерітінділер – сутек иондарының концентрациясын белгілі бір дәрежеде ұстайтын ерітінділер.
Валенттілік – бір элемент атомының басқа элемент атомының белгілі бір санын қосып алу қабілеті.
Вискозиметрия – газдар мен сұйықтықтардың тұтқырлығын өлшейтін әдістердің жиынтығы.
Газометр – лаборатория жағдайында газды сақтауға және көлемін өлшеуге арналған құрал.
Гетерогенді жүйе – екі немесе одан да көп бөліктен тұрады, бөліктердің физикалық не химиялық қасиетінде айырмашылығы болады және олардың беттері ғана жанасады, бірімен-бірі араласпайды (мысалы, бензин мен су т.б.).
Гибридтену – атомның пішіндері мен энергиялары әр түрлі орбитальдарының (электрон бұлттарының) өзара араласып, бір пішіндес және тең энергиялы орбитальдарға айналуы.
Гидратация – еріген заттың сумен қосылысу процесі.
Гидрлеу – сутектендіру.
Гипохлоридтер – хлорлылау қышқылының тұздары.
Гомогенді жүйе – біртекті жүйе (мысалы, газдар қоспасы, тұздың ерітіндісі, су т.б.).
Дальтониттер – құрамы тұрақты қосылыстар (формуласы валенттілікке сәйкес).
Дегидраттану – судың бөлінуі.
Дегидрогендеу – химиялық қосылыстан сутектің бөліну процесі.
Дисперсті жүйе – қандай да бір затқа екінші заттың өте ұсақ бөлшектері араласуы.
Диссоциациялану дәрежесі - диссоциацияланған молекулалар саны-
ның жалпы еріген молекулалар санына қатынасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет