Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет58/189
Дата20.09.2022
өлшемі5,28 Mb.
#150074
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   189
Байланысты:
бейорганикалық теория негіздері химия дәрістер

Ле-Шателье принципі
Әрекеттесуші заттардың концентрациясы, температурасы мен қысымы (газды жүйе жағдайындағы) өзгерген кездегі химиялық тепе-тендіктің ығысу бағытын Ле Шателье принципімен (жылжымалы тепе-теңдік кағидасы) анықтайды: химиялық тепе-теңдік жагдайына келіп тұрган жүйенің жағдайыныц біреуін өзгерту, тепе-теңдікті сол өзгертуге қарсы әрекет туғызатын реакция бағытына қарай ығыстырады.
Мұны аммиакты синтездеу реакциясы мысалында қарастырайык:
ЗН2 + N2 2NH3; ΔН = - 46,2 кДж/моль
2 моль
Азоттың немесе сутектің концентрациясын жоғарылату, осы заттар концентрациясының төмендетуін тудыратын реакцияға көмектеседі. Демек, тепе-тендік аммиактың түзілуі жағына қарай ығысады. Тиісінше, аммиак концентрациясын жоғарылату тепе-теңдікті бастапқы заттар жағына қарай ығыстырады.
Тура реакция жылу бөле жүретін болғандықтан, қоспаның температурасын жоғарылату жылуды сіңіре жүретін реакцияға көмектеседі және тепе-тендік әуелгі заттар жағына ығысады; температураны төмендету тепе-теңдікті реакция өнімі жағына қарай ығыстырады.
Қысымның тепе-теңдік ығысуына әсерін анықтау үшін теңдеудің оң және сол бөліктеріндегі молекулалар санын есептеу қажет. Жоғарыдағы мысал тендеуінің сол жағында 4 молекула, ал оң жағында 2 молекула бар. Қысымды көтеру молекула санының азаюына көмектесетін болғандықтан, осы жағдайдағы тепе-тендік реакция өнімі жағына ығысады. Қысымды төмендету тепе-теңдікті әуелгі заттар жағына ығыстырады.
Егер де қайтымды реакция тендеуінің сол жағындағы молекула саны оң жағындағы молекула санына тең болса, мысалы:
N 2 + О2 2NО
онда қысымның өзгеруі химиялық тепе-тендіктің ығысуын тудырмайды. Міне, осылайша, әртүрлі факторлардың әсерінен химиялық тепе-тендіктің ығысуын талдай келіп, келесі тұжырымдарды жасауға болады:

  1. Реагенттердің (бір немесе барлық) концентрациясын жоғарылату тепе-теңдікті тура реакция жағына ығыстырады; реагенттер концентрациясын төмендету тепе-теңдікті кері реакция жағына ығыстырады;

  2. Температураны көтергенде тепе-теңцік эндотермиялық реакция жағына; ал температура төмендегенде - экзотермиялық реакция жағына ығысады;

  3. Қысымды жоғарылату тепе-тендікті газ молекуласының саны азаю жағына қарай; ал кысымды төмендету тепе-теңдікті газ түріндегі молекула санының көбеюі жағына қарай ығыстырады;

  4. Егер газ түріндегі заттар реакциясындағы молекула саны өзгеріссіз болса, онда қысым осы жүйедегі тепе-теңдікке ықпал етпейді;

  5. Тепе-тендіктің ығысуына катализатор ықпал етпейді, өйткені ол тура реакцияны да, кері реакцияны да бірдей жылдамдатады.

1885 жылы Ле Шателье жылжымалы тепе-теңдік принципін тұжырымдады, ал 1887 жылы Ф.Браун мұны теориялық негіздеді. Бұл қағиданы барлық химиялық және физика-химиялық тепе-теңдіктерге (кристалдануға, қайнауға, ерітуге, әртүрлі аллотроптық түрленуге) қолдануға болады.
Ле Шателье қағидасына негізделген тепе-теңдікті қажетті бағытқа ығыстыру әдістері химияда үлкен рөл атқарады. Аммиакты синтездеу және басқа да көптеген өнеркәсіптік процестерді игеру, оны тиімді бағытқа ауыстыру, сөйтіп өнімнің шығымын арттыру осы кағидаға негізделген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет