1. Химияның негізгі ұғымдары мен заңдары Зат мөлшері. Моль
Қайталау сұрақтары.
Зат мөлшерінің өлшем бірлігі қандай?
Авогадро саны нені көрсетеді? Оның сандық мәні қандай?
Авогадро тұрақтысы дегеніміз не? Оның өлшемі қандай?
Атомның, молекуланың молярлық массасы дегеніміз не? Ол қандай бірлікпен өлшенеді?
Зат мөлшері, зат массасы және молярлық масса арасындағы байланысты көрсетіңіз.
Есептер мен жаттығулар
Зат мөлшері 0,01 мольге тең азот қышқылының массасы қандай?
Массасы 8,5 г аммиак газына сәйкес келетін зат мөлшерін табыңыз.
Зат мөлшері 0,05 мольге тең оттектегі молекулалар санын есептеңіз.
Күкірт диоксидінің бір молекуласының массасын граммен есептеңіз.
Массалары 1 г NH3 және 1 г N2 газдарындағы молекулалар санын салыстырыңыз. Қай газдың молекулалары көп, неше есе?
Негізгі газ заңдары. Молярлық көлем. Газ күйіндегі заттың молярлық массасын анықтау.
Қайталау сұрақтары.
Газ күйі қандай параметрлермен сипатталады? Параметрлерінің біреуі (температура, қысым, көлем) тұрақты болған жағдайлардағы газ заңдарын тұжырымдаңыз. Осы заңдардың математикалық өрнектерін жазыңыз.
Барлық үш параметр де өзгерген жағдайдағы газ күйлерінің байланысын көрсететін біріккен газ теңдеуін жазыңыз.
Қандай жағдайлар газдар үшін қалыпты (қ.ж.) болып есептеледі? Газдың көлемін қалыпты жағдайға қалай келтіруге болады?
Зат мөлшері 1 мольге тең кез келген газ тәрізді зат қалыпты жағдайда қандай көлем алады? Авогадро заңын тұжырымдаңыз.
Бір газдың екінші газ бойынша салыстырмалы тығыздығы дегеніміз не?
Клапейрон-Менделеев теңдеуін жазыңыз. Бұл теңдеу бойынша нені есептеуге болады?