Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары


Тотығу дәрежесі теріс бейметалл атомдарының



бет98/189
Дата23.12.2022
өлшемі5,37 Mb.
#164010
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   189
Байланысты:
Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары

4. Тотығу дәрежесі теріс бейметалл атомдарының
тотықсыздандырғыштық қасиеттері

2 пробиркаға 2-3 тамшыдан бром суын құйып, оның біреуіне бірнеше тамшы күкіртсутек суын, ал екіншісіне аммиактың 25% ерітіндісін қосамыз. Ерітінділердің түстері қалай өзгереді? Бром мен күкіртсутек әрекеттескенде шығатын заттардың біреуі күкірт, ал екіншісі аммиактан түзілетін азот екенін ескере отырып, реакция теңдеулерін жазыңыз.




5. Тотығу дәрежесі ең жоғары элемент атомдарының
тотықтырғыш қасиеттері

а) Пробиркаға 3-4 тамшы FeSO4 ерітіндісін құйып, оған 2-3 тамшы 20% Н2SO4 және 2-3 тамшы сұйытылған (1:3) НNO3 қосыңыз. Алынған ерітіндіні қыздырып, бөлінген газдың түсіне көңіл аударыңыз. Темірдің тәжірибеге дейінгі және одан кейінгі тотығу дәрежесін тексеріңіз. Ол үшін бір пробиркаға 2-3 тамшы FеSO4 бастапқы ерітіндісін, екіншісіне тәжірибеден соң алынған ерітіндінің 2-3 тамшысын құйыңыз. Екі ерітіндіге де 5-6 тамшы су құйып сұйылтып, оған 2-3 тамшы NH4CNS немесе KCNS қосыңыз. Тиоцианат ионы (CNS) қызыл түсті темір (III) тиоцианатын түзетін Fe3+ионын анықтауға арналған реактив болып табылады. Реакция теңдеулерін жазыңдар.


ә) Пробиркаға 2-3 тамшыдан марганец (II) сульфатының және азот қышқылының (2М) ерітінділерін құйып, сосын бір микрошпатель натрий висмутатын қосыңыз. Күлгін түстің пайда болуы Mn2+-ионының перманганат-ион MnO4- дейін тотығуын көрсетеді.
6. Диспропорциялану реакциясы

Пробиркаға 1-2 түйір йод кристалын салып, 3-5 тамшы NaOH немесе KOH ерітіндісін қосып қыздырыңдар. Ерітіндінің түсі қалай өзгереді? Сілтілік ортада йодтың тотығу өнімі натрий немесе калий йодаты болатынын ескере отырып, реакция теңдеуін жазыңыз.


7. Молекулаішілік тотығу-тотықсыздану реакциясы


Асбест қағазының үстіне аммоний дихроматынан кішкене төбешік жасаңыз. Оның үстіне жанған сіріңке апарып, реакция жүргенше балқыған кристалдарды қыздырып, "жанар таудың атқылауын" байқаңыз. Реакция нәтижесінде қандай өнімдер түзіледі? Реакция теңдеуін жазып, ондағы тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет