Қосымша әдебиет
11. Н.Л.Глинка. Задачи и упражнения по общей химии. Л, 1985 г.
12. Н.С.Ахметов. Общая и неорганическая химия. М., 2000 г.
13. Л.С.Гузей т.б.Жалпы және бейорганикалық химия практикумы.
М.,2000ж.
14. Т.Т.Омаров, Т.С.Гурьевская. Бейорганикалық химия. А., 2002 ж.
15. Ю.М.Коренев, А.Н.Григорьев. Задачи и вопросы по общей и неорганической химии. “Мир”. М., 2004 г.
16. Л.М.Романцева, З.Л.Лещинская. Сборник задач и упражнений по общей химии. М., 1991 г.
17. Н.Н.Павлов, В.И.Фролов. Практикум по общей и неорганической химии. М., 2002 г.
Аудиовизуальды және интерактивті оқыту құралдары
1.В/ф. Химия вокруг нас.
2.В/ф. Оснывные классы неорганических веществ.
3.В/ф. Периодическая система Д.И.Менделеева. Металлы и неметаллы.
4.CD-ROM № 1. Химия для всех. Серия «Обучающие энциклопедии», 2 диска.
5.CD-ROM № 2. Электронный учебник. «Химия».
6.CD-ROM № 3. Серия 1 С: Репититор. Химия.
7.CD-ROM № 4. Общая и неорганическая химия. Лаборатория систем муль-тимедиа. МарГТУ. Йошкар-Ола.
8.CD-ROM № 5. Естественные науки. Неорганическая химия. Знаменитые ученые-химики.История химии. Мультисоф, 2003 г. Москва.
9.CD-ROM № 6. Кирилл и Мифодий. Тесты по химии. Москва, 2003г.
«Бейорганикалық химияның теориялық негіздері» пәні бойынша дәрістер
1. ХИМИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ЗАҢДАРЫ МЕН ТҮСІНІКТЕРІ
Дәріс жоспары
Кіріспе. Химия пәні.
Атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі түсініктері.
Заттардың жіктелуі.
Валенттілік. Химиялық формулалар. Химиялық реакциялардың теңдеулері.
Негізгі стехиометриялық заңдар.
Газ заңдары.
Эквивалент. Эквивалент заңы.
Химия материяны зерттейтін жаратылыстану ғылымдарына жатады. Бізді қоршап тұрған және біздің санамыздан тыс өз бетінше өмір сүретін дүние – толып жатқан заттар мен құбылыстар материяға жатады. Материя – объективті шындықты бейнелейтін философиялық категория, ол біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп сезім тудырады, бейнеленеді. Материя объективті шындық ретінде з а т және ө р і с түрінде өмір сүреді. Зат дегеніміз – белгілі химиялық құрамы бар, тиісті физикалық және химиялық қасиеттермен сипатталатын материяның жеке бір түрі.Сондықтан зат – тыныштық күйде өзіне тән массасы болатын материалдық бөлшек. Мысалы, су, азот қышқылы, оттек, темір, күміс заттарға жатады. Материалдық орта – физикалық өріске – электрлік, магниттік, электро-магниттік, гравитациялық өрістер, ішкі ядролық күштер жатады. Зат пен өріс өзара байланысты және белгілі бір жағдайда бір-біріне ауысып отырады.
Материя үздіксіз қозғалыста болады. Материя қозғалысының формалары алуан түрлі, олар өзара байланысты және белгілі бір жағдайларда бір-біріне айналып отырады. Мысалы, химиялық энергия электр энергиясына, электр энергиясы жылу энергиясына, жылу энергиясы механикалық энергияға т.с.с. айналады. Материя қозғалысының бір-біріне айналуы кезінде – табиғаттың негізгі заңы – материя мен оның қозғалысының мәңгілігі сақталады. Материяның қай түрі және қандай қозғалысы болмасын жоқтан пайда болмайды және жоққа айналмайды.
Химия пәні
Химия пәні материя қозғалысының химиялық формасын зерттейді. Химиялық реакциялар барысында молекулалар құрамындағы бөлшектердің қосылуы, айрылуы, алмасуы, орын басуы нәтижесінде бастапқы заттардың сапасы өзгеріп жаңа сапалы заттар түзіледі және олардың қасиеттері де басқаша болады. Химия дегеніміз – заттардың құрамын, құрылысын, олардың бір түрден екінші түрге айналуын және осы айналу кезінде байқалатын құбылыстарды зерттейтін ғылым.
Достарыңызбен бөлісу: |