2-ТОҚСАН БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Электр өрісі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары
10.4.1.3 - екі параллель пластиналар арасындағы электр өрісі кернеулігін есептеу
10.4.1.4 - электростатикалық өрістегі зарядқа әсер етуші күшті есептеу
10.4.1.7 - электр өрісінің кез келген нүктедегі потенциалын анықтау
10.4.1.9 - гравитациялық және электростатикалық өрістер мен олардың сипаттамаларының арасындағы ұқсастықты салыстыра білу
Бағалау критерийі
Оқушы
Параллель пластиналар арасындағы электр өрісі кернеулігін есептейді
Электр өрісі тарапынан зарядқа әсер етуші күшті есептейді
Нүктелік заряд өрісінің потенциалын анықтайды
Гравитациялық және электростатикалық өрістер мен олардың сипаттамалары арасында ұқсастықтар мен айырмашылықтарды ажыратады