Тапсырмалар Гелий ядросы суретте көрсетілгендей конденсатордың параллель пластиналары арасында орналасқан. Ядроның заряды + 2e және массасы 6,6 1027 кг. Гелий ядросы қозғалыссыз қалуы үшін, оның салмағын электрлік күші теңгеріп тұратындай электр өрісі кернеулігінің шамасы қандай болуы керек?
2,0 107Н/Кл
4,0 107Н/Кл
5,0 103Н/Кл
6,6 1026Н/Кл
[1]
Екі параллель пластиналардың электр өрісінде, электрон өріс әсерінен күш сызықтары бағытымен 3 мм-ге орын ауыстырады. Пластиналар арасындағы қашықтық 20 мм, ал потенциалдар айырымасы 120 В.
(а) Күшті, зарядты және өрістерді көрсететін суретті сызыңыз.
[1]
(b) Пластиналар арасындағы электр өрісінің кернеулігін анықтаңыз.
[1]
(с) Электрлік күштің электронға әсер ету бағытын көрсетіңіз және оның шамасын анықтаңыз.
[2]
Біртекті электр өрісінің кернеулік сызығының бойында жатқан А нүктесінің кернеулігі 60 кВ/м. А нүктесінен 10 см қашықтықта В нүктесі орналасқан. Төмендегі жағдайлар үшін осы екі нүкте арасындағы потенциалдар айырмасын табыңыз (Суреттерді сызу міндетті):
(а) А және В нүктелері бір сызықтың бойында жатады.
[2]
(b) В нүктесі кернеулік сызығына перпендикуляр түзудің бойында жатады.
[2]
(c) В нүктесі кернеулік сызығымен 450 бұрыш жасайтын түзудің бойында жатады.
[2]
Егер К нүктесінен q зарядтың потенциалы 6 В болса, онда К нүктесінен -3q зарядтың потенциалы неге тең болады?
-42В
-36В
-18 В
-12В
[1]
(a) Электр және гравитациялық өрісінің үш айырмашылығын көрсетіңіз.