Меншікті қуат бойынша есептеу. Жарықтандыруды нүктелік әдіспен есептеу



бет1/2
Дата11.10.2023
өлшемі51,15 Kb.
#184736
  1   2
Байланысты:
дәріс 11


Меншікті қуат бойынша есептеу. Жарықтандыруды нүктелік әдіспен есептеу

Жарық ағынының пайдалану коэффициенті әдісінің бір бөлігі меншікті қуат әдісі бойынша есептеу болып табылады.


Меншікті қуат әдісі бойынша есептеулерді жүргізу келесі жағдайларда қолданылады: жарық қондырғысына орнатылған қуатты алдын ала анықтау үшін; жарық техникалық есептің дұрыс жүргізілуін жуықтап бағалау үшін; дәлдік жұмысты талап етпейтін орташа және кіші бөлмелердің жарықтануын жобалаған кезде жүргізіледі.
Жобалау үшін бөлменің ауданы, биіктігі, таңдалған шамның түрі және минималды жарықтануы бастапқы деректерде беріледі. Анықтамаларда әртүрлі нормаланған жарықтану, бөлменің ауданы және биіктігі үшін w мәні келтірілген. Шамдардың санын алдын ала алып, анықтаманың кестесі бойынша қуатты w анықтаймыз, содан соң шамның қуаты төмендегі теңдеу бойынша анықталады
Меншікті қуат бойынша есептеу
Бұл есептеу тәсілі анағұрлым қарапайым, жеткілікті түрде дәл нәтижелер береді және жобалауда кеңінен қолданылады. Меншікті қуаты бойынша есептеу жалпы бірқалыпты жарықтандыру үшін қолданылады, бірақ оқшауландырылған жарықтандыруды есептеу үшін жарамсыз. Олармен тек жабдықтар үйілмеген ауданы 10 м2 астам орынжайды жалпы жарықтандыруды ғана, шырақтардың жалпы бірқалыпты орналасуы және горизонталь жазықтықта бірдей жарықтанған барлық бөлме бойынша нормалау кезінде есептеуге болады. 
Меншікті қуаттың мәні W, Вт/м2 (жарықтандыратын орынжайдың әрбір шаршы метріне келетін шам қуаты) /Л-3/ сәйкес шырақтардың меншікті қуатының кестелері бойынша табылады.
Меншікті қуат шамасы төмендегілерге тәуелді: 
а) шырақтарды жұмыс бетінен ілу биіктігі – биіктік артқан сайын меншікті қуат ұлғаяды
б) жарықтандырылатын бөлме өлшемдері – орынжай ауданы ұлғайған сайын меншікті қуат азаяды; 
в) нормаланатын жарықтылық шамасы – жарықтылық артқан сайын меншікті қуат артады; 
г) шырақтардың типі;
д) төбенің, қабырғалардың және еденнің шағылу коэффициенттері. 
Қыздыру шамдарын пайдаланған кезде меншікті қуат әдісімен есептеу реттілігі мынадай: 
1. Орынжайларда шырақтар немесе шырақтардың қатарлары арасындағы L1,5 h қашықтықтан және h есептік биіктіктен шыға отырып, шырақтардың (шамдардың) типін және санын белгілейді.
2. /Л-3/ шырақтардың меншікті қуатының кестесі бойынша W меншікті қуат мәнін қабылдайды.
3. Формула бойынша бір шамның есептік қуатын анықтайды:




(3.2.1)

4. /Л-3/ кестелер бойынша қуаты бойынша жақын шамды таңдайды.
Егер шамның қуаты есептіктен айтарлықтай ерекшеленетін болса, онда шырақтардың немесе шамдардың санын өзгертеді. 
Люминесценттік шамдармен жарықтандыру кезінде меншікті қуат әдісімен жарықтандыруды есептеуді мынадай реттілікпен жүргізеді: 
1. h, S, Е және шырақ типіне байланысты /Л-3/ қосымшасы бойынша ЛБ шамдары үшін W меншікті қуат мәнін қабылдайды. Басқа шамдар үшін меншікті қуат кесте деректерін коэффициентке көбейту арқылы анықталады: ЛХБ, ЛТБ шамдары үшін - 1,13-ке; ЛД, ЛТБ80 шамдары үшін - 1,29; ЛДЦ шамдары үшін - 1,68;
2. Люминесценттік шамдар саны анықталады - n. Бір шамның қуаты РЛ  /Л-3/ кестелер бойынша қабылданады;




(3.2.2)

3. Бір шыраққа орнатылатын шамдар саны nбойынша және олардың толық есептік саны n бойынша шырақтар саны анықталады:




(3.2.3)

4. Шырақтар арасындағы және қатарлар арасындағы қашықтықты тексерумен қатар шырақтарды орнататын жерлер белгіленеді. Егер қашықтық есептіктен (L=1,5h) үлкен болса, онда шамдарының саны аз шырақтарға қайта есептеу жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет