Тақырыбы: «ТЕҢдеу шешу. Есеп мазмұны бойынша теңдеу қҰРУ» Сабақтың мақсаты



Дата24.05.2017
өлшемі72,98 Kb.
#16788
Ахетова Багдат Тураровна

бастауыш сынып мұғалімі

Степногорск қаласы А.М. Горький атындағы №2 орта мектебі
Тақырыбы:

«ТЕҢДЕУ ШЕШУ. ЕСЕП МАЗМҰНЫ БОЙЫНША ТЕҢДЕУ ҚҰРУ»

Сабақтың мақсаты:


1. Оқушыларды есептеудің жаңа тәсілімен таныстыру, теңдеу құру, құрылымы күрделі теңдеуді шешу дағдысын жетілдіру;

2. Талдау және қорытындылау дағдысын дамыту;

3. Оқытудың өмірмен байланысын нығайту, ұжымда бірлесе бірге жұмыс істеуге тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс жасауға төселдіру, алған білімін пайдалана білуге, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: оқушылар құрылымы күрделі теңдеудің алгоритмін қолдануды үйренеді.
Түрі: ойын сабақ.
Көрнекілігі: слайд тапсырмалары, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Психологиялық дайындық.

Қайырлы күн досым!
Қайырлы күн болсын.
Бүгінгі күн жұма,
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын.
- Балалар, бір - бірлеріңе қандай жақсы тілектер айтар едіңдер?
(балалар кезектесіп, жақсы тілектер айтады)
- Мен саған ашық аспан тілеймін!
- Мықты денсаулық тілеймін.
- Мен бақыт тілеймін!
- Нұрлы күн тілеймін! т. б.
Нұрлы күн сендер секілді әдепті, ұқыпты, тапқыр балаларға аямай нұрын төгіп тұр.
Нұрлы күннің әкелген сандықшасы бар екен. Сандықшаны ашып, ішінде не бар екенін білу үшін мына жұмбақты шешейік.

Айқасқан екі таяқ,
Тұрады жоқты сұрап. (Жауабы: х – икс.)
Сандықшадан бүгінгі сабақтың жоспары шығады.
- Бүгінгі сабақта төмендегі жоспар бойынша жұмыс жасаймыз.

Сабақ жоспары:
1. Бәйге.
2. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл».
3. «Бойы сергектің, ойы да сергек».
4. «Еңбек түбі - береке».
5. Қызықты есептер.
6. Сандық ақпараттар.

Дәптерімізді ашып, күн жадын, тақырыпты жазамыз.
І. «Бәйге» ойыны. (өткенді қайталау)
1. Қарама - қарсы қабырғалары өзара тең геометриялық фигураны қалай атаймыз? (тік төртбұрыш)
2. Ауданды қалай табамыз? (ұзындығы мен енін көбейтеміз)
3. Көлемді қалай табамыз? (ұзындығын, енін, биіктігін көбейтеміз)
4. Фигураның периметрін қалай табамыз? (барлық қабырғаларын қосамыз)
5. Жылдамдықты қалай табамыз? (қашықтықты уақытқа бөлеміз)
6. Теңдеудегеніміз не? (Теңдеудегеніміз – құрамынаенетін әріптің мәнін табу.) Нешетүрі бар? (2 түрі).
2. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»

№1
420 : 6 = 70 630 : 90 = 7 810 : 9 = 90 23 • 3 = 69

220 : 2 = 110 540 : 90 = 6 14 • 3 = 42 250 • 4= 1000

90 : 2 = 45 34 • 2 = 68 29 • 2 = 58 70 : 2 = 35
2

Теңдеулерді шеш

х • 30 = 1000 – 160 880 : у = 535 - 491

х • 30 = 840 880 : у = 44

х = 840 : 30 у = 880 : 44

х = 28 у = 20

------------------------ -------------------------------

28 • 30 = 840 880 : 20 = 44

840 = 840 44 = 44


а – 45 = 389 – 254 54 + х = 720 : 6

а – 45 = 135 54 + х = 120

а = 135 + 45 х = 120 - 54

а = 180 х = 66

----------------------- ----------------------------

180 – 45 = 135 54 + 66 = 120

135 = 135 120 = 120


у – 85 = 580 : 20 300 + а = 45 • 20

у – 85 = 29 300 + а = 900

у = 29 + 85 а = 900 - 300

у = 114 а = 600

-------------------------- -----------------------------

114 – 85 = 29 300 + 600 = 900

29 = 29 900 = 900


Сонымен теңдеудің неше түрі бар?

Жай теңдеу және күрделі теңдеу.

Салыстырсақ жай теңдеу бір амалмен орындалады, ал күрделі теңдеу екі немесе одан да көп амалмен орындалады.

Теңдеу белгісізі бар теңдік.

Белгісіз сан әріптермен белгіленеді. Сонымен құрылымы күрделі теңдеуді шығара аламыз ба?

Ал енді сабағымыздың негізіне көшейік.

Біз өткен сабағымызда құрылымы күрделі теңдеулерді шешуді үйренсек, бүгінгі сабақта есептің мазмұны бойынша теңдеу құруды үйренеміз.

Ол үшін оқулықтағы №3 есепке назар аударайық.



«Еңбек түбі – береке».

Мағынаны тану

3

а) Бір күнде қалыңдығы 100мм қар түсті. Егер екі күнде 300мм қар түскен болса, екінші күні жауға қардың қалыңдығы қанша?

Есепті теңдеу құру арқылы шығаруға болады.

Екінші күні түскен қардың қалыңдығын х деп белгілейік. Сонда мынадай теңдеу құрастыруға болады: 100 + х = 300


«Бойы сергектің, ойы да сергек».

Сергіту сәті

Бір-бірімен жарысқан

Төрт аю, бір арыстан,

Екі қой мен бір түлкі

Бәрі нешеу кім білді? (8)
Түйе бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан,

Шұнақ құлақ бес ешкі

Төрт қозылы екі қой

Бәрін бірге санап қой. (15)
Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым,

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы да алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды, қолда бары? (6)




№4

Есептеп, дұрыстығын тексер.

920 : 2 = 460 42 • 20 = 840 96 : 3 = 32 210 : 2 = 105

960 : 30 = 32 120 • 4 = 480 50 : 2 = 25 170 • 2 = 340
5

120 түрлі түсті және 210 ақ-қара түсті фотосурет фотокөрмменің 3 залына теңдей бөлініп қойылды. Әр залға қанша фотосурет қойылды?

(120 + 210) : 3 = 330 : 3 = 110

(120 + 210) : 3 = 120 : 3 + 210 : 3 = 40 + 70 = 110


7

(60 + 24) : 6 = 84 : 6 = 14 (400 + 160) : 40 = 560 : 40 = 14

(500 + 70) : 30 = 570 : 30 = 19 (700 + 140) : 60 = 840 : 60 = 14

(300 + 60) : 4 = 360 : 4 = 90 (300 + 270) : 3 = 570 : 3 = 190


«Қызықты есептер»

  1. Шөпте қояндар тығылып отыр, тек 10құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр? 5 қоян

  2. Корзинадағы 7 алманы 7 қызға тең бөліп бері керек және 1 алма корзинада қалуы керек. Бұл қалай? (соңғы қызға корзинамен бірге беру керек!

  3. Тауық бір аяғымен тұрса 2 кг, ал екі аяғымен тұрса неше килограмм болады? (2 кг)

  4. Екі қолда 10 саусақ. Сонда 10 қолда неше саусақ болады? (50)

  5. Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысықтан отыр. Сонда бөлмеде неше мысық бар? (4 мысық)


Санды ақпарат

1,7,8,9,22



Сандарға қарап оқушылар өз ойларын айтады.
Рефлексия

-Бүгінгі сабақта не үйрендік?

-Сендерге не ұнады?

ББҮ кестесін толтыру.



-Сабақты түсіндіңдер ме?
Сабақ түсінікті болса күліп тұрған смайликті, түсінбей қалсақ жабырқаулы смайликті көрсетеміз.

Үй тапсырмасы: 74 бет ,№3 тапсырма

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет