Медициналық техникалық



Дата12.01.2023
өлшемі96,61 Kb.
#165433
Байланысты:
61. Сабын және синтетикалық жуғыш заттар


МЕДИЦИНАЛЫҚ – ТЕХНИКАЛЫҚ
КОЛЛЕДЖІ» ЖШС





ТОО «МЕДИКО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ»




АУДИТОРИЯЛЫҚ САБАҒЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОСПАРЫ
СТУДЕНТ ҮШІН
«ХИМИЯ» ПӘНІНЕН






4.1. Сабақтың тақырыбы: Сабын және синтетикалық жуғыш заттар
4.2. Сабақтың мақсаты: Сабын және синтетикалық жуғыш заттар. Сабын және синтетикалық жуғыш заттардың құрамы мен қасиеті. Сабын және синтетикалық жуғыш заттардың өндірісі.
4.3. Тезистер:
Өткен материалды қайталау
Сабын – жоғары карбон қышқылдарының тұздары. Кәдімгі сабын, негізінен, пальмитин, стеарин және олеин қышқылдарының қоспасынан тұрады. Натрий тұздары қатты, калий тұздары сұйық сабынның құрамында болады.
Сілті қатысында майлардан сабын алынады.





Эфирлену реакциясына кері реакция сабындану д.а. Сабындану – күрделі эфирлердің сілті қатысында гидролизденуі. Майлардың сабындану процесі күкірт қышқылының қатысында жүреді. Нәтижесінде глицерин және жоғары карбон қышқылы түзіледі.
Сабын алудың бастапқы шикізаты ретінде өсімдік (күнбағыс, мақта) майы, жануар майы, сондай-ақ натрий гидроксиді немесе кальцийленген сода қолданылады. Өсімдік майын алдын ала гидрлеп қатты майға айналыдары.
Сабын өндірісі шикізаттың көп мөлшерін талап етеді, сондықтан сабынды тағамдық өнімдерге жатпайтын заттардан алу міндеті қойылған. Парафинді тотықтырып сабын өндіруге қажетті карбон қышқылдарын алады. Құрамында 10-16 көміртек атомдары бар карбон қышқылдарынан иіссабын алса, 17-21 көміртек атомдары бар карбон қышқылдарынан шаруашылық немесе техникалық мақсаттарға қажетті сабын алынады. Майлардан алынатын сабынның кермек судағы жуғыш қасиеті нашар болады. Сондықтан сабынмен қатар синтетикалық карбон қышқылдарынан алынатын синтетикалық жуғыш заттар қолданылады. Оларды шикізаттың басқа түрлерінен, мысалы, жоғары спирттердің тұздары мен күкірт қышқылынан түзілген алкилсульфаттардан алады. Жалпы түрде мұндай тұздардың түзілуін мынадай теңдеумен беруге болады:



Бұл тұздардың құрамына 12-14 көміртек атомдары кіреді және жуғыш қасиеті де жақсы болады. Алкилсульфаттар көптеген жуғыш ұнтақтардың құрамында кездеседі.


4. Көрнекілік материал: периодтық кесте.
4.5. Әдебиеттер
М.К.Оспанова, К.С.Аухадиева, Т.Г. Белоусова Химия: для 10 класса общественно-гуманитарного направления общеобразовательных школ Алматы: Мектеп, 2019г.
4.6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
1-тапсырма. Тақырып бойынша берілген материалмен танысып конспект жазындар.
2-тапсырма. Сабынның химиялық құрамын түсіндіріндер.
3-тапсырма. СЖЗ қолданудың артықшылығы неде?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет