Меншікті қуат әдісімен есептеу мысалдарын қарастырамыз. 1 мысал.
П = 0,5, СТЕН = 0,3, pn = 0,1 ауданы S = A B =16х10=160 м2 орынжайларда h=3,2 м есептік биіктікте ЛБ типті люминесценттік шамдары бар ЛСП 02-2х40-10 типті шырақтарды (Д-3 типті жарықтың қисық күштері, ПӘК=60%) орнату болжанады. Қор коэффициенті kз =1,8 және бірқалыптылық коэффициенті =1,1 болғанда Ен= 300 лк жарықтылық жасау үшін шырақтардың қажетті санын анықтау талап етіледі.
Кесте бойынша W100 ЛК = 2,9 Вт/м2 табамыз. Бірақ кестеде Ен = 100 лк; kз = 1,5 және ПӘК= 100% болғандықтан пропорционал қайта есептеу арқылы мынаны анықтаймыз: /Л-3/
W = 2,9 * 1,8 * 300 / (1,5 * 0,6 * 100) = 17,4 Вт/м2 Шырақтар саны
N = WS / P = 17,4 * 160 / 80 = 35 дана.
Осылайша, әрқайсысындағы 12 шырақ бойынша 3 қатарды қарастырамыз.
2 мысал.
Ұзындығы 18 м, ені 10 м және биіктігі 4 м өндірістік орынжайда ППР-200 типті 8 шырақ орнату белгіленген. Еден деңгейінен шырақтарды ілу биіктігі 3,5 м. егер орынжай едені деңгейінде нормаланған жарықтылық 20 лк тең болса, шамдардың қуатын анықтау керек. Жарықтандыру желісінің кернеуі 220 В.
1. Кесте бойынша НР = 3,5 м, ЕН = 20 лк және S = 18 10 =180 м2 үшін W = 6,2 Вт/м2 меншікті қуат мәнін табамыз;
2. Шамның талап етілген қуатын табамыз: 6,2 180 / 8 = 139,5 Вт;
3. Қуаты 150 Вт, Б220-150 типті шамды қолданамыз.
Ауданы кіші ( 10 м2 кем) орынжайлар үшін және баспалдық алаңдары үшін қыздыру шамының қуатын 3.2.1-кесте бойынша таңдайды.
3.2.1 – кесте – Қыздырғыш лампаларының кернеуі
Нүктелік әдісіпен жарықтануды есептеу. Нүктелік әдіс орынжайдың кез келген нүктесінде горизонталь, сондай-ақ вертикаль немесе көлбеу жазықтықтарда жарықтылықты анықтау мүмкіндігін береді. Көбінесе ол шырақтардың бір бөлігі орынжайда орналасқан жабдықпен жабылған жағдайларда оқшауланған және сыртқы жарықтандыруды есепеу кезінде, көлбеу немесе вертикаль беттерді жарықтандыру кезінде, сонымен қатар қабырғалары мен төбесі қара өндірістік орынжайларды (құю, ұста цехтары, көбінесе металлургиялық зауыттардың цехтары және т.б.) жарықтандыруды есептеу үшін қолданылады.
Нүктелік әдіс негізіне жарықтылықты және жарық күшін байланыстыратын теңдеу қойылған:
(3.2.4)
мұнда I - шығу көзінен жұмыс бетінің берілген нүктесіне қарай бағытта жарық күші (жарық күшінің қисықтары бойынша немесе шырақтың таңдап алынған типінің кестелері бойынша анықтайды);
– жұмыс бетіне нормаль мен жарық күшінің есептік нүктеге бағыты арасындағы бұрышы;
- есептік нүктеден алшақ шырақтардың және есептік нүктеде жұмыс бетіне түсетін, қабырғалардан, төбеден, еденнен, жабдықтан шағылған жарық ағынының әсерінен ескеретін коэффициент ( = 1,05...1,2 шектерінде қабылдайды);
k – қор коэффициенті;
hp – шырақты жұмыс бетінен ілу биіктігі.
Есептеуді бастар алдында геометриялық қатынастар мен бұрыштарды анықтау үшін шырақтарды орналастыру сұлбасы масштабында сызу керек.
Нүктелік әдіспен есептеу, меншікті қуаты бойынша және пайдалану коэффициенті әдісімен есептеуге қарағанда біршама күрделі. Есептеу арнайы формулалар, номограммалар, графиктер мен қосымша кестелер бойынша жүргізіледі. Горизонталь жазықтықта кеңістіктік изолюкс графиктерінің көмегімен ҚШ бар шырақтардан түсетін жарықтылықты анықтау анағұрлым қарапайым болып табылады. Осындай графиктер әрбір типтегі шырақтар үшін салынады және электрмен жарықтандырудың жобалау бойынша анықтамалық кітаптарда болады. «Изолюкса» деп бірдей жарықтылығы бар нүктелерді қосатын сызықты атайды.
3.2.1-суретте вертикаль ось бойынша метрмен алынған h есептік беттен шырақты орнату биіктігі салынған, ал горизонталь ось бойымен – метрмен алынған d қашықтығы. 30, 20, 15, 10, 7 ... – әрбір қисықта жарық ағыны 1000 лм тең шамы бар шырақтан келетін люкспен алынған жарықтылық қойылған.
А нүктесінде жарықтылықты анықтау үшін h және d шамаларын білу керек. h = 4 м, d = 6 м деп болжаймыз. 3.2.1-суретте вертикаль осьте 4 санынан горизонталь сызық және горизонталь осьте 6 санынан вертикаль сызық жүргіземіз. Сызықтар 1 санымен белгіленген қисық өтетін нүктеде қиылысады. Бұл А нүктесінде С шырағы е =1 лк шартты жарықтылық тудыратынын білдіреді.
Кеңістік изолюкса мақсатын және солар бойынша есептеу мәнін түсіну үшін қарапайым сурет саламыз (4-сурет). Орынжайда есептік беттен, мысалы еденнен h биіктікте С шырағы орнатылған дейік. Еденде А нүктесін аламыз, онда жарықтылықты анықтау керек. Шырақтың О есептік бетіне проекциясынан А нүктесіне қашықтықты d арқылы белгілейміз.
Симметриялы жарық тарататын шырақтардан түсетін жарықтылықты нүктелі әдіспен есептеуді (3.2.3-сурет) мынадай реттілікпен жүргізу ұсынылады:
1. d / hp қатынасы бойынша tg және осыған орай және cos3 бұрышын анықтайды, мұнда d – есептік нүктеден шырақтың симметрия осінен оған перпендикуляр және есептік нүктеден өтетін жазықтыққа проекциясына дейінгі қашықтық;
2. Шырақтардың таңдап алынған типі мен бұрышы үшін жарық күшінің қисығы бойынша (немесе кесте деректері) I таңдайды;
3. (*) формуласы бойынша есептік нүктеде әрбір шырақтан түсетін горизонталь жарықтылықты есептейді;
4. Барлық шырақтар түзетін бақылау нүктесінде қосынды жарықтылықты анықтайды;
5. Есептік нүктеде талап етілген (нормаланған) жарықтылықты алу үшін әрбір шам түзуі тиіс есептік жарық ағынын (люменмен) есептейді;
6. Табылған есептік жарық ағыны бойынша талап етілген қуаттағы шамды табады.