Бейорганикалық


ғ 49 жұмыс. Шынының желінуі



Pdf көрінісі
бет15/28
Дата28.03.2020
өлшемі2,92 Mb.
#60943
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28
Байланысты:
PRAKTIKUM KAZ
PRAKTIKUM KAZ

ғ 49 жұмыс. Шынының желінуі 
 
1. Балқытқыш қышқылдың ерітіндісімен шынының 
желінуі 
 
Қажетті  құрал-жабдықтар  мен  реактивтер:  шыны 
пластинка,  кәрлен  ыдыс,  парафин,  пышақ  немесе  басқа 
өткір  зат,  10%  балқытқыш  қышқылы,  парафинді  балқыту 
үшін электр плитасы. 
 
Шыны  пластинканы  парафинмен  қаптаңдар.  Ол  үшін 
оны  кәрлен  ыдыста  балқыған  парафинге  батырып,  тез 
шығарып 
аласыңдар. 
Пышақтың 
өткір 
ұшымен 
парафинделген  беткі  қабатқа  жазу  жазып  көріңдер. 
Жазудың  шетіне  парафиннен  шағын  қоршау  жасаңдар. 
10%  балқытқыш  қышқылын    парафинделген  пластинкаға 
құйып,  оны  тартқыш  шкаф  астында  қалдырыңдар.  1-2 
сағаттан  кейін  пластинкадан  ерітіндіні  шайып,  парафинді 
алып  тастаңдар.  Шыны  неге  ұшырайды?  Реакция 
теңдеулерін жазыңдар. 
 
2. Құрғақ сутек фторидімен шынының желінуі 
 
Қажетті  құрал-жабдықтар  мен  реактивтер:  кальций 
фториді,  күкірт  қышқылы,  шприцтер,  шыны,  кальций 
сульфаты, қорғасын қондырғы, қорғасын қақпақ. 

 
187 
 
Қорғасын ыдысқа 1 г кальций сульфаты мен 5 г кальций 
фторидінің 
қоспасын 
саласыңдар. 
Жазуы 
бар 
парафинделген 
шыны 
пластинканы 
жазуы 
төмен 
қарайтындай етіп, қорғасын 
‡ондыр‡ы‡а 
орнаты‡дар. 
Кальций  фторидҢне  5  мл 
концентрлҢ 
к‡кҢрт 
‡ыш‡ылын 
‡Ғйып, 
‡ор‡асын 
‡а‡па‡пен 
т‡тҢктҢ  жабы‡дар.  БҢр 
са‡аттан  кейҢн  ‡ыс‡ышпен 
пластинканы  шы‡арып,  оны 
мҒ‡ият 
сумен 
жуып, 
парафиннен 
тазартады. 
Фторсутекпен 
желҢнген 
шыныны‡ беткҢ ‡абатыны‡  
 
43-сурет. 
Шынының құрғақ сутек 
фторидімен желінуі 
алдыңғы  алынғандардан  айырмашылығы  қандай?  Реакция 
теңдеуін жазыңдар. Құрғақ фторсутекпен және балқытқыш 
қышқылдың 
ерітіндісімен 
шынының 
желінуіндегі 
айырмашылықты қалай түсіндіруге болады? 
 
ғ 50 жұмыс. Сутек йодидін алу және оның қасиеттері 
 
Қажетті 
құрал-жабдықтар 
мен 
реактивтер: 
газшығаратын  түтігі  бар  сынауық,  тамшылағыш  құйғы, 
йод  кристалы,  қызыл  фосфор,  лакмус,  мырыш,  магний, 
натрий ацетаты, қорғасын ацетаты, мәрмәр, күміс нитраты, 
фосфор қышқылы (60%). 
1.  Тартқыш  шкафтың  астында 44-суреттегідей  құрылғы 
жинаңдар. Сынауыққа 1-2 г йод және 0,5 г қызыл фосфор 
салыңдар.  Тамшылағыш  құйғыға  (2)  бірнеше  мл  су, 
сынауыққа (4) 3-5 мл су құйыңдар. Газшығаратын түтіктің 
ұшы  қабылдағыш  суының  беткі  қабатына  жақынырақ 

 
188 
болуы  керек.  Неліктен  оны  суға  батыруға  болмайды? 
Тамшылағыш құйғыдан судың бір тамшысын тамызып, не 
болатындығын 
 
бақылау  керек.  Қарқынды 
жүретін 
реакция 
аяқталғаннан 
кейін 
(2) 
тамшылағыш құйғыдан тағы 
да  су  тамызуға  болады. 
Барлық  су  сынауыққа  (1) 
өткенде, 
сынауықты 
қыздыру  қажет.  Қандай  газ 
бөлінеді? 
Оның 
суда 
ерігіштігі  қандай?  Реакция 
теңдеуін жазыңдар. 
44-сурет. 
Сутек  иодидін 
алуға арналған құрылғы 
Алынған 
ерітіндіні 
лакмуспен 
сынаңдар.  Оның  металға 
(мырыш, магний) әсерін  
зерттеңдер.  Үш сынауыққа 1 мл-ден сутек йодидін құйып, 
бірінші  сынауыққа  натрий  мен  қорғасын  ацетатының 
ерітіндісін,  екіншісіне  1-2  тамшы  күміс  нитратының 
ерітіндісін,  үшіншісіне  мәрмәрдің  (кальций  карбонаты) 
кішкене  бөлігін  салыңдар.  Осы  тәжірибелерде  жүретін 
барлық процестер үшін реакция теңдеулерін жазыңдар. 
2.  Сынауыққа  калий  йодидін  аздап  салып,  оған 
концентрлі  фосфор  қышқылын  (60%)  қосып,  жаймен 
қыздырыңдар.  Қандай  газ  бөлінеді?  Реакция  теңдеуін 
жазып, оның қалай өтетіндігін түсіндіріңдер. 
Фосфор  қышқылын  күкірт  қышқылымен  алмастыруға 
бола  ма?  Сәйкес  тәжірибе  жасап,  реакция  теңдеуін 
жазыңдар. 
Галогенсутектердің 
ішінде 
қайсысы 
күштірек 
тотықсыздандырғыш  болып  табылады?  Галогенсутектерді 
олардың  беріктігі  бойынша  қатарға  орналастырыңдар. 

 
189 
Галогенсутектердің  молекулаларының  тұрақтылығының 
олардың иондық және атомдық радиустарына байланысты 
өзгеруін түсіндіріңдер. Галогенсутектер молекулаларының 
диполінің шамалары қандай? (Оқулықтан қараңдар). 
 
ғ 51 жұмыс. Галогенид иондардың тотықсыздану 
қасиетін қарастыру 
 
Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа қауіпті( 
Қажетті  құрал-жабдықтар  мен  реактивтер:  қорғасын 
диоксиді,  жоса  (Pb
3
O
4
),  тұз  қышқылы  (конц.),  калий 
бромиді,  бензол,  калий  йодиді,  күкірт  қышқылы  (конц.), 
темір хлориді (ІІІ), крахмал. 
1.Сынауыққа  қорғасын  диоксидінің  немесе  жосаның  аз 
мөлшерін  салып,  концентрлі  тұз  қышқылын  қосып 
қыздырыңдар.  Қандай  газ  бөлінеді?  Реакция  теңдеуін 
жазыңдар.  
2.Калий  бромидінің  ерітіндісіне  күкірт  қышқылының, 
калий  перманганатының  және  бензолдың  бірнеше 
тамшысын  қосыңдар.  Сынауықты  сілкілеп  араластырып, 
байқағандарыңды түсіндіріңдер. 
3. Калий йодиді ерітіндісінің бірнеше тамшысына абайлап 
концентрлі  күкірт  қышқылының  бірнеше  тамшысын 
қосыңдар.  Қандай  зат  бөлінеді?  Реакция  теңдеуін 
жазыңдар. 
4.  Темір  (ІІІ)  хлоридінің  ерітіндісіне  2-3  тамшы  крахмал 
және калий йодидінің ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? 
Реакция теңдеуін жазыңдар. 
Галогенид-иондардың  тотықсыздану  қасиеттері  F
-
,  Cl
-

Br
-
,  І
-
  қатары  бойынша  қалай  өзгереді?  Реакция 
теңдеулерін аяқтаңдар. 
NaF + H
2
SO
4
 конц. = 
NaCl + H
2
SO
4
 конц. = 
NaBr + H
2
SO
4
 конц. = 

 
190 
NaІ + H
2
SO
4
 конц. = 
Галогенсутек  қышқылының  тұздарына  концентрлі 
күкірт  қышқылымен  әсер  еткенде  жүретін  әртүрлі 
процестерді қалай түсіндіруге болады? 
 
 ҚОСЫМША ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН СИНТЕЗДЕР  
 
1.Хлорлы темір синтезі 
 
Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа қауіпті( 
Қажетті  құрал-жабдықтар  мен  реактивтер:  темір 
үгінділері, бос хлор, көміртек (ІV) оксиді, Кипп аппараты, 
шайғыш,    жанарғы,  күйдіргіш  натр  ерітіндісі  бар  стақан, 
құйғы. 
 
Ұнтақ, сым немесе үгінді түріндегі темірді төрт бөлікті 
түтіктің бірінші бөліміне салып, 300-400
0
С-та оның үстінен 
мүмкіндігінше  құрамында  оттек  жоқ  бос  құрғақ  хлорды 
жіберіңдер (45 сурет). 
2Fe + 3Cl
2
 = 2FeCl

 
 
45-сурет. Жеңіл ұшқыш хлоридтерді алу: 
1 ‡ күкірт қышқылы құйылған көпіршіктерді есептегіш, 2 
‡  хлорланатын  зат,  3  ‡  хлорлауға  арналған  түтік,  4  - 
өнімнің бітелетін орны. 
Реакцияның  жылуымен  темір  қызады  (хлордың 
ағыны  үздіксіз  болу  қажет).  Түзілген  темір  (ІІІ)  хлориді 
FeCl
3
 күлгін 

 
191 
түсті  қара  жапырақ  тәрізді  түрде  түтіктің  2-ші  бөлігіне 
айдалады.  Сонымен  қатар  түтіктің  жіңішке  бөлігін 
жаңарғымен  қыздыру  керек,  онда  темір  (ІІІ)  хлориді 
жиналып  және  тығындалып  қалуы  мүмкін.  FeCl
3
  тазарту 
үшін  оны  хлор  ағынында  бітелетін  түтіктің  3-ші  бөліміне 
250
0
С-да  айдайды.  Хлорды  жою  үшін  бітеудің  алдында 
түтік арқылы көміртек (ІV) оксидін жіберген дұрыс. Темір 
хлориді  ылғалданғыш,  сондықтан  оны  ұшы  бітелген 
ыдыста сақтау керек. 
 
2. Никель, кобальт, хром хлоридінің синтезі 
 
Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа қауіпті( 
Қажетті  құрал-жабдықтар  мен реактивтер:  хлор,  кварц 
түтікше,  түтігі  бар  пеш,  құйғымен  бірге  Г-тәрізді  түтік, 
никель,  хром,  кобальт  ұнтақтары,  құрғақ  көмірқышқыл 
газы, Кипп аппараты, терможұп. 
 
Құрғақ хлорды алу үшін (46 сурет) құрылғы жинап, оны 
түтікшесі  бар  пеште  (2)  орналасқан  кварц  түтікшеге  (1) 
қосу  қажет.  Түтіктің  шығатын  ұшын  құйғы  мен  Г-тәрізді 
түтіктен (3) құралған тығынмен жабыңдар. Хлордың артық 
мөлшерін  сіңіріп  алу  үшін  (4)  кристаллизаторға  қандай 
заттың  ерітіндісін  құю  керек?  Қайықшаға  0,5  г  ұнтақ 
тәрізді  никель  (кобальт  немесе  хром)  сеуіп,  оны  кварц 
түтігінің  ортаңғы  бөлігіне  орналастырыңдар.  Аспапты 
құрғақ  хлормен  толтырыңдар.  Аспаптың  хлормен 
толғанын  қалай  бақылауға  болады?  Пешті  қосып,  оның 
температурасын 700- 750
0
С (терможұп) жеткізу керек. 
Хром  хлоридінің  синтезі 
барысында 
пештің 
температурасы 
750
0
С-тан 
төмен 
болмауы 
қажет. 
Хлордың  ағыны  қарқынды 

 
192 
 
болуын 
қадағалап, 
хлорлылауды  1  сағат  бойы 
жүргізу 
керек. 
Пешті 
өшіріп, 
46-сурет.  Никель,  кобальт 
және 
хром 
хлоридтерін 
синтездеу 
түтікті 
хлор 
атмосферасында 
суытыңдар. 
Түтікті 
суытқан-нан   кейін   құрғақ   
көмір 
қышқыл  газының  ағынымен  (Кипп  аппаратынан)  хлорды 
ығыстырып шығарыңдар. Алынған препаратты ұзартылған 
сынауыққа  салып,  бекітіп  тастаңдар  (көзілдірік  кию 
қажет!).  Алынған  заттың  құрамы  мен  түсі  қандай?  Осы 
жасалған  реакциялар  хлордың  қандай  қасиеттерін 
көрсетеді? 
 
3. Калий йодидінің синтезі 
 
Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа қауіпті( 
Қажетті  құрал-жабдықтар  мен  реактивтер:  темір 
үгінділері,  электр  плитасы,  сүзуге  арналған  қондырғы,  су 
жылытқышы,  кристалдық  йод,  калий  карбонаты,  кәрлен 
табақша, Бюхнер құйғысы, кептіргіш шкаф. 
Конус  тәрізді  құтыға  1-2  г  темірдің  үгінділерін  немесе 
тотықсызданған темірді  салып  оның үстіне  25  мл  су және 
йодтың  есептелген  мөлшерін  құйыңдар.  Қоспаны  йод 
толығымен 
ерігенше 
жаймен 
қыздырыңдар. 
Әрекеттеспеген темірден сұйықтықты басқа құтыға құйып, 
оны қайнағанға дейін қыздырып, қайнап жатқан ерітіндіге 
біртіндеп  20  мл  суда  7  г  карбонат  ерітілген  сұйықты 
қосыңдар  қосыңдар.  Нені  байқауға  болады?  Тұнба  неден 
тұрады?  Реакциялық  қоспаны  ерітіндінің  мөлдір  үлгісінде 
темір  жойылғанша  қыздырыңдар.  (мұны  қалай  тексеруге 

 
193 
болады?).  Ерітіндінің  көлемін  бірқалыпты  ұстап  тұру 
керек. 
Реакция  аяқталғаннан  кейін  тұнбаны  сүзіп,  қабықша 
түзілгенше  жылытқышта  ерітіндіні  буландырыңдар. 
Түзілген  кристалдардың  құрамы  қандай?  Ерітіндіні  0
0
С 
дейін  суытып,  кристалдарды  Бюхнер  құйғысымен    бөліп 
алып,  оларды  кептіргіш  шкафта  кептіріңдер.  Барлық 
реакция теңдеулерін жазыңдар. 
 
4. Йодтылау қышқылының синтезі және оның 
қасиеттерін зерттеу 
 
Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа қауіпті( 
Қажетті  құрал-жабдықтар  мен  реактивтер:  йод 
(кристалы),  азот  қышқылы,  су  жылытқышы,  электр 
плитасы,  кәрлен  ыдыс,  йодтылау  қышқылының  ерітіндісі, 
калий йодиді, темір (ІІ) сульфаты. 
Тәжірибе тартқыш шкафта жүргізіледі! 
1  г  йодты  кәрлен  ыдыста  өлшеп,  азот  қышқылының 
(тығыздығы  1,5  г/см
3
)  есептелген  мөлшерін  қосыңдар. 
Азот қышқылының қайнау температурасы қандай? Қандай 
жоғарғы 
температурада 
жылытқышты 
қыздыруға 
болмайды?  Йод  толық  ерігенше  қоспасы  бар  ыдысты 
қыздырыңдар.  Йод  түссізденгеннен  кейін  ғана  ерітіндіні 
қайнағанша  қыздырып,  ыдыстағы  қоспа  құрғақ  болғанша 
буландырыңдар. 
Бұл  реакция  не  үшін  жүргізіледі?  Алынған  затты 
сынауыққа 
жинаңдар. 
Жүргізілген 
реакциялардың 
теңдеулерін жазыңдар. 
Йодтылау қышқылының  ерітіндісін  дайындап,    оны  екі 
сынауыққа  бөліңдер.  Бір  сынауыққа  калий  йодидінің 
ерітіндісін  құйып,  қандай  зат  бөлінетінін  анықтаңдар. 
Реакция теңдеулерін жазыңдар. 

 
194 
Екінші  сынауыққа  темір  (ІІ)  сульфатының  ерітіндісін 
құйыңдар.  Реакция  теңдеулерін  жазыңдар.  Жүргізілген 
тәжірибелер  йодтылау  қышқылдың  қандай  қасиеттерін 
көрсетеді? 
5. Тұз қышқылын алу 
 
Қажетті  құрал-жабдықтар  мен  реактивтер:  натрий 
хлориді, күкірт қышқылы (конц.), ареометрлер жиынтығы, 
пикнометрлер. 
Тәжірибе тартқыш шкафта жүргізіледі! 
Тұз  қышқылын  алу  үшін  47  суретте  көрсетілгендей 
құрылғы  жинаңдар  да,  құтыға  10  г  натрий  хлоридін 
салыңдар.  
 
Шыны  т‡тҢкшелердҢ  ты‡ыз 
жал‡астыру  керек.  Стаканда  6  мл 
концентрлҢ  к‡кҢрт  ‡ыш‡ылын  3  мл 
су‡а  жаймен  ‡Ғя  отырып,  абайлап 
араластыры‡дар. 
Алын‡ан 
ерҢтҢндҢнҢ  натрий  хлоридҢ  бар 
‡Ғты‡а 
шыны 
тая‡ша 
бойымен 
‡Ғйы‡дар.  Газ  шы‡атын  т‡тҢгҢ  бар 
ты‡ынмен 
‡Ғтыны 
жауып, 
‡ыздыры‡дар.  ‡Ғй‡ыны  2-3  мл-ден 
асырмай  су‡а  батыры‡дар.  Газды‡ 
бҰлҢнгенҢ 
то‡та‡аннан 
кейҢн, 
‡Ғй‡ыны 
кҰтерҢп, 
‡Ғтыны-
‡ыздыруды то‡таты‡дар.  
47-сурет. 
Тұз 
қышқылын алу 
Сутек 
хлоридінің 
сулы 
ерітіндісін 
бөлме 
температурасына  дейін  салқындатып,  алынған  ерітіндінің 
көлемін өлшеңдер. Ареометр немесе пикнометр көмегімен 
тұз  қышқылының  тығыздығын  анықтаңдар.  Натрий 
хлоридініңалынған 
өлшендісінен 
сутек 
хлоридінің 
шығымын есептеңдер. 
 

 
195 
6.Хлор (І) оксидін Cl
2
O алу 
              (хлорлылау ангидриді) 
 
Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа қауіпті( 
Қажетті  құрал-жабдықтар  мен  реактивтер:  сары  түсті 
сынап  оксиді,  құрғақ  хлор  ағыны,  мойнақ  (реторта(, 
салқындатқыш қоспа. 
 
Хлор  оксидін  тартқыш  шкафта  Пелуза  әдісі  бойынша 
алу керек. 
0
0
С-та  жаңадан  тұнбаға  түсірілген  және 
300
0
С-та 
 
Hg-CІ 
 
2HgO + 2Cl
2
 = O 
 
+ Cl
2
O + 16 ккал 
 
Hg-CІ 
 
кептірілген сары түсті сынап (І) оксидіне құрғақ газтәрізді 
хлордың  әлсіз  ағынымен  әсер  ете  отырып  алады.  (Бұл 
жағдайда  сары  сынап  оксиді  қызылға  қарағанда  тез 
ыдырайды).  Күйдірілген  пемза  араластырылған  сары 
сынап  оксиді  бар  мұзбен  салқындатылып  тұрған  Д  түтігі 
арқылы  А  құтысында  алынған,  В  шынысауытында 
жуылған,  С  түтігінде  кептірілген  хлорды  жіберіңдер. 
Хлордың  сары  сынап  оксидімен  әрекеттесуі  нәтижесінде 
хлор (І) оксиді және сынап оксихлориді түзіледі.  
Т‡зҢлген  
хлор    (Қ)    оксидҢн 
0
0
С 
дейҢн 
суытылатын 
мойна‡‡а 
немесе 
т‡тҢкке Е жина‡дар. 
Абайла‡дар, 
газ 
 

 
196 
тыныс 
алу 
органдарын 
за‡ымдай-ды! 
Т‡зҢлген  ‡осылыс-
ты‡  т‡сҢ  ‡андай? 
Оны‡  ‡асиеттерҢн 
толы‡ыра‡ 
сипатта‡дар. 
 
    48-сурет. Хлор (І) оксидін алу 
 
 
 
7. Бромдылау қышқылды калий алу 
Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа қауіпті( 
Қажетті  құрал-жабдықтар  мен  реактивтер:  кәрлен 
стақан,  40%  КОН  ерітіндісі,  электр  плитасы,  сүзуге 
арналған  қондырғы,  йодкрахмалды  қағаз,  сұйық  бром, 
газтәрізді хлор, фенолфталеин. 
 
Кәрлен  стақанға  3  мл  40%  күйдіргіш  калий  ерітіндісін 
құйыңдар. 
Түтігі 
стақан 
түбіне 
жетіп 
тұратын 
тамшылағыш  құйғыдан  араластыра  отырып,  сілті 
ерітіндісіне  1  мл  бром  құйыңдар.  Одан  соң  ерітіндіні 
хлормен қанықтырыңдар (не үшін?). 
Реакцияның  аяқталғанын  анықтау  үшін  ерітіндінің  аз 
мөлшеріне  су  қосып,  бром  мен  хлор  толық  жойылғанша 
(йодкрахмалды 
қағазбен 
көру 
керек) 
қайнатып, 
фенолфталеин  қоссаңдар,  ерітіндінің  түсі  өзгермеуі  керек. 
Ерітіндіні 
бөлме 
температурасына 
дейін 
суытып, 
кристалдарды сүзіп алыңдар. 
Сынауықта  бромдылау  қышқыл  калийдің  аз  мөлшерін 
қыздырып,  оттектің  бөлініп  жатқандығын  байқаңдар. 
Реакция теңдеуін жазыңдар. 
 
12. КҮКІРТ 

 
197 
 ғ 52 жұмыс. Күкірт аллотропиясы 
 
Қажетті  құрал-жабдықтар  мен  реактивтер:  электр 
плитасы,  кәрлен  тостаған,  сүзуге  арналған  қондырғы, 
жабуға  арналған  шыны,  микроскоп,  кәрлен  отбақыраш, 
сағат  шынысы,  кең  сынауық,  ағаш  ұстағыш,  жанарғы, 
кристаллизатор,  үлғайтқыш,  күкірткөміртек  (CS
2
-отқа 
қауіпті!), S(ұнтағы) 
 
1.  Ромб  түріндегі  күкірт  (тартқыш  шкафта  жасау 
керек!) 
Құрғақ сынауыққа 4-5 мл күкірткөміртек құйып,  аз-аздан 
қаныққан  ертінді  алынғанша  күкірт  ұнтағын  салыңдар. 
Алынған  ерітіндіні  кәрлен  тостағанға  сүзіп  алып, 
шынымен жауып, суы ұшып кетуі үшін тартқыш шкафтың 
астына қойып қойыңдар. 
 
Алынған  ерітіндінің  тамшысын  шыныға  тамызып, 
үстінен  шынымен  жауып,  микроскоппен  кристалдарды 
көріңдер.  Түзілген  кристалдарды  қарастырып,  суретін 
салыңдар. 
2. Моноклинді күкірт. 
Кәрлен  отбақырашқа  күкірт  толтырып,  оны  жаймен 
балқытыңдар.  (Балқыма  отбақыраштың  жартысына  дейін 
болуы  керек).  Кристалдық  қабықша  пайда  болғанша 
отбақырашты 
суытыңдар. 
Кристалдар 
ортасына 
жиналғанда,  қатып  үлгермеген  күкіртті  суы  бар  стақанға 
тез  құйыңдар  да,  ұлғайтқышпен  кристалдарды  қарап, 
суретін  салып  алыңдар.  Кристалдарды  сағат  шынысында 
күкірткөміртекте  ерітіңдер.  Күкірткөміртек  ұшып  кеткен 
соң,  қайтадан  түзілген  кристалдардың  пішінін  көріңдер. 
Полиморфизм дегеніміз не? 
3. Пластикалық күкірт. 
Құрғақ  сынауықтың  үштен  бір  бөлігіне  күкірт  түйірлерін 
салып,  сынауықты  ағаш  ұстағышпен  ұстап,  жанарғы 

 
198 
жалынында жаймен қыздырыңдар. Балқыған күкірттің түсі 
мен 
қозғалысына 
көңіл 
аударыңдар. 
Қыздыруды 
жалғастыра  отырып,  күкірттің  түрінің  өзгеруі  мен 
тұтқырлығының өсуін бақылаңдар. Қайнау температурасы 
аймағында  күкірт  қарайып,  қайтадан  қозғалғыш  күйге 
түседі.  Осы  сәтте  күкіртті  суық  суы  бар  кристаллизаторға 
сыздықтатып құйыңдар. Алынған массаны судан шығарып 
алып,  екі  сүзгі  қағазының  ортасына  салып  кептіріңдер. 
Күкірттің созылғыштығы мен күкірткөміртекте ерігіштігін 
анықтаңдар.  Алынған массаның  бір  бөлігін  келесі  сабаққа 
дейін қалдырып қойып, тағы да оның физикалық қасиетін 
зерттеңдер. Күкіртте болған өзгерістерді түсіндіріңдер. 
 
ғ  53 жұмыс. Күкіртсутек. Сульфидтер 
 
Қажетті  құрал-жабдықтар  мен  реактивтер:  электр 
плитасы,  газ  шығатын  түтігі  бар  тығынмен  жабдықталған 
сынауықтар,  шырпы,  технохимиялық  таразы,  темір 
сульфиді  (FeS),  20%  тұз  қышқылы,  лакмус  қағазы,  шыны 
пластина,  кәрлен  отбақыраштың  қақпағы,  “қорғасын 
қағазы”  (қорғасын  ацетаты  ерітіндісі  сіңірілген  сүзгі 
қағазы),  күкірт  және  алюминий  ұнтақтары,  кәрлен 
отбақыраш,  магний  жолағы,  темір  (ІІ),  мырыш,  кадмий, 
қорғасын  (ІІ),  сүрме  (ІІІ),  мыс  (ІІ),  аммоний  сульфидінің 
ерітіндісі,  10%  H
2
SO
4
,  хлор  суы,  бром  суы,  калий 
перманганаты және дихроматы ерітінділері. 
 
1.  Күкіртсутек  алу  және  оның  қасиеттері  (тартқыш 
шкафта топ болып жасалатын жұмыс) 
 
1. 1-2 г темір (ІІ) сульфидін өлшеп, сынауыққа салып, оған 
5-8  мл  20%  тұз  қышқылын  құйыңдар.  Сынауықты  ұшы 
ұзын  газ  шығатын  түтігі  бар  тығынмен  жабыңдар.  Не 
байқалады? 

 
199 
 
Реакция  басталғаннан  кейін  шырпымен  газ 
шығатын  түтіктің  ұшындағы  күкіртсутекті  жағып  көріп, 
жанып  жатқан  күкіртсутек  жалынында  лакмус  қағазын 
ұстап тұрып, оның түсінің өзгеруін байқаңдар. 
2.Жалынға суық шыны пластинкасын ұстап көріңдер. Нені 
байқауға болады? 
3.Жалынды  өшіріп,  газ  шығатын  түтіктің  ұшына  сумен 
ылғалдандырылған  “қорғасын”  және  лакмус  қағаздарын 
ұстап  көріңдер.  Не  байқалады?  Реакция  теңдеуін 
жазыңдар. 
4.Бірнеше  сынауыққа  бром,  хлор  суларын,  қышқылданған 
калий 
перманганаты, 
дихроматы 
ерітінділерін, 
дистилденген  су  құйыңдар.  Барлық  ерітінділер  арқылы 
күкіртсутек  ағынын  жіберіңдер.  Әр  ерітіндіге  батырылған 
сайын  газ  шығатын  түтіктің  ұшын  дистилденген  сумен 
шайып отыруды ұмытпаңдар. 
Күкіртсутектің  сулы  ерітіндісінің  лакмусқа  әсерін 
анықтаңдар.  Нені  байқауға  болады?  Реакция  теңдеуін 
жазыңдар.  Неліктен  күкіртсутек  атмосферада  жиналып 
қалмайды?  Күкіртсутек  тотықтырғыштық  қасиет  көрсете 
ме? 
 
2.  Алюминий  сульфидін  алу  (тартқыш  шкафта   
жасалатын жұмыс). 
Технохимиялық таразыда қоспаларының массасы шамамен 
4 г болатын күкірт және  ағаш ұнтақтарының эквивалентті 
мөлшерін 
өлшеп 
алыңдар. 
Қоспаны 
жақсылап 
араластырып,  кәрлен  отбақырашқа  салып,  магний 
жолағының  көмегімен  жағыңдар.  Реакция  басталысымен 
қыздыруды  тоқтатыңдар.  Алынған  алюминий  сульфидін 
суытыңдар. 
 
Бір  сынауыққа  ыстық  дистилденген  су  құйып, 
екіншісіне  сұйытылған  тұз  қышқылын  құйып,  екі 
сынауыққа  да  алюминий  сульфидін  салыңдар.  Не 

 
200 
байқалады?  Реакция  теңдеуін  жазыңдар.  Алюминий 
сульфидін ерітіндіде алуға бола ма? 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет