Бейсебаева салтанат бейсекуловна «мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы»



бет10/32
Дата08.02.2022
өлшемі301,16 Kb.
#119190
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32
Байланысты:
Бейсебаева салтанат бейсекуловна «мемлекет ж не Ы теориясы»

Пысықтау сауалдары
1. Мемлекеттерді типтерге бөлудің мәнісі мен мағынасы және тәсілдері.
2. Осы заманғы жүйелерді жіктеп бөлугерге негіз болатындарды, яғни белгілерді атаңыз.

Дәріс 8
1. Мемлекеттік құрылым нысаны.
2. Саяси режим және оның түрлері.
Мемлекет және құқық теориясы мемлекет түрін анықтауда үш негізгі, бір-бірімен байланысты қатынасты көрсетеді: басқару тәртібі, ұлттық – мемлекеттік және әкімшілік – аумақтық құрылым тәртібі, саяси тәртіп. Сөйтіп, мемлекет түрі дегеніміз мемлекет құрылымының басқару тәртібіне және саяси тәртібіне байланысты қалыптасқан қоғамның ұйымдастырылу құрылымы. Мұнда жоғары билік ұйымдары, жоғары мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдар мен азаматтар арасындағы өзара қатынастары бейнеленеді. Басқару түрлері билікті ұйымдастыру әдісіне қарай екіге бөлінеді: монархия және республика.
Монархия басқару тәртібінде жоғары мемлекеттік билік мұра арқылы ие болған және тұрғындардың алдында жауапқа ие, жалғыз мемлекет басшысы монархқа жатады. Басқарудың монархиялық түрінің өзі 2-ге бөлінеді: 1) шексіз (абсолюттік) монархия, 2) Конституцилық монархия. Абсолюттік монархияда жалғыз мемлекеттің жоғары органы – монархқа шексіз билік беріледі. Монарх – заң шығарушы, атқарушы және сот билігін өз қолына топтастырған. Қазіргі кезде мұндай басқару түрі Сауд Арабиясына, Біріккен Араб Эмиратына, Катар, Оманға жатады. Конституциялық монархияда монархтың билігі конституциямен шектеледі. Конституциялық монархияның өзі екіге бөлінеді: дуалистік және парламенттік монархия.
Дуалистік монархияда монархтың қолында негізінен атқарушы билік және аздаған заң шығарушы билік, үкімет құру құқығы, министрлерді бекіту және оның алдында олардың жауап беруі, құқық ветосы және парламент тарқату құқығы беріледі.
Мұндай басқарудағы елдер – Иордания, Кувейт және Марокко. Парламенттік монархияда монархтың құқықтық жағдайы шектелінеді, мұнда монарх мемлекет басшысы болып есептелгенімен шын мәнінде өкілдік қызметке ғана ие болады және аздаған атқарушы билік қызметі беріледі. Кейде заңда көрсетілген жағдайларға байланысты парламент шешіміне вето (тоқауыл) қояды және парламентті тарқата алады. Мұнда министрлер парламенттің сенім вотумына байланысты бекітіледі. Сөйтіп, үкімет парламенттік жолмен құрылады. Қазіргі кезде мұндай басқару түрі Ұлыбритания (мемлекет басшысы – королева), Бельгия (мемлекет басшысы – король), Дания (мемлекет басшысы – монарх), Швеция, Испания т.б. елдерде қолданылады.
Басқарудың екінші түрі – республика. Республикалық басқаруда биліктің қайнар көзі көпшілік халық және мемлекеттің жоғары органын азаматтар сайлайды, яғни мемлекеттегі жоғары билік белгілі мерзімге сайланатын, сайлаушылар алдында жауапты сайланған органға жатады. Барлық республикалар аристократиялық және демократиялық болып бөлінеді. Казіргі кезде демократиялық республикаларды басқару түріне қарап үшке бөлеміз:

  1. парламенттік;

  2. президенттік;

  3. «аралас» немесе жартылай президенттік.

Парламенттік республикада үкімет парламенттік негізде құрылады. Мемлекеттің саяси өмірінде шешуші орынды премьер-министрдің басшылығымен құрылған парламеттік үкімет алады. Сөйтіп, парламент тек заң шығарушы ғана емес, бақылаушы үкіметтік орган. Президент мемлекеттік басшы болғанымен, үкімет басшысы бола алмайды. Үкімет партиялар негізінде құрылады. Қазіргі кезде парламеттік республикаға Австралия, Үндістан, Израйль, Туркия, Швейцария жатады.
Президенттік республика – республикалық басқарудың ең көп тараған түрі. Президенттік республикаға тән нәрсе президентке мемлекет басшысы өкілеттігі және атқарушы билік басшылығының жатуы. Ол ішкі және сыртқы саясатты басқарады, қарулы күштердің жоғары басшысы болып есептеледі. Президенттік республикада үкімет тұрақты болып келеді. Мұнда биліктің заң шығарушы және атқарушы, сот тармақтары қатаң бөлінеді. Парламент үкіметке сенімсіздік жариялай алмайды. Себебі, президентте парламентті тарату құқығы болмайды. Президент тарапынан антиконституциялық әрекеттер немесе қылмыс жасалған жағдайда, оған импичмент (мерзімінен бұрын қызметтен босатылуы) жарияланады. Президенттік республикаға АҚШ, Аргентина, Өзбекстан, Қазақстан жатады.
Жартылай президенттік немесе «аралас» республика – республиканың үшінші негізгі түрі. Басқарудың бұл түрі мықты президенттік билікті үкіметтің қызметін парламенттің тиімді бақылауымен ұштастырады. Оның басты сипаты үкіметтің әрі президент, әрі парламент алдындағы екі жақты жауаптылығы.
Жартылай президенттік республиканың классикалық түрі – Франция. Мұнда парламент президентті босата алмайды, ал президент парламентті тарата алады, бірақ міндетті түрде жаңа парламенттік сайлау мерзімін жариялау керек. Парламенттік – президенттік аралас республиканың бірі – Португалия. Мұнда үкіметті президент және парламент біріге отырып құрады. Осындай басқарудағы республиканың түрлеріне Австрияны, Ирландияны, Польшаны, Финляндияны, Болгарияны т.б. жатқызамыз. Сөйтіп, республикалық басқару-ұжымдық басқару болып есептелінеді.
Мемлекеттің құрылым тәртібі дегеніміз мемлекеттің аумақтық ұйымдастырылуы. Барлық мемлекеттерді мемлекеттік құрылымына қарап жай және күрделі деп бөлеміз: 1) жай немесе унитарлы (біртұтас) мемлекет деп біркелкі, саяси біртұтас орталықтанған мемлекетті айтамыз. Әкімшілік-аумақтық бірлестігінде ешқандай мемлекеттік құрылымның болмауымен сипатталынады. Унитарлы мемлекетте біртұтас жоғары органдар жүйесі, біртұтас сот жүйесі, біртұтас азаматтық және бірканалдық салық жүйесі қызмет етеді. Мысалы, Қазақстан. 2) Күрделі мемлекеттер деп белгілі бір бөлігінің өз бетінше басқарылуы. Мұндай күрделі мемлекеттерге империя, конфедерация, федерация, өзара достықпен құрылған одақтар және бірлестіктерді жатқызамыз.
Империя – күштеу арқылы құрылған күрделі мемлекет. Оның құрамды бөлігі жоғарғы билікке тәуелді болады. Империяда ешуақытта біртұтас мемлекеттік - құқықтық статус болмайды. Мысалы, Рим империясы, Британ империясы т.б. Конфедерация – тәуелсіз мемлекеттердің белгілі бір саяси ортақ мақсатқа жету үшін жасасқан одағы. Конфедерация мүшелері өздерінің толық мемлекеттік тәуелсіздігін сақтайды. Олар әскери, экономикалық, саяси, т.б. мақсат үшін уақытша құрылады. Конфедерациялық одақтар АҚШ-та (1776-1784 ж.ж), Швецарияда (1848 ж.дейін), Германияда (1815-1867ж.ж) т.б. құрылған. Мұндай бірлестіктер не тарқап, не федерацияға айналады. Федерация – күрделі одақтық мемлекет, ол құрылымдардан құралады. Федерацияда – орталық пен жеке мемлекеттер арасындағы бөлінген мөлшердегі дербестік сақталады, өз конституциялары, заң шығарушы, атқарушы және сот органдары болады, қос азаматтығы бар мемлекеттердің тұрақты одағы. Федерация аумақтық,не болмаса ұлттық -мемлекеттік принцип негізінде құрылады. Мысалы, АҚШ – 51 штаттан, Ресей – 89 федерациялық субъектілерден, Германия бірнеше жерлерден тұрады.
Өзара достықпен құрылған мемлекеттер. Олар өздеріне тән экономикаға, құқыққа, тілге, мәдениетке, дінге байланысты белгілері бойынша бірігеді. Өзара достық мүшелері толық тәуелсіз халықаралық қатынастар субъектілері болып табылатын суверентетті мемлекеттер. Мысалы, тәуелсіз мемлекеттер достығы (ТМД)
Мемлекеттер бірлестігі – қоғамның мемлекеттік ұйымға өту түрі. Бұның негізіне мемлекет – аралық келісім жатады. Көптеген жағдайларда конфедеративті бірлестік жағына өтеді. Мысалы, Европалық бірлестік.
Саяси тәртіп дегеніміз мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістерінің жүйесі, қоғамның саяси жағдайының қорытындысы, яғни саяси күштердің қызметінің нәтижесі.
Мемлекеттік билікті жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдеріне қарап екі түрге бөлеміз: 1) демократиялық; 2)антидемократиялық.
Демократиялық тәртіптің негізгі белгілері:

  1. тұрғындардың мемлекеттік билікті іске асыруға тікелей (қоғамдық өмірдегі маңызды мәселеге азаматтардың референдум арқылы қатысуы) және өкілдік демократия арқылы (халық өз билігінсайланған өкілдік органдары арқылы іске асыру) қатысуы;

  2. шешімдердің азшылықтың мүддесін қорғай отырып көпшілікпен қабылдануы;

  3. мемлекеттік биліктің орталық және жергілікті органдарының сайлануы және алмаса алушылығы, олардың сайлаушылары алдындағы жауаптылығы, жариялылығы;

  4. сенім, келісім әдістерінің биік болуы;

  5. қоғамдық өмірдің барлық саласында заңның жоғары болуы;

  6. адам және азамат құқығы мен бостандығы шын мәнінде жарияланып қамтамасыз етілуі;

  7. саяси плюрализмнің, сонымен бірге көп партиялық жүйенің болуы;

  8. биліктің бөлінуі т.б.

Антидемократиялық тәртіптің бірнеше түрі белгілі: тирандық, деспоттық, фашистік, тоталитарлы және авторитарлы.
Антидемократиялық тәртіпке мынадай негізгі белгілер тән:

  1. бір ғана саяси партияның билік етуі;

  2. жалғыз арнаулы идеологияның болуы;

  3. меншіктің жалғыз түрінің билік етуі;

  4. саяси құқықтар мен бостандықтардың болмауы;

  5. жаппай құғын-сүргіннің және заңсыздықтардың орын алуы;

  6. қоғамның таптарға, касталарға және т.б. белгілеріне қарай бөлінуі;

  7. халық тобының төмен экономикалық жағдайы;

  8. сыртқы саясатта жаулаушылық қимылдарын т.б. жасауы.

Сөйтіп, адамзат баласы мыңдаған жылдар бойы қоғамда мемлекеттік ұйымдастырудың дамыған түрін іздестіруде. Бұл мемлекет түрлері қоғамның дамуына байланысты өзгеріп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет