Бейсебаева салтанат бейсекуловна «мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы»



бет17/32
Дата08.02.2022
өлшемі301,16 Kb.
#119190
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32
Байланысты:
Бейсебаева салтанат бейсекуловна «мемлекет ж не Ы теориясы»

Пысықтау сауалдары:
1. Құқық нормасының ерекшелігін сипаттаңыз.
2. Құқық нормасының ішкі құрылымы қандай болады?
3. Құқық нормасының негізгі түрлерін атап көрсетіңіз.
4. Құқық нормасы мен нормативтік құқықтың акт бабының арақатыстылығын сипаттап беріңіз.


Дәріс 16
1. Құқықтың қайнар көздері.
2. Нормативтік құқықтық акт, оның белгілері және жеке-құқықтық актілерден (қолдану және талқылау актілері) айырмашылығы.
3. Нормативтік құқықтық акт –қазіргі қазақстандық құқықтың негізгі қайнар көзі.
Құқық қоғамдағы адамдардың өзара қарым – қатынасын реттеп отыратын, мемлекет белгілеп, қорғайтын нормалар мен ережелердің жиынтығы. Құқықтың пайда болуы немесе қоғамдық қатынастарға байланысты қайта құрылуы, құқықтың мазмұнының, мәнінің өзгергендігі, мемлекеттегі заңның, құқықтық тәртіптің дәрежесінің көрінісі реттінде қалыптасуы. Құқық мемлекеттің әлеуметтік процестерді басқару қажеттілігінен келіп туады. Құқықтың күші заң ретінде тіркелуінде емес, оның қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтып, оны реттеуге қатысуында.
Құқықтың негізгі қайнар көздеріне нормативті – құқықтық актілер, құқықтық салт-дәстүрлер, сот үлгі істері (прецеденті), діни нормалар, келісім – шарт жатады. Сонымен бірге, археологиялық қазбалар арқылы табылған құқықтың тарихи ескерткіштері, қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық базиске негізделген сол дәуірдегі азаматтардың еркін білдіретін іс-әрекеттігі құқықтық актілер, заң тәжірибесі, сот шешендік сөздері, заңгерлер шығармалары және т.б. құқықты тану көздері болып саналады.
Құқықтың сыртқы көрінісі мемлекеттің еркін көрсетеді және әлеуметтік – экономикалық базиске байланысты азаматтардың еркін бекітеді. Нарықтық экономикаға өтуге байланысты Қазақстанның құқық жүйесінде өзіне тән қалыптасу жолдары мен тәсілдері пайда болды. Құқық халықтың мүддесіне қызмет ете отырып саяси билікті бекітіп, қамтамасыз етеді. Заңдарға демократиялық түр бере отырып, заң органдарында нормативті актілерді дайындап, дамытып отырады. Сондықтан құқықтың қайнар көзі деп мемлекеттен шығатын немесе арнаулы түрде танылған құқық нормаларымен бекітілген заң айтылады. Бұл заң мемлекет тарапынан қорғалып, қамтамасыз етіледі. Ол жалпыға бірдей міндетті бүкіл халықтың тіршілік тынысын білдіретін актілер жүйесі болып танылады. Арнайы түрде құқықтың екі қайнар көзін атаймыз:
1-ден, құқық шығармашылық арқылы пайда болған заңдар, ол тікелей мемлекет органдарынан туындайды. Бұл арнайы құжатта бекітілген, белгілі қоғамдық қатынастарды анықтап, реттейтін құқық нормалары, яғни нормативті құқықтық актілер. Оған, мемлекеттің Негізгі заңы (конституция), заңдар, заңға негізделген актілер жатады.
2-ден, санкцияландырылған жолмен, мұнда мемлекеттік органдар әлеуметтік нормаларды (салт-дәстүр, корпоративті) қолдайды және оларға заңдық күш береді.
Санцияландырылған салт–дәстүр дегеніміз көптеген пайдаланулардың нәтижесінде әдетке айналған және адамдардың санасында қалыптасқан, тарихи түрде құралған іс-әрекет ережесі. Бұл ереженің мәні өзінің күштеу әдісімен бақылайтын жалпыға міндетті мәнге ие салт-дәстүрлер. Мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы салт-дәстүрлерге заңды мән береді.
Құқық барлық уақытта әлеуметтік келісімде болады:
1-ден, заң түрінде қоғамдық қатынастарға байланысты көрініп отырады, оның мазмұны экономикалық шеңберде нақты құқықтық қатынасқа байланысты пайда болған екі жақтың құқығы мен міндеттерінен тұрады. 2-ден, мемлекеттің қоғамдық дамуын, толық түрде қалыптаспаған қатынасты заңды түрде бекітеді және оны қоғамдық тәжірибеде қалыптасуына және бекітілуіне белсенді түрде әсер етеді.
3-ден, құқықтың пайда болуына заң тәжірибесінің де әсер бар. Осының нәтижесінде құқық пайда болып, дамып, жетіліп отырады.
Конституция – тұрақты ережелерге (заңдарға) байланысты арнаулы құжатта (бір немесе бірнеше құжаттарда) бекітілген жүйе, яғни мемлекеттің құрылымын, оның ұйымдастырылу принциптерін, саяси еркіндік әдістерін, шешімдерді қабылдауды, сонымен бірге мемлекеттегі жеке тұлғаның жағдайын анықтайды. Мемлекеттегі қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің барлық жүйесін қамтиды.
Демократиялық мемлекеттерде Конституция маңызды екі бөлімнен тұрады.
1-сінде, мемлекет пен жеке адамның арасындағы қарым-қатынас нормаларын, жеке тұлғаның құқығын, барлық азаматтардың теңдігін бекітіп, дискриминацияға (кемсітуге) тиым салады.
2-ден, мемлекеттің құрылымын (республика, монархия, федерация т.б.), әртүрлі билік түрлерін, парламенттің, президенттің, үкіметтің және соттың қарым-қатынас ережелерін, басқару органдарының қызмет тәртібін және құрылысын анықтайды.
Құқықтың 2-і қайнар бастауы – конституцилық заңдар. Конституциялық заңдар мемлекеттегі әлеуметтік және саяси өмірдің маңызды жақтарын қамтып отырады. Себебі, Конституция барлығын бірдей және әрбірін тәмпіштеп бере алмайды, сондықтан Конституциямен бірдей, бұл заңдар да Конституция тәртібімен қабылданады (мысалы, Президент туралы заң, парламент туралы заң, сайлау заңдары т.б.). Бұл заңдарды қажет деп танылған саланың іс-әрекеті толық қамтылады.
Құқықтың 3-і қайнар бастауы – ағымдағы (кәдімгі) заңдар. Бұл заңдарды парламент заң бекіткен тәртіппен қабылдайды. Мысалы: «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң, яғни кәдімгі заң, бірақ жеке адам үшін Конституциядан да маңызды заң болып саналады.
Құқықтың 4-і қайнар бастауы, заңдарды орындату нәтижесінде мемлекеттің атқару билік органдарының нормативті құқықтық актілері. Кей кезде олар Конституцияданда жоғары болады (мысалы:Ресей Федерциясы Конституциялық соты т.б.).
Құқықтың 5-і қайнар бастауы, сот шешімдері (прецеденті) өзекті мәселе туралы Конституция қамтый алмаған жағдайда шығатын сот шешімдері, кейін олар басқа соттарға да үлгі болады. Сот прецеденті соттық және әкімшілік болып бөлінеді.
Құқықтың 6-ы қайнар бастауы – құқықтық салт- дәстүр: мұны мемлекет жазбаша түрде бекітеді.
Құқықтың 7-і қайнар бастауы – нормативті мәндегі келісім – шарт. Мемлекеттің халықаралық аренадағы сыртқы қызметіне және ішкі құрылымдағы қызметтерге байланысты келісім – шарттар түзеледі. Халықаралық, конституциялық,еңбек, азаматтық т.б. құқық саласында кең түрде пайдаланылады.
Нормативтік шарт - бұл екі немесе одан да көп жақтардың жасасқан шешімі. Мұның өзі жалпыға бірдей міндетті болады және мемлекет күшімен кепілдендіріледі.
Нормативтік шарттар бірте-бірте конституциялық, еңбек, азаматтық, халықаралық және құқықтың басқа да салаларында кеңінен таралып қолданыла бастады. Олар мемлекет ішінде қолданылатын және халықаралық, құрылтайлық және әдеттегі, типтік және ағымдық деген түрлерде болады.
Ең жиі таралған түрі кәсіпорын әкімшілігі мен еңбек ұжымының өкілі болып табылатын кәсіподақтың арасында жасалған ұжымдық шартты мысалға келтіруге болады. Бұл шарт еңбек қатынастарын реттеуде маңызды рөл атқарады.
Құқықтың 8-і қайнар бастауы, органдар заңы, бұл негізгі заңға байланысты органдар мәртебесін көрсететін заңдар. Олар бүкіл республиканың аумағында толық міндетті түрде орындалуға тиіс.
Заң ғылымында түрлі философиялық - нысан (форма), мән, қызмет (функция), мазмұн деген сияқты санаттар (категориялар) жиі қолданылады. Мысалы, нысан (форма) деп заттың, пәннің, құбылыстың ішкі мәнің білдіретін сыртқы көрінісі ұғынылады.
Мән - пәннің, заттың, құбылыстың негізгі тағайыны, оның не үшін қажет екендігінің, қандай пайдаға асыруға болатындығының көрсеткіші.
Қызмет - сан алуан пәннің, заттың немесе кұбьшыстың негізгі тағайыны, оның іс-өрекетінің негізгі бағыггары.
Мазмұн пәннін, заттың немесе кұбылыстың осы нысан шегіндегі аясының ішіндегісі, ішкергі жағындағы бары-нәрі.
Құқық қоғамдык құбылыс ретінде ішкі және сырт нысанды болып келеді. Құқықтың ішкі нысаны - оның құрылысы (құрылымы), элементтерінің жүйесі. Бұлар осы құбылыстың (яғни құқықтың) мазмұнын құрайды.
Құқықтың сыртқы нысаны - деп формалды түрде құқықтық құбылыстарды баянды ететін зандық негіздердің кешені ұғынылады. Осы заңдык негіздердің кешені құқықтық нормалардың адресаттарына олардың нақты мазмұнымен танысуына және оларды пайдалануына мүмкіндік туғызады.
"Құқық нысаны" және "құқық негіздері" деген ұғымдар бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ біріне бірі дәл келмейді. "Құқық нысаны" құқықтың мазмұны сыртының қалай құрылғанына және білдірілгенін көрсеткен болса, онда "құқық негіздері" ұғымы құқықтың қалыптасу бастауларын, оның мазмұнын алдын ала анықтайтын қозғаушы күштер жүйесі (факторлар) мен жазылу (білдірілу) нысанын көрсетеді.
Міне осыған байланысты құқық негіздерін материалдық, идеалдық және заңдық деп жіктейді.
Материалдық құқықтық негіздер - мұның тамырлары коғам дамуының объективтік мұқтаждықтарында, экономикалық қатынастарында жатады.
Идеалдық құқықтық негіздер - бұларға заң шығарушының қоғам дамуы мұқтаждықтарын идеологиялык тұрғыдан жете түсінуі жатады. Осының негізінде де құқықтық нормалар қабылданады. Заңдық құқықтық негіздер - бұған мемлекетің өзі шығарған немесе таныған, сөйтіп оларға жалпыға бірдей міңдетті ресми-құқықтық түр беріп баянды еткен құқық нормалары жатады. Заң әдебиетінде темендегідей құқық негіздері атап көрсетіледі: Құқықтық әдет-ғұрып - құқық нысандарының ең ежелгілерінің бірі, ол - ұзақ мерзімнің ішінде қайталанулар барысында дағдыға айналған, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырған мінез-құлық (жүріс-тұрыс) ережелері. Бұл ережелер мемлекеттін мәжбүрлеу күшімен қорғалып отырады. Рулық кауымның әдет-ғұрыптары өзгерулердің барысында бірте-бірте мақұлданған әдет-ғұрыпқа ұласқаны тарихқа мәлім болған жағдайлар. Рулық қауымда ең көп таралған әдет-ғұрыптар ішіндегі жиі кездесетіндері: - "кекті қанмен жуу" ("қанды кек", "қан төгіп өш алу") және "жанға-жан", "қанға-қан", "көзге-көз", "басқа-бас", "тұяққа-тұяқ" деген "талион кағидаты" деп аталатындар. Бірте-бірте бұл әдет-ғұрыптар айып-анжы төлеумен алмастырыла бастаған. Қоғамның бірте-бірте топтарға жіктеле бастауына байланысты "айып-анжы" (төлету, төлеу де) дифференцияланған сипатқа ауыса бастайды.
Қазақ мемлекетінің хандық дәуір кезіндегі көшпелі қазақ қоғамында әдет-ғұрыптар құқық негіздерінің тұғыры қызметін атқарған. Осыған сәйкес көшпелі өмір кешкен қазақ қоғамында құқықтың негізгі нысаны мақұлданған (санкцияланған) құқықтық әдет-ғұрып болған.
Құқықтық әдет-ғұрыптардың жинақтарының қазіргі заманға жеткені Тәуке ханның "Жеті жарғы" атты заңдар жинағы. Әрине, бұл жинақ өзінен бұрынғы "Есім ханның ескі жолы", "Қасым ханның қасқа жолы" атанған әдет-ғұрып заңдарынан бастау алғанын тарихи мағлұматтар мен заңгер ғалымдардың зерттеу-талдаулары көрсеткен жәйттер.
Сот үлгі ісі (сот прецеденті) - мемлекеттің өзі жалпыға бірдей міндетті күші бар деп мән берген ұқсас істерді шешуде үлгі бола алатын соттың нақты іс бойынша қабылдаған шешімі.
"Сот үлгі ісі" Англияда, АҚШ-та, Үнді елінде және басқа да мемлекеттерде кеңінен қолданылады. Мұның өзі ұқсас болып келетін басқа істерді шешуде эталон (үлгі ретіндегі өлшеуіш) балып табылатын соттың сәтті, әділ қабылдаған шешімі.
"Үлгі іс" соттық та, сондай-ақ әкімшіліктік те болуы мүмкін. Ол судьяға немесе лауазымды тұлғаға өзінің білігінше дербес шешім қабылдауға, жәй ғана мүмкіндік беріп қоймайды, қайта болмыстағы ахуалдың ұқсастығы толық болмаған жердегі жағдай мен ахуалдың қаншалықты деңгейде ұқсастығын бағалау құқығы тек судьяларға ғана тән болғандықтан беріледі. Және де үлгі істегі бұрынғы шешімдердің барлығы бірдей міндетті емес. Тек алғашқы шешімді немесе үкімді қабылдаған соттың құқықтық позициясының (көзқарасының) мағынасы ғана міндетті болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет