Бейсебаева салтанат бейсекуловна «мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы»



бет22/32
Дата08.02.2022
өлшемі301,16 Kb.
#119190
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32
Байланысты:
Бейсебаева салтанат бейсекуловна «мемлекет ж не Ы теориясы»

Пысықтау сауалдары:


1. Заңдарды жүйелеудің мәнісі мен маңызы неде?
2. Заңдарды жүйелеудің жолдарын айтыңыз.
3. Кодификациялау деген не?
4. Инкорпорациялау деген не?

)
11 тақырып.
Құқықты іске асыру және қолдану. Құқық нормаларына түсінік беру.
Дәріс 21
1.Құқықты іске асыру нысандары (сақтау, орындау, құқықты пайдалану және құқықтық нормаларды қолдану

2.Құқықты іске асыру сатылары.


Құқық жүзеге асыру үшін жасалады. Құқықтық қоғамда бір жағынан мемлекет, екінші жағынан азаматтар заң жолымен жүру туралы міндеттеме алады. Осыған байланысты құқықты жүзеге асырудың екі жағы болады, сондықтан ол екі бағытта қарастырылады: 1) мемлекет органдары, лауазымды адамдар заң бойынша қызмет істеуі керек; 2) азаматтар, олардың бірлестіктері және ұйымдары өз әрекеттері арқылы құқықты жүзеге асыруы тиіс.
Қоғамдағы сан алуан қатынастарды реттеп, басқару үшін құқықтық нормалар өмірге келіп, өзгеріп, дамып, ескіріп, жаңарып отырады. Құқықтық нормалар заңда көрсетілгендей мақсатты түрде адамдардың еркі және санасына әсер ету үшін пайда болады. Қоғамдық қатынастарға қатысушылардың іс-әрекеті арқылы заң шығарушы құқықтық нормалардың нәтижесін көрсетеді.
Құқықтық нормаларды орындаудың нысандары әр түрлі болып келеді, олардың пайда болу себептері де әр түрлі болады:
а) қоғамдағы қатынастардың мазмұнының әр түрлі болуы;
б) нормативтік актілердің адамдарға әр түрлі әсер етуі;
в) норманың ерекше мазмұнының әсері;
г) құқықты іске асырудағы субъектілердің құзіреті мен өкілеттігінің әр түрлі болуы;
д) субъектілердің құқықтық тәртібінің әр түрлі деңгейде болуы.
Құқықтық нормалардың негізгі мақсаты қоғамдағы қатынастарды уақытында реттеп, басқарып, оны іске асыру.
Құқықтық нормаларды іске асырудың бірнеше түрлерін атап өтуге болады:
1.Норманың мазмұнына қарай орындалуын әр түрге бөлеміз: норманың мүдде-мақсатын орындау; жалпы міндет қағидаларын орындау; нақты қатынастағы норманы орындау.
2.Норманы іске асырудағы қатынас субъектілерін жеке және топтық субъектілерге бөлеміз. Бұл субъектілердің өз құқықтарын іске асыруы.
3.Нормативтік актілердің ерікті түрде емес, қоғамдық мүдде үшін әкімшілік-тәртіптік және қылмыстық жауапкершілік түрінде еріксіз іске асырылуы.
4.Құқықтық нармаларды іске асыруда саяси және идеологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.
Субъектілердің құқықты іске асыруға әсер етуінің төрт түрін көрсетеміз:

  1. құқықты сақтау – құқықта тиым салынған іс-әрекеттерге жол бермеу;

  2. құқықты орындау – заң міндеттерін орындауға белсенді түрде қатысу;

  3. құқықты пайдалану – өзінің мүддесін қорғай отырып, субъективтік құқықты іске асыру;

Құқықты жүзеге асырудың ерекше тәсілдері бар. 1) Құқықты сақтау. Құқықты сақтау тыйым салатын нормалар арқылы жүзеге асырылады. Бұл тәсілдің мәні — тыйым салынған әрекетті жасаудан бой тарту; 2) Құқықты орындау. Құқықты орындаудың мәні — жүктелген міндетті жүзеге асыру үшін белсенді әрекеттер жасау. Мысалы, баланы тәрбиелеу үшін ата-анасы үнемі, жүйелі түрде қызмет істеп, оны оқытуы, әдепке баулуы қажет; 3) Құқықты пайдалану. Тұлға өзіне берілген құқықтар мен бостандықтарды пайдалана ма, жоқ па өз еркі. Егер оларды пайдаланғысы келсе, белсенді немесе енжар әрекет жасау арқылы құқықтық норманы жүзеге асырады.
Құқықтарды пайдаланудың барысында субъектілер өздерінің заңдарда көрсетілетін құқықтарын жүзеге асырады. Құқықты пайдалану тұлғаның құқық өкілеттігін жүзеге асыруға бағытталады. Демек, ол тұлғаның жүріс-тұрысы өз білігінше мұнда яки белсенді, яки енжар түрінде болуы мүмкін.
Құқықты жүзеге асырудың осы үш түрінің барысында қоғамдық қатынастардың субъектілері өз әрекеттері арқылы заң нормаларын тікелей іске асырады. Мұны құқықты тікелей жүзеге асыру нысаны деп атайды. Осындай нысандар түрінде көптеген (бірақ барлығы емес) құқық нормалары жүзеге асырылып жатады. Болмыста заң нормаларын бұлжытпай пайдалану және оларды дәл атқаруларды толық жүзеге асырылуына жағдайлардың жеткілікті болмайтын дәттері кездеседі. Ондайда бұл іске мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері бар құзырлы органдардың араласу қажеттілігі туындайды. Мысалы, жоғары оқу орнына студенттер кабылдау, жұмысқа алу, зейнетақы тағайындау, әскери қызметте міндеттерді атқару жөне тағы тағылар.
4) Құқықты қолдану. Бұл билік қызметін жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Демек, құқықтық норманы мемлекет органдары қолданады. Есте болатын жәйт: тек қана ресми баспаларда басылып шыққан, яғни, жарияланған нормативті актіні қолдануға болады. Қолдану екі жолмен жүзеге асырылады: 1) билік жүргізетін қызмет арқылы. Мысалы, милиционердің қылмыскерді ұстауы; 2) нақтылы істі шешу арқылы.
Құқықты қолдану – құзырлы органдардың нақты жағдайда құқық нормаларын жүзеге асыру жөніндегі биліктік-ұйымдастырушылық қызметі Мұның нәтижесінде дербес құқықтық акт (құқық қолдану актісі) қабылданады (жасалады).
Құқықты қолдану арқылы мемлекет өз қызметінде екі функцияны жүзеге асырады: а) құқықтық нормалар ұйғарымдарының орындалуын ұйымдастыру, дербес актілер арқылы позитивтік (оңтайлы) реттеуді жүргізу; б) құқықты бұзылудан сақтау және оны қорғау.
Осыған сәйкес құқықты қолданудың екі нысаны: жедел атқару және құқық қорғауға жататын түрлері болады.
Құқықты қолданудың белгілері (нышандары):
1. Мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың ұйымдастырушылық-биліктік қызметі. Мұның өзі болмыстық ахуалдардың шешімін табуда қолданылатын айрықша амалдармен байланысты, сондықтан да білімділікті, дағдылардың қалыптасуын талап етеді. Осыларды ескеріп мемлекет соншама қызметтерді жүзеге асыру үшін арнайы субъектілерге билік өкілеттіктерін тиісінше береді. Бұлар мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар.
Азаматтар құқықты қолдану субъектілері болып табылмайды, өйткені мемлекет оларға бұл қызметтерді атқаруға өкілеттік бермеген.
2. Құқықты қолдану нақты құқықтық қатынастар шеңберінде жүзеге асырылады.
3. Қызметтің жүзеге асырылуы ерекше түрде белгіленген іс жүргізу заңдары бойынша атқарылады.
4. Құқықты қолдану нәтижесінде дербес құқықтық акт - құқық қолдану актісі қабылданады (жасалады).
Құқықты қолданудың мынадай сатылары болады:
а) істің нақты жағдайларын анықтау;
б) істің заңдық негізін анықтау. Бұған құқық нормасын таңдап алу, оның түпнұсқаға сәйкестігін тексеру, құқық нормасын түсіндіру жатады;
в) іс бойынша шешім қабылдау.
Құқық қолдану актісі – құзырлы органның нақты заңдық іс бойынша қабылдаған ресми түрдегі шешімі. Құқық қолдану актілері көптүрлі болып келеді.



ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘСІЛДЕРІ








Құқықты сақтау


Құқықты орындау

Құқықты пайдалану


Құқықты қолдану






Тыйым салатын нормаларды бұзу


Заңды міндеттерді жүзеге асыру


Құқықтық мүмкіндік беретін нормаларды пайдалану

Билік ісін жүргізу қызметі




Міндет жүктейтін нормаларды орындау







Пысықтау сауалдары:
1. Құқықты жүзеге асырудың тәсілдерін атаңыз.
2. Құқықты орындау деген не?
3. Құқықты пайдалану деген не?

2.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет