Бекітемін №1 Бестөбе мектебінің директоры: К. Т. Магзумова мектеп кiтапханасының



Дата04.07.2018
өлшемі47,07 Kb.
#46807
Бекітемін

1 Бестөбе мектебінің директоры: ___________________К.Т.Магзумова



МЕКТЕП КIТАПХАНАСЫНЫҢ

2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН

ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

Утверждаю

Директор школы:

________К.Т.Магзумова


ГОДОВОЙ ПЛАН

РАБОТЫ ШКОЛЬНОЙ БИБЛИОТЕКИ

1 п.БЕСТОБЕ



НА 2017-2018 УЧЕБНЫЙ ГОД

«Елді одан әрі дамыту тек білімді,

дамыған және мәдениетті жастардың қолында» 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев

КІТАПХАНА ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҚСАТЫ:

Оқу барысын қалыптастыруға, ақпаратқа қол жеткізуге, соның ішінде қажетті білімді мағлұматты іріктеп таңдап алуға және оқушыларға жете түсіндіріп үйрету.



ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ:

Кітапқа ақпаратқа деген оқырмандардың жан-жақты сұранысын қанағаттандыру және қызықтырып, оларды кітап оқуға тарту, олардың сапалы білім алуына жағдай жасай отырып, оқуға бейімдеу.



КІТАПХАНА ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

  1. Саяси идеологиялық бағыттағы жұмыстар

  2. Кітапхана ережесі мен міндеті

  3. Балалардың ынтасы мен оқу ерекшеліктерін зерттеу жұмыстары

  4. Адамгершілікке, әдептілікке, елжандылыққа тәрбиелеу

  5. Эстетикалық этикалық тәрбие негізінде сұлулық, нәзіктіктік жайлы және өлкетануға байланысты насихаттау

  6. Әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізді, тілімзді құрметтеуге бағытталған жұмыстар жүргізу

  7. Салауатты өмір салтын насихатау.

  8. Оқулыққа байланысты жүргізілетін жұмыстар

  9. Негізгі бақылау көрсеткіші

  10. «Туған жер» бағдарламасы




  1. Саяси идеологиялық бағыттағы жұмыстар

Жас ұрпақтың өз отанына деген сүйіспеншілігін арттырү мақсатында туған өлке туралы білімін кеңейту. Ондағы мақсат ғасырлар бойы қасірет тұтып келген ар –намыс, ождан, имандылық, инабаттылық, ата-анаға, отанға, туған өлкеге, туған елге, жерге, тілге, дінге деген суйіспеншілік сияқты асыл қасиеттерді баланың бойына сіңіру.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын насихаттау.



  1. Мектеп кітапханасының міндеттері мен ережесі

Міндеті: оқушылардың жүйелі түрде кітап оқуларына басшылық жасау. Балалардың кітапқа деген талғамын қанағаттандыру.Кітапханашы жан-жақты тәрбие жұмысын мектеп педагогикалық ұжымымен бірігіп отырып оқырмандардың қоғамдық белсенділігін, шығармашылық дербестігін қалыптастырып отыруға міндетті. Олардың барлық сұрақтарына жауап бере отырып, кітапхана ережесін оқушыға жете түсіндіруі қажет. Кітапханаға келушілердің санын арттыруы керек.

  1. Балалардың ынтасы мен оқу ерекшелігін зерттеу жұмыстары.

Кітапханада әр оқушының жеке кітап оқуы ынтасы мен ерекшелігі зерттеліп, қабілетіне қарай әдебиеттер ұсынылады, библиографиялық шолу жұмыс түрлері жүргізіледі. Оқырмандарды кітапхана тіршілігімен қызыметімен таныстырады. Кітап арқылы оқушылардың жан-жақты білім алып ғылыми, кәсіби және саяси санасының қалыптасып білім дәрежесінің дамуына әсер ету , оқушылардың кітап таңдап алуға және онымен жұмыс жасай білуге көмектесу.Сондай –ақ оған түсініксіз мәселелер мен фактілерді табуға жетекшілік ету. Олардың бойында жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.

Адамзат қауымында жиналған қазынасына таныстыру. Шығармашылық

ізденісті, белсенділікті зерттеушілік қасиетті қалыптастыру.Сонымен қатар оқырмандардың талап –тілектерін қанағаттандырып, оқу мәдениетіне тәрбиелеу. Қажет болған жағдайда тиісті шешім қабылдай білуді үйрету.


  1. Балаларды адамгершілікке, әдептілікке, елжандылыққа тәрбиелеу жұмыстары.

Балаларды адамгершілікке, мәдениетке тәрбиелеу үшін жан-жақты оқып үйрену керек. Тәрбиенің міндетін, оқырманның ерекшелігін кітапхана қорын ғана біліп қою кітапханашыға аздық етеді. Мысалы: Ересек балаларды биік ерекшелік қасиеттерге баулуға тамаша еңбек ерлері туралы адамның сұлулығын халық бақыты жолындағы күрескерлер туралы кітап көрмелерін ұымдастыру көрмедегі кітаптарға шолу жасау арқылы адамгершілікке тәрбиелікке баулуға болады. Балаларды табиғатты аялауға, өз отанын сүюге үрету керек.

  1. Эстетикалық этикалық тәрбие негізінде сұлулық,

нәзіктік жайлы және өлкетануға байланысты насихаттау.

Адамның жеке басының эстетикалық мәдениеті –оның жалпы мәдениеттілігінің көрінісі. Адамның жеке қасиеті эстетикалық сезімді өсіретін эстетикалық талғаммен көз қарасты қалыптастырып кісінің эстетикалық мәдениетін дамытып жетілдіретін фактілердің ішінде ең үлкен орын алатын шешуші роль атқаратын әдебиет пен өнер сондықтан да мектеп кітапханасының мұғалімдер ұжымымен біріге отырып , оқушыларға жазушылардың, суретшілердің ақындардың музыканттардың, театр мен кино қайраткерлерінің өмір жолдарын баяндайтын шығармалармен және еңбектерін кеңінен насихаттап оқушылардың оқуына ұсынып отыруы керек.



6. Оқырманды кітапханаға тарту жұмысын ұйымдастыру.

Оқушыларды кітапханаға тарту мақсатында олармен жүргізілетін көпшілік жұмыстардың мынандай түрлерін жүргізуге асыруға болады.



  • Кітап көрмесі; Әңгіме;Дауыстап оқу;Оқырман конференциясы; Библиографиялық шолулар

Жұмыс бағыттары:

  1. Оқырман мәдениетін қалыптастыру

  2. Кітапхана- библиографилық салауаттылықты қалыптастыру

  3. Оқырман қажеттілігін анықтау

  4. Ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету

  5. Мәдени іс-шараларға ат салысу

  6. Оқушыларды оқулықпен толық қамтамасыз ету


КІТАПХАНА ҚОРЫМЕН ЖҰМЫС:

1.Барлық кітапхана қоры (жалпы мектеп кітапханасының қоры) 36 780

Оның ішінде: оқулықтар саны 23858, көркем әдебиет саны 12417, соның ішінде қазақ тілінде 2598, орыс тіліде 8094, ағылшын тілінде 330.

Электронды тасығыштарсаны:и 328, эл.оқулықтар саны- 114 дана.



БАҚЫЛАУ КӨРСЕТКІШТЕРІ:

Аты

2013-2014

Оқырмандар саны

539

Келу

8578

Кітап беру

10886

Оқылу

20

Айналу

0.8

Келу

16

Кітаппен қамтамасыз ету

23


І. АҚПАРАТ-БИБЛИОГРАФИЯ ЖӘНЕ КӨПШІЛІК ЖҰМЫС


Көрсеткіштер атауы


Жоспарланғаны

1

Көрмелер (барлығы)

22

2

Әдебиеттерін қарастыру

15

3

Әдебиеттің ауызша шолуы

21

4

Оқырман конференциялары

2

5

Ауызша журналдар

3

6

Әнгімелесулер

13

7

Презентация

5

8

Әдебиет композициясы

1

9

Әдеби мейрам, ойындар ..

3

10

Анықтамалар

160

11

Бейнефильмдерді қарау

7

12

Пед. кеңестерінде жаңа оқу-әдістеме әдебиет туралы сөз сөйлеу

3

ІІ. КІТАПХАНА-БИБЛИОГРАФИЯ БІЛІМІН НАСИХАТТАУ


Көрсеткіштер атауы


Жоспарланғаны

1

Жеке кеңестер

20

2

Кітапхана ішіндегі экскурсия

10

3

Кітапханалық сабақтар

12

ІІІ. Кітапхана қорын құру және ұйымдастыру. Каталогтар. Кітапхана қорын сақтау жұмысы

Оқулықтар қоры

1

Мектеп оқушыларын 01-05 қыркүйек аралығында оқулықтармен қамтамасыз ету

Тамыз-Қыркүйек

2

«Танысыз, жаңа кітаптар» кітапханаға келіп түскен жаңа кітаптарға көрме ұйымдастыру

Қыркүйек

3

Оқулықтардың қамтамасыз ететін библиографиялық моделін құру:

  • Мұғалімдермен бірге отырып жетіспейтін оқулықтарға сұраныс жасау.

  • Библиографиялық мекемелермен жұмыс (каталогтар, тематикалық жоспарлары, оқулықтар мен оқу құралдар тізімі, Білім Министрлігінің ұсынысы)

Қазан-қараша

4

Түскен оқулықтарды қабылдау және тіркеу:

  • Оқулық түскен құжаттарын рәсімдеу

  • Суммарлық кітапқа тіркеу

  • Картотеканы рәсімдеу

Келген сайын

6

Оқушылардың оқулықтармен және оқу-құралдарымен қамтамасыз етілгенін анықтау

Қыркүйек

7

Мұғалімдер мен оқушыларды жаңадан түскен келіп түскен оқулықтар мен оқу- құралдарымен ақпараттандыру

Қыркүйек

8

Оқулықтарды таза ұстауға сынып аралық жарыстар өткізу

Жылына 2 рет

9

Кітабынды күтіп ұста! - деген тақырыпта еркін әңгімелесу

Жылына 2 рет

10

Кітапхана қорынан көнерген, жыртылған оқулықтардан, оқу бағдарламасы ескірген, оқуға жарамсыз әдебиеттерден тазаратып отыру

Жылына 2 рет

11

5-7 сыныптарға арналған кітапханалық сабақтар өткізу.

Қыркүйек-

қазан


12

Резервте тұрған оқулықтармен жұмыс:

  • Есеп жүргізу

  • ББК кестесі бойынша сақтауға орналастыру

Қыркүйек-

қараша


13

Әр тоқсан сайын оқулықтардың сақталу рейдін өткізу, нәтижесін шығару

Әр тоқсан сайын

14

2017-2018 оқу жылы аяғында оқулықтарды жинау 20-25 мамыр аралығында. 

Мамыр

15

Жыртылған оқулықтарды «Кітап емханасында түптеу»

Мамыр

Көркем әдебиет қорымен жұмыс жүргізу

1

Әдебиеттерді уақытында жүйелеу

Келген сайын

2

Әдебиеттерді каталогтеу; каталогтер мен картотекаларды өндеу

Әрдайым

3

Кітапхана тазалығын, ылғалдығын бақылау

Үнемі

4

Санитарлық күн

Әр сенбі

5

Оқырман формулярларын ай сайын қарау, кітап қарыздармен жұмыс жүргізу, газет шығару, сынып жетекшілеріне хабарлау

Ай сайын

Периодика жинақтау

1

Қараша айында 2018 жылдың І жартыжылдығына мерзімді басылымдарға яғни газет журналдарға тапсырыс дайындау.

Қазан-қараша


2

Сәуір айында 2018 жылдың ІІ жартыжылдығына мерзімді басылымдарға яғни газет журналдарға тапсырыс дайындау

Сәуір-мамыр

ІҮ.Анықтама библиографиялық және ақпараттық жұмыс.

Ақпараттық мәдениетті қалыптастыру

Оқырмандармен жұмыс

1

Барлық жастағы оқырмандардың кітап оқуын, қабілетін жетілдіруге ат салысу.

Жыл бойы

2

Оқу үдерісіне көмек ретінде ақпараттық жұмыс процессін әрі қарай дамыту

Жыл бойы

Ү.Көпшілік жұмыс.

1.

Көрмелер:

Жазушылардың күнтізбелік атаулы даталарына арналған тақырыптық көрмелер:



Еңлік-Кебек жырына- 100 жыл

Дүкенбай Досжан – 75 ж., Қайрат Жұмағалиев- 80 ж., Сырбай Мәуленов – 95 ж., Мұхтар Әуезов – 120 ж., Шерхан Мұртаза – 85 ж



Жыл бойы

Қыркүйек






Нұрғожа Ораз – 85 ж

И.Шевченко – 90 ж



Қазан




Машқұр Гумеров – 90 ж

Ғабиден Мұстафин – 115



Қараша





Зейнолла Қабдоллов – 90 ж

Т.Қажыбай -75 ж

Ақселеу Сейдімбек – 75 ж

Ә.Нұршайықов – 95 ж

Әди Шаріпов- 105

Дулат Исабеков – 75 ж

Төлеу Шаханов - 75


Желтоқсан




Жаңадан келіп түскен әдебиеттерге арналған көрме;

Жоспар бойынша әр мерекелерге арнап көрме шығару;









Тұрақты көрмелер:

«Ешкім де, еш нәрсе ұмытылмайды»; «Менің өлкем Қазақстан»; «Ата заң-елдің нық тірегі»; «Тілге құрмет – елге құрмет»; «Атажұрт» ұлттық салт-дәстүр; «Елбасының жолдауы халқының қолдауы»; «Абайды оқып таңырқа»; «Қазақстанның заңдары»; «Білгенің артық емес»; «Жасөспірім әлемі. Жасөспірім әлемде»



Жыл бойы

2. Кітапханалық саяхаттар




Кітапхана сабағы «Кітапхана-білімпаздар мекені»

Қазан




Кітапхана ережелерімен танысу

Қараша




Кітап ханшасының ғажайып еліне саяхат

Қазан




Білім көзі - кітапта

Желтоқсан










3. «Бір ел – бір кітап» акциясы




Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар Сұлу» шығармасы бойынша оқырмандар конференция өткізу.

Қыркүйек




«Қамар Сұлу» шығармасы бойынша кітап көрмесі

Қыркүйек




Қаныш Сәтпаевқа Степногорск қаласында ескерткіш ашылу – кітапханалық шолу, кітап көрмесі.

Қыркүйек

4. Патриоттық тәрбие




Қазақстан халқының  тілдері күні «Туған жер тұғырың, туған тіл қыдырың» дөңгелек үстел

Қыркүйек




Акция «Туған жер» «Алтын қорға үлес қос!» атты тақырыппен кітапханаға кітап сыйла акциясы

Қыркүйек




«Туған жер» бағдарламасы бойынша қалалық кітапханашылар байқауына қатысу.

Қыркүйек- қазан




«Отбасы күні







«Отбасы – өмір аясы» отбасы күніне арналған кітап көрмесі

Қыркүйек

5. Рухани адамгершілік тәрбие




Мәдени мұра - мәңгілік мирас . Кітап көрмесі

Жыл бойы




Қарттарым - аман сау жүріңдерші

Қазан




Ұстаз - ұлы тұлға

Қазан

6. Елбасы жолдауларын насихаттау




Рухани жаңғыру - Болашаққа бағдар . -Көрме

Жыл бойы

7. Тенге-мемлекеттің тірегі




Ұлттық теңгеміздің туған күніне орай - көрме

Қараша




Құқықтық тәрбие беру







«Өз құқығыңды білесің бе»? сұрақ-жауап викторинасы

Қазан




Құқықтық тәрбиеге арналған кітап көрмесі

Қараша

8. Экологиялық тәрбие




Экологиялық жиынтық- интеллектуалдық ойын

Наурыз




«Кең байтақ Қазақстаның» тақырыптық көрме

Жыл бойы

9. Салауатты өмір салтын насихаттау жұмысы




«Қара күштер әлемді қалайша жаулап алмақ болды»

(зиянды әдеттер профилактикасы) сабақ -ертегі



Қыркүйек

10. Өлкетану жұмыстары:




«Туған өлкем, неткен көркем!» зияткерлік ойындар

Қыркүйек




«Менің өлкем Қазақстан» библиограф.шолу







«Ауылым алтын бесігім» ауызша журнал Бестөбе кентіне 85 жыл

Қаңтар

11. Әр түрлі іс шаралар:




ҚР Тәуелсіздігіне «Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік» іс-шара

Желтоқсан

12.

Халықаралақ әйелдер күні 8 Наурыз







«Ана – өмірдің гүлі» әдеби ойындық бағдарлама

Наурыз




Наурыз - жыл басы.

Наурыз

13. Саяси репрессияға ұшырағандарды еске алу күні




«20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті» кітап көрмесі, 

шолу диалогы



Мамыр

14. Қазақстан халқының ынтымақтастық күні




«Татулық – достықтың киелі бесігі»

Мамыр




«Бүгінгі ұландар – ертеңгі ел қорғаушылар»- Отан қорғаушылар күніне арналған патриоттық сағат

Мамыр




ҰБТ- дайындық бұрышы

Мамыр




Иллюстратор- суретші күні «Сенің кітаптарыңа  кім сурет салады»

виртуалды көрме




Кесте бойынша оқулықтарды қабылдап алу.

Мамыр




Жеткіліксіз кітаптарға тапсырыс беру.

Мамыр




Кітапхана қорымен жұмыс. Реттеу

Мамыр




ҚР Мемлекеттік рәміздер күні







«Мемлекеттік рәміздер- ұлттық мақтаныш»

Маусым




Конституция күні







«Айбынды асырған айшықты Ата Заң»

Тамыз

VI. КӘСІПТІК ДЕҢГЕЙІН КӨТЕРУ




Қалалық кітапханашылар бірлестігінің жұмысына қатысу, өзара тәжірибе алмасу. Аудандық орталықтандырылған кітапханамен, мектеп кітапханаларымен байланыста болу.

Жыл бойы




«Мектеп кітапханасы» әдістемелік журналын жыл сайын жаздырып оқу.

12 айға




«Болашаққа бағдар: Руғани жаңғыру» , «Мәңгілік ел», «Білім заңына», «Тіл туралы» заңына, «Балалар конвенциясына», Елбасының жыл сайын жолдайтын жолдауларына.

Жыл бойы




Инновациялық технологияларды кітапхана ісінде кеңінен қолдану.

Жыл бойы











Кітапханашы: Кусаинова Г.П.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет