БЕКІТЕМІН:
№2 МГ директоры
Нугуманов С.Б.
______________
______________
«__» _________
|
ҚАРАЛДЫ:
Тәрбие ісінің меңгерушісі
Абдульманова Б.А.
________________
________________
«__» ____________
|
№2 Ғафу Қайырбев атындағы мектеп – гимназиясы
Тәрбие сағатының тақырыбы:
«Қысқы, күзгі, көктемгі, жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері»
Сынып: 5 «Б» сыныбы
Сынып жетекшісі: Серікбаева Л.М.
Машықкер: Өмірзақ А.Ғ.
Астана
2023 жыл
Тақырыбы: «Қысқы, күзгі, көктемгі, жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері»
Сынып: 5 «Б»
Күні: 31.01.2023 жыл
Мақсаты: Оқушыларға жыл мезгілдеріне тән қауіпсіздік ережесімен таныстырып, әрі қауіптен сақтау. Оқушылардың қауіпсіздік ережесін сақтауды үйрету. Оқушылардың қауіпсіздік ережесін сақтауын қадағалау.
Көрнекілік: Қауіпсіздік ережелері, қауіпсіздік белгілері.
Тәрбие сағатының барысы:
Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды жыл мезгілдеріне қарай 4 топқа бөлінеді.
І топ. «Аязды қыс»
ІІ топ. «Жайдарлы жаз»
ІІІ топ. «Шұғылалы көктем»
ІV топ. «Қоңыр күз»
Мұғалім сөзі:
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың ең үлкен тақырыбы «ҚАУІПСІЗДІК». Ең алдымен қауіпсіздік сөзіне назар аударайық. Қауіпсіздік дегеніміз жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің ішкі және сыртқы қатерден қорғалуы. Қауіпсіздіктің негізгі нысандары: жеке адам – оның құқықтары мен бостандықтары.
Негізгі бөлім.
Әр топ мүшелері класстер арқылы жыл мезгілдеріне тән қауіп-қатерді жазады.
Мұғалім қадағалап, толықтырады.
Мұғалім қауіпсіздік ережелері туралы толыққанды түсіндіріп өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |