Бекітемін:
__________
№24 ОМ директоры
А. Сүлейменова
________________
2015-2016 оқу жылындағы №24 Жалғызқұдық орта мектебіндегі
Наурыз мерекесінің өткізу
ЖОСПАРЫ
№
|
Іс-шаралар
|
Өткізу
мерзімі
|
Сыныптар
|
Жауаптылар
|
1
|
Мерекелік бағдарлама «Наурыз-думан!»
|
16.03- 1200
|
1А-4А
|
Омарова Н.Қ.
|
2
|
Конкурсная программа «Здравствуй, Наурыз!»
|
16.03-1600
|
1Б-4Б
|
Еровенко Н.М.
|
3
|
«Армысың, Наурыз!» мерекесі
|
17.03-1500
|
5АБ-7АБ
|
Шакиров А.Б., Жетушакова А.Х.
|
4
|
«Бақ берекем, құт берекем,
әз Наурыз!» мерекесі
|
18.03-1400
|
8Б-11Б
|
Смаилов Г.Р.
|
5
|
«Қош келдің, Наурыз!» мерекелік бағдарламасы
|
18.03-1500
|
8АӘ-11А
|
Махамбетова Б.Т.
|
Мектеп директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ахметова А.Ж.
2015-2016 оқу жылындағы №24 Жалғызқұдық орта мектебіндегі
Наурыз мерекесінің өткізу туралы
МӘЛІМЕТІ
№24 Жалғызқұдық орта мектебіндегі Наурыз мерекесінің өткізу үлкен той-мерекелерге ұласты.
1А-4А сыныптар аралығында 16.03 Омарова Н.Қ. «Наурыз-думан!» ата-аналардың қатысуымен атты мерекелік бағдарламасын өткізді. Қазақ халқының көне салт-дәстүрлері көрсетіліп, әндер, тамаша билер орындалып, көрермендердін көңілінен шықты.
Еровенко Н.М. 1Б-4Б сыныптар арасында «Здравствуй, Наурыз!» атты мерекелік бағдарламасын өткізді. Орыс сынып оқушылары қазақша өлең айтып, «тұсау кесу», «бесікке салу» әдет-ғұрыптарын көрсетті. Белсеңді оқушылар арасынан 2Б сынып оқушысы Моор А. «Я-казах» деген өленің, Кулешова А. билерін, Блинова А. және Цветинская Д. «частушкаларын» атап өтуге болады.
Шакиров А.Б., Жетушакова А.Х. 17.03 күні 5АБ-7АБ сыныптар аралығында «Армысың, Наурыз!» мерекесін өткізді. Мереке барысында қазақ, өзбек, орыс, ұйғыр билері орындалып, «Хош келдің, Наурыз!» театраландырылған көрінісі көрсетілді. Бұл көріністе табиғаттын қысқы ұйқыдан оянуы, адам тіршілігіне көктемнің әсері көрсетілді.
Смаилов Г.Р. 8Б-11Б «Бақ берекем, құт берекем, әз Наурыз!» атты мерекесін өткізді. Бұл мерекеде жүргізушілер көрермендерге түрлі жұмбақ жасырып, мақал-мәтелдер сайысын, күш сынау, арқан тарту, асық ату сайыстарын өткізіп, тамаша әндер мен билер орындалды.
Махамбетова Б.Т. 8АӘ-11А сыныптар арасында 18.03 күні «Қош келдің, Наурыз!» мерекелік бағдарламасын өткізді. Қазақтың кең дастарханы жайылып, түрлі тағамдар қойылды. Сыныптар: «Абай ауылы», «Мағжан ауылы», «Мұқағали ауылы» болып, сол ақындардың әндерін, өлеңдерін жырлады. Мереке 9А сыныптың қыздарының «Шашу» биінен басталып, «тұсау кесу», «бесікке салу», «бата беру» дәстүрлерімен жалғасты.
Мектеп директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ахметова А.Ж.
Достарыңызбен бөлісу: |