Күтілетін нәтиже:
Логикалық есептерді шығару;
Тапқырлыққа, зеріктікке берілген есептерді шығара білу;
Оқушыларды есепті талдап, шығару жолының жоспарын құрып, есепті шығарып қорытынды жасай алу керек;
Ұжыммен, жеке жұмыс жасап үйренеді;
Математикалық ой-өрісін, танымын кеңейтеді;
Математикалық білімін толықтырады.
Уақыт көлемі, сабақтың жиілігі: Сағат саны 34, аптасына 1 сағат
Пәнаралық байланыс: алгебра, геометрия
Сабақты өткізудің формалары: Математикалық ойындар, интеллектуалдық ойындар, практикалық сабақтар, ізденіс сабақтар.
Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру формалары: жекелей, жұппен, топпен.
Қорытындылау формасы: Сыныптан тыс іс-шара өткізу, шығармашылық сабақтар, «Жас математиктер» газетін шығару, тест өткізу, математикалық олимпиада өткізу.
Оқушылардың математикалық даярлық деңгейлеріне қойылатын талаптар.
Қызықты математика жөніндегі ғылыми, көпшілік кітаптардан мәліметтер , материалдар жинақтау;
Теорияны меңгеріп, нәтижесін талдап ала білу;
Оқушылар есепті талдап, шығару жолының жоспарын құрып, есепті шығарып қорытынды жасай алу керек;
Жинақтаған материалдардан реферат жазып дағдылану, оқушы презентациясын жасау;
Игерген білімдерін өмірде пайдалана білу керек;
Оқушыға ұсынылатын әдебиеттер:
Логикалық сұрақтар, есептер, ойындар мен құрастырмалар. Құрастырған
Рамазан Омаров.-Алматы: «Өлке».2012ж.
Логикалық сұрақтар. Қазақ-түрік лицейлерінің қабылдау емтиханына
дайындыққа арналған. Рамазан Баяр. Алматы: Шың кітап 2011ж.
Мұғалімге ұсынылатын әдебиеттер:
Логикалық сұрақтар, есептер, ойындар мен құрастырмалар. Құрастырған Рамазан Омаров.-Алматы: «Өлке».2012ж.
Я.И.Перельман. Жанды математика. Алматы «Мектеп» баспасы 1978ж.
Тердікбай Күшай. Олимпиадалық математика және ой дамыту V-VIII.Оқу әдістемелік құрал.- Астана, 2012ж.
Т.И.Қуанышқалиев. Негізгі мектепте олимпиада есептерін шығару арқылы оқушылардың математикалық қабілеттерін дамыту. Орал, 2008 ж.
Логикалық сұрақтар. Қазақ-түрік лицейлерінің қабылдау қабылдау емтиханына дайындыққа арналған. Рамазан Баяр. Алматы: Шың кітап 2011ж.
Достарыңызбен бөлісу: |