Бекітемін а. Косарев атындағы 9-орта мектебінің директордың м а З. Б. Зылгарина



бет19/19
Дата06.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#40985
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Дауыстап бірге:
Жаса, жаңа жас қалам.
Жайнай бер менің Астанам.
Қорытынды: Ән орындалады. «Астана». Шар лақтырылады
Күні 19.04.2018
«Қазақстандағы жастар саясаты» дебаттық турнир
Өткізгендер:С.Арапов
Н.Кожахметова
Қатысушылар: 9 сыныптар
Қазақстан Республикасының Президенті және жастар саясатына тоқталсақ, біз, тәуелсіздік бесігінде тербеліп өскен бақытты қазақ елінің ұландары, мемлекетіміздің қазіргі жетістіктері – бұл партиямыздың басшысы, әлем таныған ірі саяси қайраткер, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан сан алуан реформалардың заңды нәтижесі екенін мақтан тұтамыз. Себебі, елімізде қазіргі таңда әр жас азаматтың толыққанды дамуына арналған жан-жақты тетіктер жасақталғандығы айқын көрініс табуда.
Мәселен, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан, мемлекет жастар мен жас отбасылардың экономикалық ахуалын жақсарту мен табыс деңгейін көтеру, ұзақ мерзімді несие берудің кезеңдік жүйесін енгізу, басқа да экономикалық көмек түрлері арқылы білім алу мүмкіндігін кеңейту, іскерлік белсенділігін арттыру, тұрғын жайы мен үй шаруашылығын толыққанды жабдықтау үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдай жасаудың барлық шараларын қолдануда. Мысалы, студенттерге жол ақысының жеңілдігінің қолданылуы, еліміздегі жас азаматтар мен жас отбасыларды жеңілдікті ипотекалық несиелеу, жас мамандарды еңбек нарығында қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік ықпалдасу тетіктері, ауыл жастарына берілетін көпсалалы квота, ауылға барған жастарға көтерме көмектер, жетім балаларға және мүгедек жандарға көсетілетін көмек түрлерін атап өтуге болады.
«Қазақстан жастары» 2005-2007 жылдар аралығындағы жастар саясатына арналған бағдарламада мемлекеттік бюджеттен 3,8 млн АҚШ доллары бөлінген. Бұл көршілес Қырғызстанмен салыстырғанда 7 есеге асып түседі [23].
Көршілес Өзбекстан Республикасында атышулы жастар арасындағы жұмыссыздықты шешу түгілі, мектеп бітірушілер үшін жоғары оқу орындарына түсудің өзі қат мәселе. Коледждер саны шектеулі. Ал бізде ше? Грантта бағын жанбаса ақылы негізде білім алуға мол мүмкіндік бар. Ол мүмкіндік егер үздік оқуынмен көзге түссен мемлекет тарапынан бөлінген гранттар мен несиелердің иегері болуға да жағдай жасалуда.
Көрші Ресей Федерациясында 1 тамыз 2007 жылы шәкіртақы көлемінің өсуі 1,25 есені көрсетті. Бізбен салыстыратын болса, тек қана былтырғы жылдың өзінде мемлекетімізде Елбасы қолдауымен магистранттарға 3 есеге ұлғайтылған шәкіртақы тағайындалған болатын. Ресей Федерациясының 2008-2010 жылдарға арналған 3 жылғы мемлекеттік бюджетінде білім беруге қаражат небәрі 19 пайызға ғана көтерілмек, оның ішінде 2009 – 9,5 пайызды құрайды екен.
Ал бізде 2009 жылдың өзінде бұл қаражат 25 пайызды көтеріліп отыр. Бұл ТМД елдерімен салыстырғанда Қазақстандағы жастардың әлеуметтік жағдайына нақты қолдау көрсетілетіндігін дәлелдейді. Сонымен қатар, 2007 жылғы Қазақстан Халқына арналған Елбасы Жолдауында жұмыс жасайтын аяғы ауыр әйелдер үшін аналық, жүктілік және туу кепілдігі міндетті әлеуметтік сақтандыру еңгізілді. Бұл көмектің еліміздің жас отбасылы инабатты келіндері үшін қаншалықты маңызды екені жақсы түсінікті. Себебі мұндай жүйе жұмысынан айырылып қалмай мемлекеттің кәсіби дамуына үлес қосумен қатар жақсы ана, аяулы жар болуға мүмкіндік береді .
Ғылым-білім, мәдениет пен өнер саласындағы талантты жастарды қолдауда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры орасан зор жұмысты атқарып отыр.
Өйткені, Қазақ елінің атын үшінші мыңжылдық тарихына жазатын, аға толқынның ғылым мен мәдениеттегі өрелі жолын лайықты жалғастыратын да осы бүгінгі толқын — жастар болмақ.
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры» қоғамдық қорының атқарушы директоры біраз жыл Бектас Мұхамеджанов болды.
Еліміздің тұңғыш Президенті қорының мақсаты мен міндеттеріне тоқталсақ:
— Қор қызметінің негізгі мақсаты — Қазақстан мемлекеттігін нығайтуға, отансүйгіштікті қалыптастыруға, қоғамымыздың әрі қарай демократияландырылуына, еліміздің мәдени, экономикалық және саяси саладағы халықаралық байланыстарының одан әрі дамуына атсалысу.
Қазақстанның ішкі саясаты мен халықаралық аренада жеткен жетістіктерін еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен байланыстырамыз. Н.Ә.Назарбаев жаңа қазақ мемлекеттігінің қалыптасуына, халықтар достығын нығайтуға, еуропалық және азиялық мәдени байланыстар мен экономикалық қарым-қатынастардың үйлесімді дамуына үлкен үлес қосты. Міне, осы тұрғыдан алғанда, еліміздің тұңғыш Президентінің әлемдік деңгейдегі саясаткер ретіндегі тұлғасын ашып көрсету, оның сан қырлы қызметін ғылыми тұрғыда сараптау және насихаттау мақсатындағы шараларды ұйымдастыру қордың басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Бүгінде қор тарапынан сан-салалы жұмыстар қолға алынып, атқарылған шаралар аз емес. Атап айтқанда, 2011 жылы мамыр айында Қазақстанның, Ресей, Қытай, АҚШ, Израиль, Үндістан, Германия және т.б. елдердің ғалымдары, қоғам қайраткерлері, саяси және іскер топтарының өкілдері қатысуымен Парламент үйінде «Н.Назарбаевтың еуразиялық доктринасы: Шығыс пен Батыстың сұхбаты» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Осы ғылыми жиынның жұмыс қорытындылары бойынша еуразиялық интеграцияның тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар ұсыныстар дүниеге келді. Конференция материалдарына арналып жинақ әзірленді.
Қор жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтымен бірлесіп Орталық Азия-Каспий аймағында қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәселелері жөнінде (ҚР СІМ бірлесіп АӨСШК мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің қатысуымен) алғашқы форумды өткіздік. Форум жұмысы ұйымдастырушылар мен қатысушылар тарапынан жақсы бағаланды. «Қазақстан Республикасының стратегиясындағы ұлттық, аймақтық және ғаламдық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері» (ҚР Қауіпсіздік кеңесінің қатысуымен, ҚР Парламент Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетімен бірлесіп), «Әлемдік экономиканың ғаламдану және аймақтық жағдайындағы Орталық Азия мемлекеттері ұлттық экономикасының даму концепциясы», «Әлемдік және аймақтық державалардың стратегиялары және Орталық Азия мен Каспий жағалауы елдерінің мүдделері», «Саяси бәсекелестік және партиялық құрылыс: ортақтастығы және ерекшелігі» тақырыбында дөңгелек үстелдер өткізді. Экономикалық даму мәселелері кеңінен қозғалып, жан-жақты талқыланған қазақстандық әлеуметтік-экономикалық ақпарат және болжамдау институтымен бірге ұйымдастырылған «Посткеңестік кеңістіктегі саяси жаңару» тақырыбындағы халықаралық конференция мамандардың белсене қатысуымен өткізілді.Бүгінде халықаралық қауымдастықтың алаңдаушылығын туғызып отырған мәселенің бірі — ауған жерінде бейбіт тіршілік пен тұрақтылық орнықтыру жайы. Жылдарға жүк болып келе жатқан осынау жағдайға байланысты тақауда ғана «Ауғанстан айналасындағы аймақтық қауіпсіздік: лаңкестікпен күрес қаншалықты нәтижелі?» атты халықаралық конференция өткізілді. Әлемнің бірқатар елдерінен келген белгілі сарапшылардың қатысуымен жоғары деңгейде өткен бұл жиын «Халықаралық бейбітшілік үшін» Карнеги қорымен бірлесіп жүргізген алғашқы жұмыстарымыздың бірі. Міне, қордың халықаралық қарым-қатынастар және алыс-жақын шет елдердегі жетекші ғылыми, сараптамалық мекемелермен өзара байланыстарды қалыптастыру, халықаралық ынтымақтастық, бейбітшілік пен тұрақтылық ісіне үлес қосу бағытындағы арналы жұмысының бір сарасы осындай. Әлем экономикасын шарпыған қазіргі дағдарыс жағдайында ғылым-білімді қолдаудың маңызы тіпті ерекше.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет