Бекітемін а. Косарев атындағы 9-орта мектебінің директордың м а З. Б. Зылгарина



бет17/19
Дата06.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#40985
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Слайд. 12. Домбыра суреттері.
1- жүргізуші: Балалар суретте Астана қаласында елбасының мәдени орталық мұражайы. Бұл жерде көптеген тарихи жәдігерлер бар.
2- жүргізуші: Иә, біздің ата-бабаларымыз мұра өткен көне заттар да осы жерде.
Слайд 13-14. Мұражай суреті көрсетіледі.
Мұғалім: Балалар, сендер Астана қаласы туралы қандай өлеңдер білесіңдер?
Астана суреттері экранда. Слайдтар 15-24.
Карина
Туған елдің көркі неткен ғажайып?!
Дала күйін шертейік, біз қала жырын жазайық.
Жерұйығы Сарыарқаның даласы
Арман қусаң Астанаға қарашы.
Нуртай
Бабалардың көзіңдей
Даналардың сөзіндей
Ұлы дала тұрғызды
Ұлы қала өзіндей.
Анар
Астанам
Астанамның төрінде,
Сарыарқаның өрінде,
Ту ұстаған Астанам
Әсем қалам, бас қалам.
Асқар
Қадамың бар баспаған,
Асуың бар аспаған,
Халқың жетсін мұратқа,
Ей, бас қала Астанам!
Абдулсаид
Асқақтай бер, Астанам!
Берекеге бастаған!
Болашақтың есігін
Өз қолыңмен аш маған.
1 – жүргізуші: Бүгін біздің сыныпта үлкен той болып жатыр.
2 – жүргізуші: Иә, біз елордамыз Астана қаласына саяхат жасадық.
1 – жүргізуші: Ал енді оқушылар бүгінгі тақырыпқа арналған сөзжұмбақты шешейік.
2 – жүргізуші: Сөзжұмбақты шешіңдер. Сіздерге орысша сөздер беріледі, сол сөздерді қазақша аудармасын жазу керек.
1.Герб. ( Елтаңба)
2.Гимн. ( Әнұран)
3.Музей.(Мұражай)
4.Государство. ( Мемлекет)
5.Памятник. ( Ескерткіш)
6.Дворец. ( Сарай)
7.Столица. (Елорда)
8.Комплекс. ( Кешен)
1 – жүргізуші: Енді оқушылар бүгінгі сынып сағатында алған білімдерімізді көрсетейік.
2 – жүргізуші: Топтастыру. «Астана туралы не білеміз?» Әр оқушы бір – бірден шығып «Астана» туралы не білетіндерін жазсың.
1- жүргізуші: Қазақ халқының салтында әрбір той-думанда бата беріліп, жылы лебіздер айтылады екен. Ендеше, біз де жылы лебізімізді айтайық.
2 –жүргізуші: Жылы лебіз айтқан әр балаға біз жылы жүрегімізді сыйлаймыз.
1-жүргізуші: Бұл жылы лебіздер «Жүректен жүрекке» деген ізгі тілектер тізбегі деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет