|
Шеңберге тұрып «Жылулық шеңберін» ұйымдастыру.
— Бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетімізді Қазақстан Республикасының ән ұранынан бастайық.
— Біз аспаны ашық, сәулелі,кең,байтақ елде тұрамыз. Ол ел – ....
— Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғанына 25 жыл болды. Өз бетімен ешкімге бағынбай өмір сүрген елді тәуелсіз ел деп атайды. Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиыншылықты бастан кешірді. Осыдан 25 жыл бұрын Алматы қаласында жастар көтерілісі болды. Қайсар батырларымыз Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Сәбира Мұхамеджанова сынды аға-апаларымыз ерлік көрсетті. Осындай жастарымыздың арқасында қазіргі кезде бейбіт тыныш өмір сүріп жатырмыз. Еліміз өркендеп жайнауда. Осы мемлекетте тұрғандықтан өз елімізді, жерімізді қадірлеп, қастерлеуіміз керек. Қазіргі таңда Тәуелсіз Қазастанның қандай дамып көркейгенін «Қазақ елі» бейнефильмінен тамашалаймыз.
— Қазақстан Республикасының рәміздеріне нелер жатады ?
— Әнұранды орындадық, сөзін, музыкасын жазған кімдер?
— Тудың түсі қандай? Туда ненің белгісі бар?
— Елтаңбамызда ненің бейнесі бар ?
Алдар Көсе домбырасымен әндетіп топқа кіреді.
Мен алдармын, алдармын
Бәрінді де алдармын о-о, а-а. -Алдар Көсе:
— Салематсыздар ма, балалар?
Балалар, мен сендердің білімдеріңді тексеру үшін тапсырма ала келдім. Осы тапсырмамды орындасаңыздар мен сіздерді Астана қаласында болып жатқан Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына алып барамын. Мерекеге барғыларың келе ме?
Ендеше, тапсырманы орындаймыз ба?
(Бәйтерек монументін құрастыру)
Тәрбиеші: Қане бәріміз қатарға тұрып «Атамекен» әнімен мерекеге барайық.
— Мерекеге де келіп жеттік, біздің қаламыз қандай тамаша безендірілген. Түрлі жалаушалар, шарлар ілінген.
Жұмбақ.
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Алдар Көсе:
— Балалар, Отан туралы қандай тақпақ, мақал – мәтелдер білесіңдер, кім айтады?
Тәрбиеші:
- Алдар Көсе біздің балаларымыз өнерлі, би де билей алады.
Би: «Көк тудың желбірегені».
Алдар Көсе: - Балалар, сендер қандай өнерлісіңдер, сендердің билерің маған ұнады. Рахмет, сендерге!
Алдар Көсемен қоштасады.
«Атамекен» әнімен балабақшаға қайтады.
Қорытынды: — Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін алғанына қанша жыл болды?
— Бізге қонаққа кім келді?
- ҚР- ның рәміздеріне нелер жатады?
|
— Армысың, қайырымды Аспан ата!
— Армысың, мейірімді Жер – ана!
— Армысың, шұғылалы Алтын күнім!
— Армысың, тәуелсіз елім менің!
Қазақстан деп аталады.
Балалар бейнефильмді тамашалайды.
Ту, елтаңба, әнұран.
Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Нұрай
Әнұраны елімнің,
Шақырады бірлікке
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте.
-Тудың түсі көк, шетінде ою-өрнек, ортасында күн және қыран құс.
Мерейлім
Аспан түстес көгілдір
Тік бұрышты матаның
Ортасында төгіп нұр
Күн жаяды шапағын
Астында оның қалқыған
Қыран құстың бейнесі
Азат елдің шалқыған
Көңілі деп білерсің.
-Елтаңба алтын және көгілдір түсті. Әлемнің тұтастығын, ошақтың амандығын білдіреді. Тұлпар биік арманның қайраттың нышаны. Жұлдыз – жұлдызымыз жарық болсын дегенді білдіреді.
Каусар
Алтын қанат көмкереген
Шаңырақ бар, уық бар
Әсем бейне сен көрген
Жай бейне емес ұғып ал
Сүйсіндірген өзіңді
Түсіне біл таңбаны
Ауызда ұшқыр төзімді
Пырақ халық арманы.
- Ия.
- Ия, орындаймыз.
- Отан
Айзере:
Отан дейміз от жаққан жерімізді.
Отан дейміз өсірген елімізді,
Отан дейміз туған жер атамекен
Биік тау,орман,тоғай көлімізді. Сырым:
Қазақстан жеңісті дана күндер,
Қазақстан толқынды лала гүлдер.
Қазақстан әлемді елеңдетіп
Байқоңырдан зулаған корабльдер.
Жанеркем:
Сұлу далам менің сүйген еркемсің
Жаны жайсаң жаратылған көркемсің
Қандай жақсы қазақ болып туғаным
О, Туған жер, тамашасың, көркемсің.
Отан туралы мақал-мәтелдер айтылады.
- Тәуелсіздігімізге 25 жыл болды.
- Бізге қонаққа Алдар Көсе келді.
- Әнұран, ту, елтаңба.
|