Бекітемін: Аға өндірістік оқыту шебері А. А. Дүйсенбаев Тақырыбы: «Дайын құрғақ ерітінді қоспалардан ерітінді дайындау»



бет2/2
Дата11.07.2017
өлшемі352,84 Kb.
#21136
түріСабақ
1   2





Екінші звено бойынша: БАТЫР «Қайсар» түпкілікті ғаныш тегістегіші, соңғы тегістеу үшін – ғанышты тұтқырғыш және модификациялайтын үстемелер негізіндегі тегістегіш. Құрамы: ғаныш, мәрмәр толтырғышы, функционалдық үстемелер. Қолдану аясы: құрғақ жайлардағы, гипскартоннан, ғаныш және цемент сылақтарынан жасалған қабырғалар мен төбелерді тегістеуге арналған. Ерітінді дайындау: құрғақ қоспа бөлме температурасындағы таза сумен келесідей пропорцияда араластырылады, ұнтақтың 30 кг-на 10,2-10,6 л су. Біртекті массаны алу үшін жігерлі араластыру қажет етіледі. 2-3 минуттан кейін тегістегіш пайдалануға дайын. Дайындалған қоспа ерітіндісі 60 минут ішінде қолданылуы тиіс. Қолдану тәсілі: тегістегіш екі қалақшаның көмегімен қолмен жағылады. Майлаулар бір-бірінен перпендикулярлы жағылады. 1 шаршы метріге 1мм қалыңдық кезінде 1,6 кг қолданылады.







Үшінші звено бойынша: НАШИ «Крепосты» тақтайша желімі – цементтің, фракцияланған құмның және химиялық қоспалардыңкешені негізінде ылғалға төзімді, икемді желім құрамы. Құрамы: цемент, кварцты құм, мармәр толтырғышы, функционалдық үстемелер. Ерітіндіні дайындау: құрғақ қоспаны таза суға салып, біркелкі массаны алғанға дейін қолмен немесе миксермен араластырамыз. 5 минут өткеннен кейін қайталап араластыру қажет. Араластыру кезінде ара қатынас құрғақ қоспаның 25 кг-на 5,4-5,6 литр су құйылады. Әзірленген ерітінді 2 сағат ішінде пайдалануы тиіс. Қолдану тәсілі: әзірленген негізгі желім ерітіндісі тісті қалақшаның көмегімен жағу керек. Жағылатын қабаттың қалыңдығы негіздеме мен плитканың сапасына тәуелді. Материалдың шығыны: Қабаттың 3-5 мм қалыңдығы кезінде 1 шаршы метрге орташа алғанда 5-8 кг шығындалады.Шығын негіздеме қасиеттеріне, оның тегіс деңгейіне, күйіктас тақтайшаларының түріне және шебердің жеке дағдыларына тәуелді болып келеді.





ІІІ. Ағымдағы нұсқау.

Оқушыларды жұмыс кезінде қадағалау. Жіберіп жатырған қателерін тексертіп болдырмау. Әрбір звеноның жұмысын алмастырмалы түрде қадағалау. Жұмыстың сапалы, әдемі атқарлуына мән беру. Арасында сұрақ-жауап арқылы пысықтап тұру. Қалып қойған оқушыларға жеке көмек көрсету, түсіндіру және оларға қайталауға мүмкіндік жасау.


ІV. Қорытынды

Қаптарды құрғақ жайдың ішінде ағаш түптерде сақтау керек. Зақымдалған қаптардың ішіндегі материалды басқа қапқа төгіп, бірінші кезекте пайдаланған жөн. Зақымдалмаған қаптамада сақталу мерземі 6 ай. Тегістегіш едендеоді тегістеу үшін және тақталармен қаптау кезінденегіз ретінде және де ылғал үй жайлардың ішінде қолдану үшін жарамды емес. Гипс картон тақталары арасындағы жіктерді толтыруға қолданылмаған жөн. Қапта 25-30 кг шамасында болады. Ылғалдың түсуін болдырмау керек. Сақтау шарттары -30 градустан +40 градус температура кезінде және салыстырмалы ылғалдылық 80 пайызға дейін болуы керек.


V. Бағалау: Дайын жұмыстарды қабылдау олардың сапасына қарап баға беру.

VІ. Үй тапсырмасын беру: Тақырып бойынша қайталап келу

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет