Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы
Жалпақтал аграрлық және салалық
технологиялар колледжі
Бекітемін:_______________
Аға өндірістік оқыту шебері
А.А.Дүйсенбаев
Тақырыбы: «Дайын құрғақ ерітінді қоспалардан
ерітінді дайындау»
Мамандығы: «Ғимараттар мен құрылымдарды
салу және пайдалану»
Өткізген:
Өндірістік оқыту шебері
Уразаев Д.М.
« Құрылыс технологиялар » циклдік комиссия отырысының
№ ___ хаттамасымен мақұлданған: «____» сәуір 2014-2015 оқу жылы
Циклдік комиссияның жетекшісі: ___________ А.Г.Утебалиева
Сабақ жоспары: №
Бекітемін ___________
Аға оқыту өндіріс шебері:
А.А.Дүйсенбаев
Өткізілген күні:______________
Топ_______ Курс______
Мамандығы: «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану»
Сабақтың тақырыбы: Дайын құрғақ ерітінді қоспалардан ерітінді дайындау
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дайын ерітінді қоспалардың түрлерін, құрамын, дайындау тәсілдерін, жөндеу және сылақтау,құралдарды өз ережелеріне сай қолдану тәсілдерін ұғындыру мен пайдалану әдістерін үйрету.
Білімділік: Оқушыларға құрғақ дайын қоспаларды миксер құралы арқылы
дайындата отырып алған теориялық білімдерін шыңдау
Дамытушылық: Оқушылардың жұмысқа деген ынтасын дамыту
Тәрбиелілік: Еңбек қорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу арқылы құрылыс
құралдарын өз ережесіне пайдалануға үйретуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Ротбанд, глад,батыр қайсар, клей, миксер, дрель, шпатель т.б.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
- сәлемдесу
- оқушылардың түгендеу
- сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Кіріспе нұсқау:
Сабақтың тақырыбымен мақсатын таныстыру: Жұмыс басталмас бұрын оқушылардың жұмысқа даярлығын қарап қауіпсіздік ережесін түсіндіріп, қауіпсіздік тіркеу журналына қолдарын қойдыру. Оқушыларды звеноға бөліп жұмыс бағытын түсіндіріп өту. Әрбір звеноның жұмыстарын алмастыру. Қолданатын құрылыс құралдарын тексеру жұмыстарын жүргізу.
Технологиялық нұсқама картамен жұмыстануға бейімдеу.
Қазіргі уақытта өнеркәсіп саласында құрылыс материалдарының түрлері көбейіп келеді. Әсіресе, күрделі жөндеуден өткізу кезінде сылақ жұмыстарын орындау, түрлі сылақтау жұмыстары қалыңдығына, сапасына, құрамына пайдаланатын қабырға беттеріне қарай бөлуге болады. Біздің бүгінгі қолданатын құрғақ сылақ ерітінділері ротбанд, батыр қайсар (глад) және керамикалық тақтайшаға арналған желім қоспаларынан ерітінділер дайындау.
Машықтық бөлімі:
Ерітінді дайындау жұмысы:
Алдымен арнайы ерітінді езетін ыдысқа керек мөлшерде су құйып аламыз. Құрғақ қоспалар ыдысқа саламыз құрғақ қоспа ұшып көзге түсуден сақтанамыз. Қоспаларды араластыру үшін арнайы ерітінді араластырғыш миксерді пайдаланамыз. Қолданар алдында миксердің бос жүрісін тексеріп аламыз. Миксердің басын төмен қаратып ұстап тұрып қосу. Қосар алдында ток көзін тексеру. Тексеріп болғансоң іске қосқыш қондырғысын басып іске қосамыз 3-5 мин араластырып ерітіндінің сұйық болып кетпеуін қадағалаймыз.
Жұмыстың негізгі бөлімі: Дайын құрғақ қоспалардан ерітінділер дайындау.
Бірінші звено бойынша. Гипсті сылақтың қолдану саласы КАНУФ-Ротбанд – тұтқырлығы гипсті минералды толтырғыштың және полимерлі үстемелердің негізіндегі әмбебап құрғақ сылақ қоспасы. Жайлардың ішіндегі төбелерді және беттерді әр түрлі қабырғаларды қолмен бір қабат етіп сылауға арналған.
Жұмыс тәртібі: Қаптағы қоспаны (30 кг) ішінде 16-18 литр таза суық суы бар ыдысқа төгіп, ол түйіршіксіз біртектес массаға айналғанша құрылысқа арналған миксермен араластырамыз. Ерітіндіні 5 минутқа қойып, содан соң қайта араластырамыз. Ерітінді қоспаны пайдалану кезінде су немесе қоспаны қайта қосуға болмайды. Дайындалған қоспаны суға еріткеннен кейін шамаменн 20 минуттың ішінде сыланатын бетке жағып, тегістегіш құрал-правилоның көмегімен тегістеңіз. Қоспа суда еріген соң шамамен 45-60 минут өткеннен кейін сылақ қабатын жалпақ шпательмен немесе трапеция тәріздес правиломен тегістеңіз. Қажет болған жағдайда қайталап тегістеңіз. Қондырғылармен құрал-жабдықтарды жұмыстан кейін бірден сумен жуып қою керек. Ластанған ыдыстар мен құрал-жабдықтар ерітінді қоспасын пайдалану уақытын қысқартады. Сылақтың кебу кезінде юөлменің желдетуін қамтамасыз ету қажет. Құрғақ қоспа су араластырған кезден бастап ерітіндіні 60-90 минуттың ішінде сылап бітіру керек. Сылақтың бір қабатының қалыңдығы ең жұқасы – 5 мм, ең қалыңы – 50 мм. Материалдың жұмсалуы: 1 м кв-қа 10 мм етіп сылау кезінде шамамен 8,5 кг құрғақ қоспа жұмсалады.
Достарыңызбен бөлісу: |