К. Д. Ушинский Өндірістік оқыту шебері оқушыларды оқыту және тәрбиелеудегі басты тұлға



Дата12.03.2017
өлшемі107,72 Kb.
#11541
Жоспар:
Кіріспе

Негізгі бөлім



  1. Өндірістік оқыту шебері – оқушыларды оқыту және тәрбиелеудегі басты тұлға ........................................................................................ 3

  2. Өндірістік оқытуды жоспарлау және ұйымдастыру ..................... 6

  3. Өндірістік оқыту сабағының құрылымы ........................................ 7

3.1 Кіріспе бөлімі ..................................................................... 8

3.2 Негізгі және оқушыларды бағалау бөлімі ....................... 9



  1. Қорытынды ....................................................................................... 11

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ........................................................ 12

Кіріспе
«Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді,

ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді»

К.Д. Ушинский


  1. Өндірістік оқыту шебері – оқушыларды оқыту және тәрбиелеудегі басты тұлға

Өндірістік оқыту шебері – оқушыларды оқыту және тәрбиелеудегі басты тұлға. Оқу сабақтарында шебер оқушыларға жаңа технологияларды меңгертуде, өндірістік білік пен еңбек мәдениетін қалыптастырады.

Жастарды оқытатын шебердің үлгілі жұмысы, өзінің білімін және тәжірибесін үйретуі, ұнамды қасиеттерді қалыптастыруы оларға үлкен әсерін тигізеді. Педагогтың жас маман жұмысшыларды тәрбиелеудегі еңбегі адамдардың іс-қимылындағы негізгі жауапкершілік болып табылады.

Сондықтанда өндірістік оқыту шеберіне көптеген талаптар қойылады:



  1. Идеялық-саяси дайындығы. Қазіргі заман талабына сай маманды қалыптастыру, шебердің оқушыларды тәрбиелеудегі рөлі мен жауапкершілігі жоғары болады. Оның барлық жұмысы жастарды өз Отанын сүюге, достықты сезінуге, жолдастыққа, ұжымдыққа, тазалыққа, қарапайымдылыққа тәрбиелеуге, мақсатына берілуге, еңбекке саналы қатысуға бағытталады.

Барлық іс-қимыл кезеңінде шебер бірбеткей, таза өз ісіне берілуі тиіс. Ол ғылыми және кәсіби білімін үздіксіз толықтырып отырады. Ол үшін өз бетімен оқып-үйренуі қажет.

  1. Өз ісін терең білуі және мамандыққа сүйіспеншілігі. Шебер өз пәнін толық білмесе, өз ісіне сүйіспеншілігі болмаса, оқушылар арасында беделге және сыйластыққа ие бола алмайды.

Шебер әртүрлі тиімді оқыту әдістерін меңгеріп пайдалануы, өз пәні жөнінде шеберлігін көрсете білуі керек.

Өндірістік оқыту шебері оқушылардың үлгерімін және сабақтарға қатысуын үнемі бақылап отыруы (оқу жұмыстарының орындалуы, ұқыптылығы, өз бетімен үй тапсырмаларын орындауы), оқушылардың жалпы дамуын, тәртіп ережелерінің орындалуын, оқушыларды қоғамдық оқиғаларға бей-жай қарамауын, міндеті мен жауапкершілігін сезінуін, тазалыққа, қарапайымдылыққа еркіндікке тәрбиелеу (шешімді болуы, батылдығы, ынталылығы, табандылығы, т.б.), оқушылардың материалдық – тұрмыстық жағдайын біліп отыруы қажет. Шебер осы байқауларды есепке алады, оқушы істерінің жақсы және кемшелік жақтарын белгілейді, кемшіліктерінің себебін анықтап, әрбір оқушының оқыту және тәрбиелеу жұмыстарын жақсарту шараларын жүргізеді. Әрбір оқушыға педагогикалық мінездеме жүргізу шеберге оқу-тәрбие процесін саралап отыруға мүмкіндік береді және жақсы жақтарын дамытуға жағдай жасайды.



  1. Шебердің жалпы мәдениеті. Шебер оқушыларды тек белгілі мамандыққа оқытып қана қоймайды, оларды жан-жақты болуға тәрбиелейді. Оқушыларға шебердің жалпы мәдениетінің деңгейі, жеке тәртіп үлгісі үлкен әсерін тигізеді. Шебердің мәдениеті, білімі, адамгершілігі жоғары болғанда ғана, оның педагогикалық мақсаты тыңғылықты орындалады. Сонымен бірге шебер өз мамандығын басқа оқушылар ынта білдіретін ғылым салаларын да білуі керек (жаңа технологиялар).

Педагогтің мәдени элементтерінің бірқатарына тоқталайық: сырқы көрінісі сөйлеу мәдениеті, педагогикалық тактісі.

Педагогтің эстетикалық тәрбиелі болу керектігін А.С.Макаренко жазған болатын. Шебер адамгершілігімен және ұқыптылығымен оқушыға үлгі болады. Жақсы шебер өзінің кәсіби жұмысына қалай қараса, өзінің сыртқы көрінісіне де солай қарауы тиіс.

Педагогикалық такті – оқу жағдайында әртүрлі мәселелерді шешуге оқушыларға педагогтік әсер етудің маңызды шарты. Шебердің педагогикалық тактісі ұстаздық шеберлігінің бір белгісі болып табылады.

Педагогикалық такті, біріншіден оқушыларға сыйластық білдіру және оларға талап қою, екіншіден, оқушыларға көңіл бөлу, үшіншіден, оқушыларға сенім арту және олардың әс-қимылын үздіксіз бақылап отыру.

Оқушылардың үлгірімі мен тәртібінің қорытындысын шығарып, шешім алуда асығыстықпен бағалау педагогикалық тактімен сәйкеспейді.

Әрбір оқушыға ұқыптылықпен келудегі педагогикалық тактіні оқушылар өте бағалайды. Педагогтің тарапынан ұйымшылдық және шыдамдылық таныту оқушыларға қоятын талапты төмен түсірмейді. Керісінше, тәрбиеленушілердің жіберген қателіктерімен күресуге ұстамды және шешімді болуы керек. Сонда ғана тәрбие жұмыстарының нәтижесі оң болады.




  1. Өндірістік оқытуды жоспарлау және ұйымдастыру

Өндірістік оқытуды жоғары әдістемелік дәрежеде өткізу үшін шебер сабаққа алдын-ала мұқият дайындалады. Жұмыстың озық әдістерін ұйымдастыруды қамтиды.

Өндірістік оқыту сабақтарының негізгі мақсаты – оқушылардың теориялық сабақтардан алған білімдерін тәжірибеде бекіту, оларға компьютерлік бағдарламалармен таныстырып, сол бағдарламалармен жұмыс істеу әдістерін үйрету. Әрбір сабақты тиімді ұйымдастыра отырып, оқушылардың мамандыққа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын тәрбиелеуді көздейді.

Шебер өз пәнін жан-жақты меңгерген жағдайда ғана өз жұмысын дұрыс атқара алады. Оқушы үлгерімінің жақсы болуы оқытушының сабаққа дайындығына байланысты. Шебер мен оқушының түсіністікпен жұмыс жасауы, білім беруі және қабылдауы дидактикалық үдеріс болады. Сондықтан оқытудың дидактикалық қағидаттары, яғни тәрбие, теория мен тәжірибенің байланысы, көрнекілік, оның ғылымилығы, жүйелілігі және саналылығы есепке алынғанда ғана, оқыту үдерісі тиімді болады.

Оқыту кезінде шебер оқушыларды еңбекке баулып, берілген техниканы күтіп ұстауға, еңбек мәдениетіне үйретеді.

Оқыту үрдісінде ғылымилық қағидаттармен бірге жүруі керек, яғни оқытудың мазмұны, түрі және әдісі оқушылардың берген білімді игеру мүмкіндігі мен дайындық дәрежесіне сәйкес болуы керек.

Оқушылардың алған теориялық білімдерін өндірістік оқыту кезінде қолдана алады. Олар әртүрлі бағдарламалармен жұмыс істеу, игеру, сонымен бірге техника қауіпсіздігі негіздерін біліп үйренеді.


  1. Өндірістік оқыту сабағының құрылымы

Сабаққа дайындық кезінде шебер сабақтың әрбір кезеңін жоспарлап, дайындайды. Ол үшін әдістемелік әдебиеттерді оқып, оқулықтардың қажетті бөлімдерін, жаңа техника жетістіктерін қадағалап, оқушыларға берілетін білім әдістемелік және техникалық жағынан жоғары дәрежеде болуы керек.

Шебер сабақтың материалдық-техникалық жабдықтарын алдын-ала дайындауға, оқушылар жұмыс жасаған кезде техника қауіпсіздігін сақтауға, қажетті тапсырмалардың дайын болуын қадағалайды.

Ең алдымен, төмендегідей құжаттарды дайындау керек.



  1. Оқу бағдарламасы.

  2. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар.

  3. Сабақ жоспары.

  4. Міндетті өндірістік жұмыстар тізбесі.

  5. Техника қауіпсіздігі жөніндегі есеп журналы.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспарды оқытушы оқу жоспарына және бағдарламаға сәйкес жасақтайды. Жұмыс орындарында бөлімшелердің ауысу кестесін, жұмыс орнының санын және сабақ кестесін есепке ала отырып жасалады.

Сабақ жоспарын оқытушы күнтізбелік-тақырыптық жоспар бойынша және жұмыс орнының санына байланысты біріктіре отырып, бөліктерге бөліп жасайды. Оның құрылымы төмендегідей болады:



  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. Кіріспе нұсқау.

  3. Кезекті нұсқау, оқушылардың өзіндік жұмыстары.

  4. Қорытынды нұсқау.

  5. Үй тапсырмасы.

Жоспарда техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқау және кіріспе, кезекті нұсқау бойынша берілетін бақылау сұрақтары қарастырылады.

Оқытушы жасалатын жұмыстарға жіберілетін уақыты есепке алып, яғни жұмыс күрделілігіне қарай технологиялық нұсқау парағына өзгертулер енгізіп отырады.

Міндетті өндірістік жұмыстар тізбесінде тақырыптар атаулары, орындалатын жұмыстар мазмұны, сағаты, орындау мерзімі, сапасы көрсетіледі, оқушылардың біліктілігі есепке алынады.

Өндірістік оқытудың оқу бағдарламасының бөлімдері және тақырыптары көлемі бірдей бөліктерге – белгілі бір уақыттың ішінде өтуге есептелген сабақтарға бөлінеді. Өндірістік оқыту сабақтары кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерден тұрады және кіріспе нұсқауды, оқушылардың өзіндік жұмыстары кезіндегі ағымдағы нұсқауды (тапсырманы), қорытынды нұсқауды біріктіреді.

Өндірістік нұсқаулар оқушылардың іс-қимылына бағыт беруді ұйымдастыру үшін негізгі педагогикалық іс-қимыл болып табылады.



    1. 4.1 Кіріспе бөлімді ұйымдастыру

Кіріспе нұсқау өндірістік оқыту бағдарламасы тақырыптарын немесе бөлімдерін үйрену алдында өткізіледі. Оның мақсаты – оқу-өндірістік жұмыстарды тиімді әдістермен саналы орындауға әзірлеу, қателікті ескерту, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді.

Шебер нұсқауды өткен кезде оқушылардың арнаулы технология және басқа пәндерден алған білімдерін пайдаланады. Мұнда теориялық оқу сабақтары қайталанбау керек, бірақ практикалық маңызы бар кейбір сұрақтарды бірнеше оқушылардан сұрап, негізгі теориялық ережелерді, анықтамаларды еске түсірген дұрыс.

Шебердің кіріспе нұсқауының мазмұны төмендегідей болуы мүмкін:



  • Оқушылардың қатысын тексеру, үй тапсырмасының орындалуын тексеру, оқушыларға оқу тапсырмасының мазмұнымен таныстыру, информатика жіне арнаулы пәндер бойынша өткен материалды қайталау;

  • Оқушыларды компьютермен жұмыс істеу талаптарымен таныстыру;

  • Оқу-өндірістік тапсырмаларды орындаудың тиімді әдістерін көрсету;

  • Тапсырманы орындаудың тиімді әдіс-тәсілдерін көрсету және түсіндіру;

  • Оқушыларды техника қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру;

  • Оқушылардың көпшілігінің тапсырманы орындау кезінде қателіктер жіберетін жұмыстарын қайталап көрсету және түсіндіру;

  • Жаңа материалды оқушылардың түсінгенін тексеру мақсатында екі-үш оқушының жұмысын көрсету және тапсырманы орындау әдістернін түсіндіру.



4.2 Негізгі және оқушыларды бағалау бөлімі
Ағымдағы нұсқау – оқу-өндірістік жұмыстарды орындау кезінде оқушылардың іс-қимылына жетекшілік ету. Оқушылардың ағымдағы нұсқауына дайындық кезінде шебер педагогикалық тәжірибесіне сай, белгілі жұмыстарды орындауда оқушылар тарапынан болатын қателіктерді және қиындықтарды ескереді.

Оқу тобының жұмысына жетекшілік жасаған кезде оқушыларды өндірістік тәртіпке, ұқыптылыққа тәрбиелейді. Жұмыс орнын ұйымдастыру және техника қауіпсіздігін сақтауға мұқият көңіл бөлінеді.

Оқушыларға көмек беру үшін шебер жұмыс орнына келіп, олардың жұмыстарын қарайды және қажетті нұсқау береді.

Бірінші айналып өту кіріспе нұсқаудан және оқушыларды жұмыс орындарына орналастырып болғаннан кейін бақылау мақсатанда жүргізіледі. Мұнда шебер оқушылардың жұмысқа түгел кіріскендігін, жұмысты ұйымдастыру және орындау кезінде қиындықтар жоқ екендігін тексереді.

Екінші айналыс кезінде шебер жұмыс орындарының дұрыс ұйымдастырылуын, жұмыс әдістерін, көрсетілген әдістердің игерілу деңгейін және техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауды тексереді.

Келесі аралау оқушылар тапсырмаларды орындау кезінде жүргізіледі. Шебер әрбір оқушының орындаған жұмысын мұқият қарайды. Қателік байқалған жағдайда түзетуге кеңес береді және орындаудың дұрыс әдістерін көрсетеді. Оқушы қосымша сұрақтар беру арқылы өзінің қатесін анықтап, оны түзету жолдарын табуы тиіс. Осындай әдістер оқушылардың ынталылығын және өзбеттілігін тәрбиелеуге әсерін тигізеді. Жұмыстың соңынан оқушылар шеберге орындаған жұмыстарын көрсетеді.

Қорытынды нұсқауда шебер сабақ қалай өтті, оқу тобы және жекелеген оқушылар қандай жетістіктерге жетті, оқушылардың жұмыстарында қандай қателіктер байқалды, келешекте кемшіліктер болдырмау үшін қандай шаралар жасау қажет екенін саралайды.

Аяқталған жұмыстарды бағалау қажет және бағаның неге, не үшін қойылғандығы түсіндіріледі. Жұмыстарды бағалаған кезде шебер орындалған жұмыстың сапасын және орындау мерзімін ескереді.

Өндірістік оқытудың бастапқы кезеңінде, оқу шеберханасында, сабақтың соңында қорытынды әңгіме өткізу әрбір оқушыны жақсы білуге көмектеседі. Мұндай әңгімелер шеберді оқушылармен жақындастырады, ал мұның өзі шебердің топпен алға қарай жұмыс жасауының жақсаруына, тәрбиеші ретінде оның беделін көтерілуіне, ал қорытындысында өндірістік оқытуды және тірбиелеуді тиімді өткізуге септігін тигізеді.

Қорытынды нұсқауда шебер комплексті баға қоюды тәжірибеге енгізеді, бұл тиімді қорытынды береді (теориялық сұрақтарды және өткен материалды білгені үшін, алған білімін тәжірибеде қолдана білуі үшін, тапсырманы дұрыс орындау; техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау; жұмыс орнында белгіленген тәртіпті сақтау; тапсырмаларды норма бойынша орындау тәртібін білу). Мұндай жағдайда оқу-өндірістік тапсырмаларды орындауға оқушылардың қызығушылығы оянады.

Сабақ аяқталған соң, оқушыларға келесі оқу жұмыс жөнінде айтылады және үй тапсырмасын береді.


  1. Қорытынды

Өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіптік әдістемелік даярлықтарын, олардың мамандыққа деген көзқарастарын өзгертіп, теория мен әдістемелік білімдерін арттыру, педагогикалық дағдылары мен шеберліктерін жетілдіру - өскелең заманымыздың өзекті мәселелерінің бірі болып келеді.



Кәсіптік білім беру саласында оқушыларды кәсіби мамандыққа үйрету және тәрбиелеуге өндірістік оқыту шеберлері педагог болып саналады. Оқу процесін жетілдіру, оқушылардың қазіргі кезеңдегі технологиялық процестерді меңгеруі соларға байланысты.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Панфилов С.А. Контроль знаний на ЭВМ. Учебное пособие. Саранск: Морд. Ун-т, 1989.

  2. Балыкбаев Т.О. Педагогические и технические основы формирование студенческого контингента. Монография док. Дисс. Алматы,2001

  3. Нұрбекова Ж.К., Сағымбаева А.Е., Білімді бақылаудың автоматтандыру тәжірибесі. Алматы, 2001




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет