6. НОМИНАЦИЯЛАР БОЙЫНША ЖАЛПЫ КРИТЕРИЙЛЕРІ:
1. «Үздік жас мемлекеттік қызметші»
Мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес;
Жұмыс тәжірибесінде басшылық тарапынан ескерту, қызметтік жаза, сөгіс болмауы керек;
Өзінің кәсіби қызметі саласында елеулі жетістіктері және әлеуметтік-маңызды және қоғамдық жұмысқа айрықша үлес қосқан;
Халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық (қалалық) марапаттар және саяси партиялар, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан соңғы 3 жыл көлемінде алғыс хаттардың болуы қажет.
2. «Үздік жас әскери қызметкер»
Әскери бөлім қызметкерлері, жол полициясы қызметкерлері, төтенше жағдайлар жөніндегі мамандар, полиция қызметкерлері;
Әскери қызметте жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес;
Әскери қызметте басшылық тарапынан ескерту, қызметтік жаза, сөгіс болмауы керек;
Әскери жарғылар талаптарын және нұсқаулықтарды жоғары деңгейде білуі керек;
Соңғы 3 жыл көлемінде ерлігі үшін алғыс, марапатының болуы қажет.
3. «Үздік жас дәрігер»
Медицина саласында еңбек өтілі 2 жылдан кем емес;
Мемлекеттік жастар саясаты аясында ақпараттандыру жұмыстарын белсенді жүргізіп жүрген;
Өз қызметі саласында елеулі жетістіктерге жеткен немесе әлеуметтік-маңызды және қоғамдық қызметке айрықша үлес қосқан
Халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық (қалалық) марапаттар және саяси партиялар, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан соңғы 3 жыл көлемінде алғыс хаттардың болуы қажет.
4. «Үздік жас ұстаз»
Оқу орнында еңбек өтілі 2 жылдан кем емес;
Мемлекеттік жастар саясаты аясында ақпараттандыру жұмыстарын белсенді жүргізіп жүрген;
Өз қызметі саласында елеулі жетістіктерге жеткен немесе әлеуметтік-маңызды және қоғамдық қызметке айрықша үлес қосқан;
Халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық (қалалық) марапаттар және саяси партиялар, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан соңғы 3 жыл көлемінде алғыс хаттардың болуы қажет.
5. «Үздік жас ғалым»
Ғылым саласында дәлелденген ғылыми жұмыстары (патенті бар)
Ғылыми дәрежесінің болуы;
Республикалық, халықаралық ғылыми журналдарда мақалалары жүйелі түрде жариялануы керек;
Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып жүрген;
Халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық (қалалық) марапаттар және саяси партиялар, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан соңғы 3 жыл көлемінде алғыс хаттардың болуы қажет.
6. «Үздік жас спортшы»
Спорттық атақтар мен разрядтың (1,2,3 разрядтар, спорт шеберлігіне үміткер, спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері) болуы шарт.
Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып жүрген;
Халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық (қалалық) марапаттар және саяси партиялар, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан соңғы 3 жыл көлемінде алғыс хаттардың болуы қажет.
7. «Үздік жас журналист»
Журналистика саласында еңбек өтілі 2 жылдан кем емес;
Мемлекеттік жастар саясаты аясында ақпараттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп жүрген;
Қазақстандық журналистиканың даму саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуге белсенді қатысып жүрген;
Өз қызметі саласында елеулі жетістіктерге жеткен немесе әлеуметтік-маңызды және қоғамдық қызметке айрықша үлес қосып жүрген;
Халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық (қалалық) марапаттар және саяси партиялар, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан соңғы 3 жыл көлемінде алғыс хаттардың болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |