8. Конкурстық комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс тәртібі Конкурстық комиссия төраға, хатшы және комиссия мүшелерінен тұрады.
Комиссия төрағасы - Алматы облысы әкімінің орынбасары, хатшы ұйымдастырушы органның өкілі және комиссия мүшелері облыстық басқарма, департамент басшылары, ҮЕҰ жетекшілері, жастар ұйымдарының басшылары, облыстық маслихат депутаттары, БАҚ өкілдерінің редакторлары және басқа да азаматтық қоғам өкілдерінен 21 адамнан кем емес қалыптасады.
Конкурстық комиссия Алматы облысы әкімінің жастар сыйлығына лайықты деген 20 номинация бойынша жеңімпаздарды дауыс беру арқылы анықтайды. Әр комиссия мүшесі жеке дауысқа ие. Комиссия мүшелері тең дауыс берген жағдайда шешуші дауыс төрағаға тиесілі болады.
Комиссияның хатшысы комиссия отырысы болатын күнді алдына ала 3 күн бұрын комиссия мүшелеріне хабарлайды. Отырыстың хаттамасын жасайды. Номинанттардың құжаттарын осы ережеге сәйкес қабылдайды. Құжаттар толық болмаған жағдайда хаттамада көрсетеді.
Конкурстық комиссия мүшелері 20 номинация бойынша жеңімпаздарды анықтау кезінде әр номинантқа жеке дауыс береді. Конкурстық комиссияның мүшелері өз жұмысын бастар алдында міндетті түрде конкурсқа қатысушылармен «мүдделер қақтығысының» жоқтығы туралы жазбаша хабарламаға қол қояды. Конкурстың барлық ережелері талаптарының сақталуына жауап береді.
Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысын жинаған үміткер өз саласы бойынша жеңімпаз атанады.