2-бөлім. Білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сай ұсақ жанрлармен таныстыру.
Мақал-мәтелдер. Жұмбақтар. Жаңылтпаштар. Санамақтар. Диалог түріндегі қысқа мәтіндер. Өлең шумақтарының үзінділері. Ұйқасын тауып өлеңді аяқтау тапсырмалары.
3-бөлім. Теориялық білімді практикамен ұштастыруда қарастырылған балалар жазушыларының шығармалары.
«Торғай» (р дыбысының оқылуына арналған). ТорайғыровС. «Қараңғы қазақ көгіне...»(екпінге байланысты). « Қияр мен капуста», дауыс ырғағына байланысты. «Қасқыр мен кірпі», «Мақта қыз бен мысық», (Үзіліс). «Бал араның жыры» . Мысал өлеңдер, «Шегіртке мен құмырсқа»(екпін мен тембрге байланысты).
4-бөлім. Мәнерлеп оқу курсының практикалық, бөлімінде үйренгенін көрсету, қолдану.
Бейнефильм көру, өзінің көзқарасы, сипаттауы. Өлең ұйқасын шығару. Өздерінің шығармашылықтарының жинақтары. (көрме). Мәнерлеп оқу: «Менің сүйікті өлеңім, сүйікті ертегім». Презентация. Қойылым көрсету.
Курстың ерекшелігі, әр берілген теориялық білім практикамен ұштасып отырады. Мысалы, балаларды бір күнгі сабақта, белгілі бір теориялық ұғыммен таныстырылса, оған практика жүзінде әдеби жанрлармен жұмыс жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |