«Бекітемін»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым вице-министрі
______________ М.Н.Сарыбеков
«___»_________________2012 ж.
Тест спецификациясы
1. Тест тақырыбы: Педагогика және психология негіздері блогы бойынша мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және қосымша білім беру қызметкерлеріне арналған тест.
2. Мақсаты: Тест Қазақстан Республикасы аумағында білім беру қызметін жүргізетін педагогикалық қызметкерлерді аттестаттауға біліктілікті тестілеу өткізу үшін құрастырылған.
3. Міндеттері: Педагог қызметкерлердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау.
4. Тест мазмұны:
Тест тапсырмалары «Педагогика» және «Психология» пәндерінің негізгі бөлімдерінің мазмұнын қамтиды.
№
|
Тақырып
|
№
|
Тақырыпша
|
Тапсырманың тестідегі орны
|
Қиындық деңгейі
|
1
|
Тәрбие теориясы және әдістемесі
|
01
|
Тәрбие процесінің мәні
|
1
|
C
|
02
|
Тәрбие принциптері
|
2
|
В
|
03
|
Тәрбиенің негізгі бағыттары
|
3
|
В
|
04
|
Тәрбиенің әдістері
|
4
|
В
|
05
|
Ұжым – тәрбие объектісі және субъектісі
|
5
|
В
|
2
|
Дидактика
|
01
|
Оқыту процесінің мәні
|
6
|
С
|
02
|
Оқыту принциптері
|
7
|
В
|
03
|
Білім беру мазмұны
|
8
|
С
|
04
|
Оқытудың әдістері
|
9
|
В
|
05
|
Оқытуды ұйымдастыру формалары
|
10
|
А
|
06
|
Қазіргі кездегі оқыту технологиялары
|
11
|
А
|
3
|
Оқыту процесін ұйымдастыру және басқару
|
01
|
Мұғалімдердің сабаққа дайындығы. Оқыту процесін педагогикалық талдау және рефлекция
|
12
|
В
|
02
|
Мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеті
|
13
|
А
|
4
|
Жалпы психология
|
01
|
Тұлға психологиясы: тұлға теориясы, тұлға құрылымы, ұжымдағы тұлға аралық қатынас
|
14, 15
|
А, В
|
5
|
Педагогикалық психология
|
01
|
Оқыту психологиясы
|
16,17
|
В,С
|
02
|
Тәрбие психологиясы
|
18
|
В
|
03
|
Педагогикалық қызметтің психологиясы
|
19,20
|
А,В
|
Тест тапсырмалары 3 қиындық деңгейінен тұрады.
Бірінші деңгей (A) - 5 тапсырма;
Екінші деңгей (B) - 11 тапсырма;
Үшінші деңгей (C) - 4 тапсырма.
5. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Тәрбие теориясы және әдістемесі. Тәрбие процесінің мәні: тәрбие ұғымы, тәрбие мақсаты, тәрбие принциптері. Тәрбиенің негізгі бағыттары. Тәрбие әдістері. Ұжым-тәрбие объектісі, және субъектісі.
Дидактика. Оқыту процесінің мәні. Оқыту принциптері: көрнекілік, ғылымилық, саналылық және белсенділік, жүйелілік және бірізділік, шамаға лайықтық, беріктік, жас және дара ерекшеліктерді ескеру. Білім беру мазмұнын анықтау. Тұжырымдамалары білім беру мазмұны деңгейлері. Білім беру мазмұнын анықтайтын құжаттар. Оқыту әдістері. Оқытуды ұйымдастыру формалары. Қазіргі кездегі оқыту технологиялары.
Оқытуды бақылау: әдістері, түрлері және формалар. Мұғалімдердің сабаққа дайындығы. Мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеті.
Жалпы психология. Тұлға психологиясы. Тұлғалық қасиеттер. Индивидтік, даралық. Тұлға қабілеттілігі, дарындылық, данышпандық. Педагогикалық қарым-қатынас ерекшеліктері. Тәрбие психологиясы.
Педагогикалық қызметтің психологиясы. Оқытушы, мұғалімнің кәсіби маңызды психологиялық қасиеттері. Педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық қамтамасыз етілуі.
6. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Тестінің бір тапсырмасын орындап шығуға белгіленген уақыт –2 минут. Тестінің толық орындалу уақыты – 40 минут.
7. Нұсқалар мен тапсырмалар саны:
Тест нұсқаларының баламалылығы:
- тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;
- өзара ауыстыруға келетін тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларда бір орында келуімен;
- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады. Бір тестіде 20 сұрақ.
т8. Тапсырмалар формасы:
Берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.
Нұсқау: «Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».
9. Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:
Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін- 1 балл. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмасы толығымен дұрыс орындалған уақытта 20 балл алады.
10. Ұсынылған әдебиеттер тізімі:
1. «Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы» Қоянбаев Р.М., Ыбырайымжанов Қ.Т. / Түркістан, 2005 ж.
2. «Педагогический словарь» (русский, казахский). Все издания. Коджаспирова Г.М., Коджаспиров А.Ю. Барлық басылымдары.
3. «Педагогикалық психология» Зимняя И.А. (аударған Құсайынова М.) / Актау, 2007 ж.
4. «Психология» Жарықбаев Қ.Б. / Алматы, Барлық басылымдары.
5. «Жалпы психология». Алдамұратов Ә. / Алматы, 1996 ж.
ҰТО директоры Қ. Әбдиев
Достарыңызбен бөлісу: |