Қажетті құралдар мен жабдықтар: Микроскоп, зат, жабын шынылары, тамызғыш, шыны таяқша, сіріңке, спирт шамы, самырсын майы, көк метилен бояуы, бұршақ тұқымының шіру бактериясы, жылқы қиының тұнбасы.
Жұмысты орындау реттілігі: Қи немесе пішен бактериясы. Көпшілік сапрофитті бактериялар қи тұнбасында жақсы дамиды. Сабақтан 5 жыл бұрын жаңа жылқы қиын не ұсақталған астық тұқымдасының сабағын жылы суға салып, қыздырады да ерітіндісін сүзіп, түтік шыныға құйып, бетін мақтамен жауып қыздырады, содан кейін оны жылы жерге қояды. 4-5 күннен кейін ерітінді лайланып, оның жоғарғы жағында ақшыл жұқа қабық пайда болады.
Қи тұнбасының бірнеше тамшысын не пішен тұнбасындағы жұқа ақ қабығының кішкене бөлшегін алып зат шынысына салып, жабын шынысымен жауып, дайындаған препаратты алдымен микроскоптың кіші, кейін үлкен көрсеткішімен қарайды. Олардың пішініне, қозғалысынакөңіл аудару қажет.
Бұршақ тұқымының шіру бактериясы. Сабақтың басталуынан бір апта бұрын шыны ыдысқа суланған бұршақ тұқымын салып 2-3 күннен кейін бұршақ бөрте бастайды. Осы уақытта оның үстіне қайнаған жылы суды тұқым батқанша құйып, ыдысты мақтамен жабады. Бірнеше күннен кейін ыдыстағы су лайланып, көпіршіктенеді. Бұл ерекше бактериялардың әсерінен бөлініп жатқан май қышқылды ашу процесі. Ашыған сұйықтан препарат жасап, оны микроскоппен қарап, одан таяқша бактериясын тауып, оның қозғалысына көңіл аударып, суретін салу керек.
Тістің жұғын бактериясы. Азу тіс жағынан сіріңкенің шиімен тіс жұғынын алып, зат шынысына жағады да, оны спирт шамына кептіреді. Бұл жағдайда бактериялар өліп, әйнекке жабысып қалады. Кепкен жұғынға шыны таяқшамен метилдің көгілдір ерітіндісін тамызып, оны тағы кептіреді. Осы уақытта әйнекке жабысқан бактериялар боялады. Жұғынның және бояудың артығын тамызғыш шыны арқылы жауып, кептіреді.
Дайындалған препаратқа самырсын майын тамызып, жабын әйнегінсіз микроскоптың көмегімен қарайды. Тіс жұғынындағы коккоидты, вибрион мен бацилла бактерияларын қарап, олардың суретін салыңыз.
Жіптесінді кладотрикс колониясы. Сабақтың басталуынан бір жұма бұрын петри шынысына не басқа шыны ыдысқа аздаған бөген не батпақ суын құйып, оған күзде жерге түскен бірнеше жапырақты салады, аздаған күннен кейін судың жоғарғы бетінде түссіз жұқа қабыршаұ пайда болады. Қабыршақтың кішкене бір бөлігін инемен зат әйнегіне салып, препарат дайындайды. Оны микроскоптың үлкен көрсеткішімен қарап, дихотомиялы бұтақтанған жіпшелерге көңіл аударып суретін салыңыз.
Сүт бактериялары. Сүт-тек сүтқоректілер үшін ғана қоректік зат болып есептеледі. Малды сауғанда, сүтті әрі қарай өңдегенде, оған шартты түрде сүтті ашытатын сүт қышқылды бактерия түседі. Сүт бактериялары ауруды қоздыратын бактерияларды жою үшін сүтті пастеризациялайды. Бұл жағдайда сүт бактериялары өлмейді. Сүттің температурасы -15-30С жағдайында Streptococcus lactis басым болуымен қатар, басқа көптеген стрептококка мен басқа бактерияларда болады. Ал температура +30-40С жағдайында қозғалмайтын әрт.рлі Lactobacillus бактериялары басым келеді. Стрептококкалар мен лактобациллалар сүттің қышқылдығын тудыратын сүт қышқыл бактериялар қатарына жатады. Lactobacillus таяқша формалы келеді, олар бір-біріне оңай жабысып, ұзын тізбек құрайды. Streptococcus lactis клеткалары шар тәрізді тізбек құрап қозғалмай жатады. Сүттегі бактерияларды анықтау үшін екі шыны колбаға 100 граммнан сүт құйып, оның бірін 24, екіншісін 48 сағат үй температурасы жағдайында сақтайды. Уақыт жеткеннен кейін микроскоп арқылы қарап, қайсысында сүт қышқылды бактериясы болғанын дәлелдеу қажет. Суретін салыңыз.
Жіптесінді- Beggiatoa бактериясы күкіртті сутегіне бай ақпайтын суларда болады. Беджиота бактериясын дайындау үшін су өсімдіктері мол лас күкіртті сутегінің иісі шығып тұрған судан аздаған лайды қоса алып оны литрлік шыныға шөбімен қоса салып қояды. Қолайлы жағдайда 2-3 унде судың бетіне ақ түсті жұқа қабықшада пайда болады. Жұқа қабықшаның кішкене бөлімін алып, микроскоптың үлкен көрсеткішімен қарап, одан тарамдалмаған жіптесінді беджиота бактериясын көресіз, суретун салыңыз.