Бақылау сұрақтары: Бактериялардың формасы, пішіні, көлемі?
Бактерияның клетка құрылысының ерекшелігі мен клетка қабығының құрамы қандай?
Бактериялар қалай көбейеді? Спора қандай қызмет атқарады?
Бактерияларда қандай пигменттер болады? Аэробты және анаэробты бактериялар деп қандай бактерияларды айтады.
Ашу мен шіру процестерінің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?
Бактериялардың табиғаттағы, зат айналым прцесіндегі маңызы неде?
Қандай бактерияларды патогенді деп атайды? Адамдарда, жануарларда, өсімдіктерде бактриялар қандай ауруды қоздырады? Оны қалай атайды?
Бактерияларды адам қандай шаруашылықта пайдаланады?
Актиномицеттердің қандай ерекшелігі бар? Олар қалай көбейеді және қандай маңызы бар?
Хемосинтез және фотосинтез процестері бактерияларда қалай жүреді және қандай айырмашылықтары бар?
Бактерияларда ядро болама, болса қай класына тән?
Спирохеттер мен актиномицеттердің ұқсастығы мен айырмашылықтары қандай?
Тапсырмалар: Қи не пішен тұнбасынан және бұршақ тұқымының шіру бактерияларынан препараттар дайындап, олардың айырмашылықтарын анықтаңыз.
Таяқша және шар пішінді бактерияларды салыстырып, айырмашылықтарын көрсетіңіз.
Жіптесінді кладотрикс- Cladothrix колониясы, көп клеткалы Темір бактериясы- Лептотрикс- Leptothrix, Күкірт бактериясы-Беджиоталардың препараттарын дацындап, айырмашылықтарын анықтаңыз. Кладотрикс пен беджиоталарды салыстырып, оның суретін салыңыз.
Сүтқышқыл бактериясын қарап, одан стрептококкалар мен лактобактерияларды тауып анықтаңыз.
Пайдаланылған әдебиеттер: Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С., Бегенов А.Б. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. Алматы, 2001.
Аметов А.А. Ботаника. Алматы, 2000.
Абдрахманұлы О. Өсімдіктер систематикасы.Төменгі сатыдағы өсімдіктер.Алматы, 2003
Рысмамбетова Ғ.М. Өсімдіктер систематикасы. Қыналар. Түркістан,2010
Рысмамбетова Ғ.М. Өсімдіктер систематикасы. Балдырлар. Түркістан,2010