Бекітемін «Дене шынықтыру» кафедрасының меңгерушісі Т. С. Иматалиев тамыз 2019 ж. Силлабус
Бекітемін «Дене шыны тыру» кафедрасыны ме герушісі Т. С. Иматал
2. Курс мақсаты: Сәтбаев университеті студенттерінің дене тәрбиесінің мақсаты болып жан-жақты дамыған жеке тұлғаны және дене шынықтыру мен спорттың әр түрлі әдістерін денсаулықты нығайту мен сақтау үшін, болашақ кәсіптік қызметіне дайындық барысына психофизикалық дайындық пен өзін-өзі дайындауда қолдану қабілеттілігін қалыптастыру. 3. Курстың сипаттамасы: Міндеттері: Қойылған мақсатқа жету үшін келесі білім беру, тәрбие және сауықтыру жұмыстары міндеттерін шешуді қарастырады: жеке тұлғаны қалыптастырудағы және болашақ кәсіптік қызметіне дайындықтағы дене тәрбиесінің әлеуметтік рөлін түсіну; дене шынықтырудың, салауатты өмір салтының ғылыми-биологиялық және практикалық негіздерін білу; дене шынықтыруға уәжденген көзқарасты қалыптастыру, салауатты өмір салтына бейімдеу, тәндік өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу, түрлі шынығу жаттығуларымен және спортпен жүйелі шұғылдануды қажетсінуді тәрбиелеу; денсаулықты сақтайтын және нығайтатын практикалық шеберлік пен дағдылардың жүйесін меңгеру, психикалық қалыптылық, жеке тұлғаның қасиеті мен ерекшелігінің, психофизикалық қабілеттілігінің дамуы мен жетілуінің дамуын, дене шынықтыруда өзінің орнын белгілеу; студенттің болашақ кәсібіне психофизикалық дайындығын анықтайтын жалпы және кәсіби-қолданбалы дене дайындығын қамтамасыздандыру; өмірлік және кәсіби максаттарына жетуге қажетті дене шынықтыру-спорттық қызметтің творчестволық тәжірибе жинақтау; спорт түрлерінің ережелері бойынша төрешілік етуге бейімдеу; спорт түрлерінен разрядтары бар спортшыларды анықтау; арнайы медициналық топ студенттерінің жұмыстарын қалыптастыру. жүктеу/скачать 119,49 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |