Пәнді өту кезіндегі алған білімдері: студент дене шынықтыру және спортпен шұғылданғанда морфофункционалды бақылау және өзін-өзі бақылауды жүзеге асыру, физикалық жүктемені мөлшерлеу және оның бағытын ажырату бойынша білім алады.
Пәнді өту кезіндегі алған дағдылары мен ептіліктері (кәсіби, басқарушылық, коммуникативтік …):студенттер денсаулықты сақтайтын және нығайтатын практикалық шеберлік пен дағдылардың жүйесін меңгереді, психикалық қалыптылық, жеке тұлғаның қасиеті мен ерекшелігінің, психофизикалық қабілеттілігінің дамуы мен жетілуінің дамуын, дене шынықтыруда өзінің орнын белгілей алады; кәсіби-қолданбалы дене дайындығы саласынан білім алады; өмірлік және кәсіби максаттарына жетуге қажетті дене шынықтыру-спорттық қызметтің творчестволық тәжірибе жинақтайды.