Бекітемін: Әдіскер:________Муханбеталиева Л.Б. Пәні: Өзін – өзі тану
«Қашықтықтан оқыту» Күні:28.09.20ж
Тәжірбие жинақтаушы: Қайратқызы А.
Сынып: 1
Тақырып: Тәртіп пен парыз (1-сабақ)
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: адалдық, тәртіптілік, жауапкершілік
Сабақтың мақсаты: оқушыларға тәртіп пен парыз ұғымдарының мәнін ұғындыра отырып, дұрыс әрекет құндылығының маңызын ашу. Сабақтың міндеттері: Білімділік:оқушыларға тәртіп пен парыздың маңызын түсіндіру арқылы адалдық қасиетін ұғындыру. Дамытушылық: оқушылардың тәртіп пен парызға қатысты дұрыс әрекеттерін баулуда жауапкершілік қасиетін дамыту. Тәрбиелік:оқушыларды айнала қоршаған ортаны құрметтей отырып,адал,тәртіпті, жауапкершілікті болуға тәрбиелеу.
Ресурстар (материалдар, дереккөздер)
Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңi -Сәлеметсіңдер ме,балалар!
-Көңіл-күйлерің қалай?
-Өздеріңді қалай сезініп түрсыңдар?
Т – ережесі:
Тәртіп.
Талап.
Тыныштық.
Тазалық.
Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.