Әңгімелеу(Мұғалімнің сыйы)
«Табиғат байлығы»
Ертеде бір қарияның үш ұлы болыпты. Өздерінің әкесін қатты жақсы көретіні соншалық,қарттың ұзақта сау өмір сүруін армандап,оның жолын қайдан табамыз деп, ұзақ кеңесіпті.
Әрі ойланып,бері ойланып, ақырында ел арасынан денсаулықтың мекенін іздемекші болыпты.
Үлкен ұлы денсаулықтың мекенін табиғаттың «Саялы орманынан» ,ортаншы ұлы денсаулықтың мекенін табиғаттың «Таза көлді»елінен, ал кіші ұлы «Көрікті жер» елінен кездестіріпті.
Ұлдарына дән риза болған қария ,үш ұлыныңда еліне кезек-кезек барып тұрыпты.
Қария бақыттыда ,баянды ,ұзақ ғұмыр кешіпті.
Сұрақ: - 1.Қарияның ұлдары денсаулықтың мекенін қайдан тауыпты?
2.Ұлдар денсаулық мекенін неге іздеді?
3.Қарияның ұлдары қандай деп ойлайсыңдар?
Қорытынды: Олай болса таза ауа, таза су,саялы орман, көрікті жер адам денсаулығын сақтауға көмектеседі.Сондықтан табиғатқа әр уақытта қамқорлық жасау керек.
|