Тапсырма: Осы жағдай жөніндегі сіздің пікіріңіз?
42. Дәрігер терапевт қабылдауында асқазан-ішектік сипаттағы проблемалармен зағип науқас. Дәрігер әдеттегіден дауыстап сөйлейді, үстелдің арғы жағында отыр, кушеткада науқасты жылдам қарап, қайтадан әңгімелесуді жалғастырып, жазып отырып өз үстеліне отырды.
Тапсырма: Берілген мысалдағы коммуникативті үрдіске баға беріңіз.
43.Дәрігермен әңгімелесу кезінде – науқас тітіркенгіш, сөзшең, белсенді жестикулирлейді, осылайша өзінің көптеген және пайдасы жоқ тексерулер мен тағайындауларға қанағаттанбайтынын айтады. Дәрігер науқастың айтқан әр сөзіне түсініктеме беруге, тағайындалған тексерулердің маңыздылығын және қажеттілігін түсіндіруге тырысады.
Тапсырма: Науқастың жағдайына баға беріңіз және дәрігердің әрекетін негіздеңіз?
44. Дәрігерлік шолуда/врачебный обход/ науқас әйел алдағы операция, операцияның қажеттілігі, нәтижесі жөнінде ойлап, түні бойы ұйықтамағанына шағымданды. Дәрігер науқасты тыныштандыруға тырысып, барлығы жақсы болатынын айтып, дәрігерлерге сену керек, операция жасайтын хирург өте тәжірибелі екенін айтты.
Достарыңызбен бөлісу: |